Басы
|
Сапқа тұру, сәлемдесу.
Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын
түсіндіру.
Орнындағы бұрылыстар: «Оңға», «Солға»,
«Айнал»
Жүру жаттығулары:
Жай
жүріс. Спорттық жүріспен жүру
Аяқтың ұшымен жүру (екі қол
жоғарыда)
Өкшемен жүру (екі қол белде)
Аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру (қол
белде)
Жартылай ,толық отырып жүру (қолды алға созу, қол
тізеде)
Жүгірудің түрлері:
1.
Баяу, бірқалыпты жүгіріс
2.
Тіркеме адыммен (оң , сол жақпен)
3.
Тізені жоғары көтеріп жүгіру
4.
Балтырды артқа сермеп жүгіру
5.
Бүгілген аяқты алға , ішке сермеп жүгіру
6.
Бүгілген аяқты артқа , сыртқа сермеп жүгіру
7.
Жай жүріс
8.Демді қалпына келтіру
Жалпы дамыту жаттығуларын
орындау
|
Оқушы өз жұбын
табады
Әдіс арқылы
қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
ҚБ: Бірін-бірі
бағалау
|
Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос
кеңістік.
Мұғалімге арналған
ысқырғыш
|
Ортасы
|
Жаңа сабақ:
Қозғалмалы ойындар.
«Жаяу көкпар» — ұлттық
ойын.
Бұл ойын спорт залда, жазды
күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50—60 метр,
көлденеңі 25—30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне
және оң жақ алаңның бір шетіне шеңбер сызамыз. Бұны «Қазандық» деп
атайды. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа
бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды төреші
ысқырық арқылы бастайды. Көкпарға доп қолданамыз. Төрешінің берген
ысқырығы бойынша ойын басталады.
1-тапсырма: –Екі топтың
ойыншысы ортада жатқан допқа (яғни көкпарға) қарай жүгіріп кім
бірінші жеткен топ өзерінің ойыншыларымен бірігіп қарсы топтын
қазандығына салу керек. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке
келеді. Ал қарсы топ,қорғанып салдырмауға тартып алуға тырысады.
Көкпармен бірге алда жүгіріп бара жатқан ойыншы мәре сызығына қарай
жақындайды. Қай топ көкпарды қазандыққа бірінші тастаса сол топ бір
ұпай алады да ойын төреші арқылы көкпарды ортадан бастайды.
Ойыншысы бірінші болып көкпарды жеткізген топ жеңімпаз
атанады.
Мақсаты:
Ойын барысында оқушылар «көкпарды» ұстап алу
бойынша стратегия мен тәсілдерді қолдану қажет. Жүгіріп бара жатып
допты қазандыққа салу.
Дескрипторы:
Оқушылар ұсынылған жаттығу өрнектерін топтарда
талқылау және талдау мен баға беру.
2-тапсырма: – Ойынға
қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп,
өз тобының «Қазандыққа» бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ
белгіленген межелі жерден шығуға болмайды . Егер белгіленген межелі
жерден шықса, көкпар ортаға жеткізіледі , көкпарға таласу төреші
арқылы басталады.
Мақсаты:
доппен жұпта ойнау, қолдарынан ұстасып, алаң
бойынша қозғалу қажет. Жұптың мақсаты – «көкпарды»
«қазандыққа»салу,лақтыру.
Дескрипторы:. Қарсылас топ
қарсыластардың жолын жауып, қарсылас топтың «қазандыққа» өтуге
мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы
қажет.
Қауіпсіздік
ережесі: қатысушыны ұруға, арқасынан
итеруге, бір біріне деген басқыншылық әрекетті қолдануға
болмайды
Сұрақ-жауап:
Қай әдіс-тәсіл бір-бірімен жақсы үйлеседі?
Ойыншының арасынан дұрыс өтуді қалай орындау
керек?
|
Оқушылар тақырыпқа сай
берілген түсініктерді дамыту арқылы, тапсырмаларды
орындайды
ойын ережесін
көрсетеді
Оқушылар топтық тапсырмалардың
әр түрлі жағдайда негізгі қозғалыс дағдыларын талқылай отырып
түсіндіреді.
ұлттық ойындардар туралы өз
ойларын жеткіздеді асық, құрсау, қоржын, тоғызқұмалақ, атсырау,
тұздық, отау
бес тас, ақ сүйек, теңге ілу
т.б.
Адал ойындағы адамгершілік
құндылықтары туралы шағын топтарда
талқылау.
|
ҚБ: бірін-бірі
бағалау
ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен
бірін-бірі бағалау
|
Әрбір әрекет түріне арналған
үлкен, бос кеңістік.
Мұғалімге арналған ысқырғыш,
волейбол добы
|