Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚР бизнес ахуалдарын жақсарту шаралары

Материал туралы қысқаша түсінік
кәсіпкерлікке қызығушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

жасаған: Кушербаева Балсая



мақала тақырыбы:

ҚР бизнес ахуалдарын жақсарту шаралары

Кіріспе

Бизнес дегеніміз не?

Қазақстанда бизнес бастаушыларға қандай көмек беріледі және ҚР бизнес қарқындауын қарастырып кетеміз.

Бизнес немесе кәсіпкерлік дегеніміз жәй тілмен айтқанда адамның өзінің ойын іске асыру арқылы пайда табуға бағытталған іс-әрекетті мен амалы. Бизнес - нарықтық экономикадағы негізгі кәсіптердің бірі, қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының қайнар көзі. Өндірістік, коммерциялық, консалтингтік, банктік және басқа қызмет салаларын қамтиды.

Қазіргі таңда ҚР алға ұмтылушы азаматтары бизнес ашуға талпынады, ал мемлекет өз кезегінде елдің дамуы үшін өз көмегін беруге тырысады. Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіпкерлік белсенді, тәуелсіз, өз атынан, тәуекелге бас тігумен, мүліктік жауапкершілігімен, жеке және заңды тұлғалардың пайда табуға бағытталған қызметін жүзеге асыратын серпінді дамуға ие болды. Кәсіпкерлік қоғамдық қатынастардың көрінуінің нақты формаларының бірі ретінде қоғамның материалдық және рухани әлеуетінің артуына ықпал етеді, әр адамның қабілеті мен талантын іс жүзінде жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды, ұлттың бірлігіне әкеледі деген ой қалыптасады.

Бүгінде көптеген адамдар өндірісті, нарықты, демек, бүкіл қоғамды дамытуға итермелейтін кәсіпкерлік екенін түсіне бастады. Шет елдер кәсіпкерлердің арқасында өркендейді, ал кәсіпкерлер - өз мемлекеттерінің қолдауының арқасында дамуға мүмкіндік алады. Бірақ, қазіргі кезде Қазақстандағы кәсіпкерлік айтарлықтай қиындықтарды бастан кешірсе де, ол қазірдің өзінде орын алған факт, яғни бұл проблемалар мен қиындықтарды шешуге болады.

Оның шешімдері мен амалдарын жан жақты қарастыру шаралары әрдайым жүргізіліп отырады.

Мысалы, соңғы жаңалықтарды айтатын болсақ, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бойынша қосымша шаралар кешені қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидың айтуы бойынша:

«Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бойынша қосымша шаралар кешені қабылданды, оған 4 бағыт бойынша 24 іс-шара кіреді: бизнеске ауыртпалықты азайту, қаржыландыруға, нарыққа сұраныс пен сапалы кадрларға қол жетімділікті кеңейту. Іс-шаралар кешені қалпына келтіру динамикасын және жаңа экономикалық шындық жағдайында іскерлік белсенділікті ынталандыратын экожүйені қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді »

Бұл дегеніміз миллиондаған кәсіпкерлер қолдауға ие болуы мүмкін, ал үш милионнан астам адам жұмыспен қамтылады деген сөз.

Енді, негізгі тақырыпқа келетін болсақ, бизнес ахуалдарын жақсарту шаралары.

Ең жақсы жаңалықтардың бірі болып «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы екені мәлім. Ол Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсатына келетін болсақ, бұл экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Біріңғай бағдарлама 4 бағытты қамтиды:   

Бірінші, моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау бағыты бойынша:

Бірыңғай бағдарламаның екінші бағыты бойынша өңдеуші өнеркәсіптің басым салалары шеңберінде экономиканың басым секторларында жүзеге асырылуда.

Бірыңғай бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты бойынша мемлекеттік қолдау:

  1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

  2. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау.

  3. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

  4. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

  5. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру.

  6. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде банктер беретін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру.

  7. Мемлекеттік гранттар беру.

  8. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту.

  9. Индустриялық аймақтар құру.

Үшінші бағыт бойынша шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредитте өзгеруін болдырмау үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валюталарда субсидиялау жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаның үшінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын ұсынуды көздейді:

Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын және кәсіпкер қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы алты айдағы ақшалай түсімнің жалпы көлемінен кемінде 10 % мөлшерінде валюталық түсім алатын кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары бола алады.

Төртінші бағыт жеке кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік  қаржылық қолдау көрсетуді көздейді.

Мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсету:

  1. "Бизнес-Насихат" компоненті бойынша мемлекеттік қолдауды түсіндіру.

  2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру.

  3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру.

  4. Кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту.

  5. Мамандардың, кәсіпорындардың топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру.

  6. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті жүргізуге сервистік қолдау көрсету.

  7. Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алуға консультация беру.

  8. Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін және энергия үнемдеуін арттыру бойынша сырттан консультанттарды тарту.

  9. Кәсіпорындардың технологиялық дамуы.

  10. Шетелдік серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату.

Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шараларды кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталануды жою, ережелерді және талаптарды оңайлату, оңтайландыру, белгіленген тәртіптер мен ережелерді автоматтандыру мынадай қағидаттарды сақтай отырып іске асыру.



Бұл тек несиелік жеңілдендіру бойынша насихатталған шаралар, енді салықтық ынталандыру бойынша қабылданған шараларға келетін болсақ:

Тексерулерді қысқарту бойынша қабылданған шаралар:





Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін кәсіпкерлердің "адалдық" презумпциясы қолданыста. Бұл заңнамадағы әр түрлі түсініктерді адал кәсіпкерлердің пайдасына қолдануға мүмкіндік береді.

Осы секілді Қазақстанда қабылданған кәсіпкерлік жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар мен кешендер сан түрлі. Жарқын болашақ үшін жасалып отырған шараларды қолдауға барлық ерекше жастарды шақырғым келеді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2021
469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12