жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚР Конститутциясы – конститутциялық құқықтың негізгі бастауы
Конститутциясы – конститутциялық құқықтың негізгі бастауы
Жоспар:
-
Конституциялық құқық ұғымы
-
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
-
Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі
1 – сұрақ. Конституциялық құқық ұғымы.
Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.
Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
-
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
-
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
-
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:
Конституциялық құқық әдістері, конституциялық құқық қатынастарын ретеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде мыналарды ажыратады:
1. Міндеттеу әдісі. Мемлекеттік органдарға, сол сияқты жеке тұлғаларға қатысты олардың қызметінің бүкіл аясында қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 6, 18–баптары).
2. Тыйым салу әдісі. Басым түрде мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады, шектеулі жағдайларда азаматтарға қатысты қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағы).
3. Рұқсат ету әдісі. Адам және азаматтың мәртебесін айқындау үшін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабы), сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттігін анықтау кезінде қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).
4. Тану әдісі. Яғни, адамның табиғи құқығын тану (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).
Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері
Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.
-
Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.
-
Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.
-
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.
Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары — үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.
2 – сұрақ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы.
Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі салаларының бірі.
Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.
Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.
Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қатынастарды құрайды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін, қоғамдық қатынастар конституциялық құқық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құрылысының негізін құрады және мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты. Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі түрде өзгешеленеді. Конституциялық құқық қоғамның өмірлік қызметінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани және т.б. бүкіл аясында қалыптасатын қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты өмірдің қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді. Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір көрсетілген аядағы базалық қатынастар мен оның нормалары көрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі бір қабаттарын ғана реттейтіндігінен тұрады.
Конституциялық-құқықтық нормалар мен институттар
Жалпы құқық теориясында құқық нормасы ретінде мемлекеттен туындайтын және сол арқылы қорғалатын, заң құқығына қатынасушылардың қатынасын білдіретін және оларға міндеттер жүктейтін жалпыға міндетті және заңда айқындалған тәртіп ережесі түсіндіріледі. Дегенмен конституциялық-құқықтық нормалардың құқықтың басқа салаларындағы нормалардан ерекшелігі мен айырмашылықтары қандай дегенге келсек бұған жауапты конституциялық құқықтармен реттелетін қоғамдық қатынастардың өзгешеліктерінен табамыз.
Конституциялық-құқықтық нормалар:
1. мазмұнымен (реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың аясымен);
2. неғұрлым көбірек заң күшіне ие болумен; Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне қайшы келетін нормалардың күшін жоюымен;
3. сол арқылы білдірілген дерек көздеріменен (неғұрлым маңызды нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясында түзілген);
4. нормалардың өзіне тән түрлерімен (норма-қағидалардың, норма-міндеттердің, ресми мәлімделген (декларативті) ережелердің болуы);
5. жүзеге асырудың айрықша механизмімен (қоғамдық қатынастардың түбегейлі, басты тұстарын ғана реттейді);
6. қатынастарды реттейтін(халық, мемлекет, ұлттар, жоғары мемлекеттік органдар) субъектілердің өзіндік сипатымен;
7. құрылымдардың ерекшеліктерімен (ғылыми болжам мен диспозицияға және жекелеген жағдайларда ғана – санкцияға ие);
8. нұсқаулардан тұратын құрылтайшылық сипатпен өзгешеленеді.
Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі жіктеуі (классификациясы).
Нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша:
-
құқық жүктеуші нормалар – онда қаралған әрекеттерді жүзеге асыратын және олардың өкілеттік шеңберін анықтайтын субъектілер құқығын бекітетін нормалар. Бұл – азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Мұндай нормаларға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің конституциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады;
-
міндеттеуші нормалар - өзінің тәртібін, өзінің әрекетін аталмыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын субъектілердің міндеттерін бекітетін нормалар. Мұндай міндеттер тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларына да жүктеледі;
-
тыйым салушы нормалар – онда қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар. Мұндай нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін (бастауларын), заң ережелері мен құқық тәртібін қорғауға бағытталған.
Ондағы нұсқаулардың-айқындаушылық дәрежесі бойынша мынадай нормаларға бөлінеді:
-
имперактивті нормалар – белгілеген ережелерді субъектілерге қолдану еркіндігін қорғауға рұқсат етпейтін нормалар;
-
диспозитивті нормалар – нормада көрсетілген жағдаяттарды ескеру арқылы субъектінің әрекет ету вариантын таңдау мүмкіндігін қарайтын нормалар.
Құқықтық реттеу механизмі бойынша нормалар:
-
материалдық нормалар - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша әрекет етудің мазмұнын қарайтын нормалар;
-
процессуалдық нормалар – сол арқылы жүзеге асырылатын тәртіпті анықтайтын нормалар болып бөлінеді.
Бірыңғай және өзара байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін және салыстырмалы түрде дербес топты құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы конституциялық-құқықтық институт деп аталады. Мысалы: азаматтық институты, Президенттік институт, сайлау құқығы институты және т.б.
Конституциялық-құқықтық қатынастар және олардың субъектілері
Жалпы құқық теориясында құқықтық қатынастар түрінде құқық нормалары негізінде туындайтын, оның қатынасушылары құқықтар мен міндеттерге ие болатын қоғамдық байланыстар түсіндіріледі. Бұл анықтама конституциялық-құқықтық қатынастарға да қолдануға келеді. Конституциялық қатынастардың өзіндік ерекшеліктері мыналардан тұрады:
1) оларды конституциялық құқық пәнін құрайтын қатынастардың айрықша саласы мен айрықша мазмұны өзгешелеп тұрады;
2) айрықша субъективті құрамының болуы, конституциялық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ішінде құқықтық қатынастардың басқа түрлерінің қатынасушылары бола алмайтын құқықтық қатынастардың барлығы;
3) құқықтық қатынастардың айтарлықтай алуан түрлілігі.
Субъектілер, олардың өзара құқығы мен міндеттері дәл айқындалған нақты конституциялық құқықтық қатынастар – құқықтық қатынастардың классикалық түрі болып саналады: олар мінез-құлық норма-ережелерін жүзеге асыру негізінде туындайды.
Қатынас субъектілері нақты анықталмаған, нақты құқықтар мен міндеттер белгіленбеген құқықтық қатынастар – жалпы сипаттағы құқықтық қатынастар болып табылады. Мұндай қатынастар норма-қағидаларды, норма-мәлімдемелерді, норма-мақсаттарды жүзеге асыру негізінде туындайды. Құқықтық хал-ахуал – құқықтық қатынастардың айрықша түрі болып саналады. Олардың субъектілері дәл айқындалғанмен сол субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақты анықталмаған. Мұндай құқықтық қатынастарға азаматтықта тұру жағдайы жатқызылады.
Конституциялық-құқықтық қатынастардың жіктеуі (классификациясы)
1. Әрекет ету мерзімі бойынша тұрақты және уақытша қатынастарға ажыратылады;
2. Құқықтық реттеу механизмі бойынша материалдық және процессуалдыққа бөлінеді;
3. Мақсаттық тағайындалуы бойынша құқық белгілеуші және құқық қорғаушы құқықтық қатынастарға ажыратылады.
Құқықтық қатынастардың туындауына, тоқтатылуына немесе өзгеруіне заң жүзінде болған іс – оқиғалар немесе іс-әрекеттер әсерін тигізеді. Оқиға субъектінің еркіне қатыссыз түрде болады, іс-әрекет – соңғының өз еркін білдіруімен байланысты болып табылады. Іс-әрекет заң актілеріне және заңдық іс-әрекеттерге жіктеледі.
Конституциялық-құқықтық қатынастар субъектілері – бұл конституциялық-құқықтық нормаларға сәйкес олардың қатысушылары арасында туындайтын заңды құқықтары мен міндеттері. Субъектілердің шеңбері өте кең: аталмыш саланың құқықтық нормалары кімге міндеттер жүктейді және құқық береді, солардың бәрі оның субъектілері бола алуы мүмкін. Субъектілер – мемлекет, халық, депутаттар, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар және т.б.
Конституциялық құқық көздері
Құқық көзі түрінде құқық нормаларын білдіретін формалар түсіндіріледі. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағында конституциялық құқық көздері тізіп көрсетілген. Бірақ бұл жерде мынаны ескеру қажет, конституцияда атап көрсетілген барлық нормативтік-құқықтық актілер оның көздері болып саналмайды. Бір нормативтік актілер тек конституциялық құқық нормаларынан ғана тұрады, ал келесі бірі - әртүрлі салалардың құқық нормалары және т.б. с.с.
Формаларына қатысты, конституциялық құқықтың барлық көздері мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – конституциялық құқықтың негізгі көзі.
2. Конституциялық заңдар. Қабылдау мен олардың тізімі конституциямен (мысалы, конституцияның 92-бабы) қаралған. Қарапайым заңдар тәртібімен салыстырғанда неғұрлым күрделі, Конституцияда арнайы ескертілген, мемлекет үшін аса маңызды мәселелер бойынша қабылданады. Депутаттардың жалпы саның 2/3 дауысымен қабылданады.
3. Әдеттегі заңдарды, негізінен қарапайым көпшілік дауыспен (50%+1) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қабылдайды.
Әдеттегіден өзгеше заңдар, Республика Парламентінің әрбір Палаталары депутаттарының басым көпшілік дауысымен Парламентте қабылданған өзгертулер мен толықтыруларды және референдумда қабылданған, өзгертулер мен толықтыруларды Конституцияға енгізеді.
4. ҚР Парламент Палаталарының Қаулысы.
5. ҚР Президентінің Жарлықтары, өз кезегінде:
а) Конституциялық заң күшіне ие жарлықтарға;
ә) Заң күшіне ие жарлықтарға;
б) Заңға бағынышты нормативтік жарлықтарға бөлінеді.
Президенттің барлық нормативтік жарлықтары конституциялық құқық көздері болып саналмайды, тек конституциялық-құқықтық нормалардан тұратын жарлықтар ғана конституциялық-құқық көздері болуы мүмкін.
6. Егемендік қағидаларын жариялаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңда, 1993 ж. және 1995 ж. Конституцияларда және өзге конституциялық актілерде бекітілген, 1991 жылдың 25 қазанындағы мемлекеттің егемендігі туралы Декларациясы.
7. Нормативтік нұсқаулардан, құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың актілері.
8. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімі.
9. Конституциялық-құқықтық нормалардан (шешімдер, жарғылар, ережелер) тұратын жергілікті өкілді органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері белгілі бір жердің аумағынан аспайды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген