Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қозы Көрпеш Баян сұлу 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытылуы орыс тіліндегі сыныптарға арналған 8 сынып бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТІРЕК - КОНСПЕКТ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ БОЙЫНША


Әзірлеген:

11 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жошибаева Гульзат Джумабеко

Пәні:

қазақ тілі мен әдебиеті

Сынып: 8 (Т2)

IІ1 тоқсан

Сабақ № 1

Тақырып:

Ұрпақ тәрбиесі-ұлағатты іс

Бөлім:

Қызым – жағадағы құндызым, Ұлым – аспандағы жұлдызым

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры (үзінді).

Ресурстар:







Сабақтың мақсаты:

Оқулық: Г.Қосымова, А.Сатбекова, Е.Арын, К.Рахимжанов

Алматы «Мектеп», 2018 ж. 109- бет.

Қосымша материалдар : https://www.youtube.com/watch?v=_JuI9BS__vI

8.2.5.1 Пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

Бағалау критерийі:

Сұрақтарға жауап береді;

Өз ойын білдіре алады

Сұрақ-жауап

Оқушылар халық даналығымен танысып, ой бөліседі.

«...алты жасқа дейін хандай көр, алты жастан құлыңдай жұмса, 16 жастан кейін сырласыңдай көр» деген халық сөзі кімнің тәрбиесіне қатысты айтылған деп ойлайсыздар? Оның мәнін қалай түсінесіздер?



Баланы 13 жастан отау иесі болуға дайындаған

Халқымыз 12-15 жасынан бастап, ер баласына алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттер барын мақал-мәтелдермен ескертіп отырған. "Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық", "Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт", "Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар" деп шамдандыратын. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" деген.

Қазақ "ер баланы алты жасқа дейін хандай көр, алты жастан құлыңдай жұмса, 16 жастан кейін сырласыңдай көр" деп, жасына қарай тәрбие берген. Сөйтіп ұл баланы 13 жасынан бастап отау иесі болуға дайындаған. Өйткені қазақ салтында ұл бала 13 жасында балиғат жасына жеткен болып саналатын. Сондықтан ата-ана, бауырларының алдында жауапкершілікті санасына сіңіре бастаған.


Үш сөзбен берілген тәрбие

Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген: Ұят болады. Жаман болады. Обал болады.

Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, жаным арымның садағасы дегені.

Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр, жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді дегені.

Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін, ешкімге көлеңкең түспесін дегені.


Жас ерекшеліктері

Ер баланың жеті жас пен он жас аралығын "қозы жасы" деп, бұл жастағы балаларға әр түлік мал мен оның төлдерінің бөгенайын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын қойған.

10-нан 20-ға дейінгі жасты "қой жасы", "қотан жасы" деп атап, осы он мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға қойдың қырық қайырымын білу, астық жинаудың "ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау" сияқты алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау, сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған.

20 -дан 30-ға дейінгі жасты "жылқышы жасы" деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел, жер танып, жылқының жиырма қасиетін біліп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын қасиеттерді бойына сіңіруді, батыл да батыр болу талабын қояды.

Бұл тәрбие ұл баланың отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін жоғарылатады. Сонымен қатар намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып қалыптасуына жол ашады деп түсінген.


Әр оқушы мәтіндердің мазмұны бойынша екі «жуан», екі «жіңішке» сұрақ құрастырып, диалогке қатысады.



Рефлексия






Рефлексия.

«Күзгі жапырақтар» рефлексиясы арқылы сабақты бекіту. Жасыл жапырақтарға сабақты толық түсінген оқушылар жазады. Сары жапыраққа жартылай түсінген оқушылар, ал қызыл жапыраққа сабақ барысын түсінуде қиналған оқушылар жазады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2021
1076
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12