Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚР Конститутциясы – конститутциялық құқықтың негізгі бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР Конституциясы. Туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Конститутциясы – конститутциялық құқықтың негізгі бастауы


Жоспар:

  1. Конституциялық құқық ұғымы

  2. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы

  3. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі

1 – сұрақ. Конституциялық құқық ұғымы.

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

  • қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

  • мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

  • адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

Конституциялық құқық әдістері, конституциялық құқық қатынастарын ретеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде мыналарды ажыратады:

1. Міндеттеу әдісі. Мемлекеттік органдарға, сол сияқ­ты жеке тұлғаларға қатысты олардың қызметінің бүкіл ая­сын­да қолданы­ла­ды (Қазақстан Республикасы Конститу­ция­сының 6, 18–бап­та­ры).

2. Тыйым салу әдісі. Басым түрде мемлекеттік орган­дар­ға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады, шек­теу­лі жағд­ай­ларда азаматтарға қатысты қолданылады (Қазақ­стан Респу­бли­ка­сы Конституциясының 39-бабының 3-тармағы).

3. Рұқсат ету әдісі. Адам және азаматтың мәртебесін айқын­дау үшін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-ба­бы), сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттігін анықтау кезінде қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).

4. Тану әдісі. Яғни, адамның табиғи құқығын тану (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).

Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері

Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.

  • Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.

  • Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.

  • Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.

Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.

2 – сұрақ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы.

Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының құ­қық­­тық жүйесі салаларының бірі.

Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғам­дық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бө­лі­гі, құқық­тық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.

Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның орган­да­ры) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қаты­нас­тар­ға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.

Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қаты­­нас­тарды құрайды. Конституциялық құқық норма­ла­ры­мен ретте­ле­тін, қоғамдық қатынастар конституциялық құ­қық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құры­лы­сы­ның негізін құрады жә­не мемлекеттік билікті жүзеге асы­ру­мен тікелей байланысты. Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі түрде өзгешеленеді. Конститу­ция­лық құқық қоғамның өмірлік қызметінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, руха­ни және т.б. бүкіл аясында қалыптасатын қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты өмір­дің қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді. Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір көр­се­тіл­ген аядағы базалық қатынастар мен оның нормалары көрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі бір қабат­та­рын ғана реттейтіндігінен тұрады.

Конституциялық-құқықтық нормалар мен институттар

Жалпы құқық теориясында құқық нормасы ретінде мемле­кет­тен туындайтын және сол арқылы қорғалатын, заң құқығына қатынасушылардың қатынасын білдіретін және оларға міндет­тер жүктейтін жалпыға міндетті және заңда айқындалған тәртіп ережесі түсіндіріледі. Дегенмен конституциялық-құқықтық нормалардың құқықтың басқа салаларындағы норма­лардан ерекшелігі мен айырмашылықтары қандай дегенге келсек бұған жауапты конституциялық құқықтармен реттелетін қоғам­дық қатынастардың өзгешеліктерінен табамыз.

Конституциялық-құқықтық нормалар:

1. мазмұнымен (реттеуге бағытталған қоғамдық қатынас­тар­дың аясымен);

2. неғұрлым көбірек заң күшіне ие болумен; Қазақстан Респу­бли­касы Конституциясының ережелеріне қайшы келетін норма­лар­дың күшін жоюымен;

3. сол арқылы білдірілген дерек көздеріменен (неғұрлым маң­ыз­ды нор­малар Қазақстан Республикасының Конститу­ция­сын­­да түзіл­ген);

4. нормалардың өзіне тән түрлерімен (норма-қағидалардың, норма-міндеттердің, ресми мәлімделген (декларативті) ереже­лер­дің болуы);

5. жүзеге асырудың айрықша механизмімен (қоғамдық қаты­нас­тардың түбегейлі, басты тұстарын ғана реттейді);

6. қатынастарды реттейтін(халық, мемлекет, ұлттар, жоғары мемлекеттік органдар) субъектілердің өзіндік сипатымен;

7. құрылымдардың ерекшеліктерімен (ғылыми болжам мен диспозицияға және жекелеген жағдайларда ғана – санкцияға ие);

8. нұсқаулардан тұратын құрылтайшылық сипатпен өзге­ше­ленеді.

Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі жіктеуі (клас­­си­фикациясы).

Нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша:

  1. құқық жүктеуші нормалар – онда қаралған әрекеттерді жүзеге асыратын және олардың өкілеттік шеңберін анық­тай­тын субъектілер құқығын бекітетін нормалар. Бұл – аза­маттардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқық­та­ры туралы конституциялық нормалар. Мұндай нормалар­ға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Пар­ламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің конс­ти­туциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады;

  2. міндеттеуші нормалар - өзінің тәртібін, өзінің әрекетін атал­мыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын су­бъек­тілердің міндеттерін бекітетін нормалар. Мұндай мін­дет­тер тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақ­с­тан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларына да­ жүктеледі;

  3. тыйым салушы нормалар – онда қаралған белгілі бір әре­кет­терді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар. Мұн­дай нормалар мемлекеттің конституциялық негіз­де­рін (бас­тауларын), заң ережелері мен құқық тәртібін қор­ғауға бағытталған.

Ондағы нұсқаулардың-айқындаушылық дәрежесі бойынша мынадай нормаларға бөлінеді:

  1. имперактивті нормалар – белгілеген ережелерді субъекті­ле­рге қолдану еркіндігін қорғауға рұқсат етпейтін норма­лар;

  2. диспозитивті нормалар – нормада көрсетілген жағдаят­тар­ды ескеру арқылы субъектінің әрекет ету вариантын таңдау мүмкіндігін қарайтын нормалар.

Құқықтық реттеу механизмі бойынша нормалар:

  1. материалдық нормалар - қоғамдық қатынастарды құ­қық­­тық реттеу бойынша әрекет етудің мазмұнын қарайтын нормалар;

  2. процессуалдық нормалар – сол арқылы жүзеге асырыла­тын тәртіпті анықтайтын нормалар болып бөлінеді.

Бірыңғай және өзара байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін және салыстырмалы түрде дербес топты құрайтын кон­ституциялық құқық нормаларының жиынтығы консти­ту­ция­лық-құқықтық институт деп аталады. Мысалы: азаматтық инс­титуты, Президенттік институт, сайлау құқығы институты және т.б.

Конституциялық-құқықтық қатынастар және олардың субъектілері

Жалпы құқық теориясында құқықтық қатынастар түрінде құқық нормалары негізінде туындайтын, оның қатынасушылары құқықтар мен міндеттерге ие болатын қоғамдық байланыстар түсіндіріледі. Бұл анықтама конституциялық-құқықтық қатынас­тарға да қолдануға келеді. Конституциялық қатынастардың өзін­дік ерекшеліктері мыналардан тұрады:

1) оларды конституциялық құқық пәнін құрайтын қатынас­тардың айрықша саласы мен айрықша мазмұны өзгешелеп тұра­ды;

2) айрықша субъективті құрамының болуы, конституциялық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ішінде құқықтық қаты­нас­тардың басқа түрлерінің қатынасушылары бола алмайтын құқық­тық қатынастардың барлығы;

3) құқықтық қатынастардың айтарлықтай алуан түрлі­лігі.

Субъектілер, олардың өзара құқығы мен міндеттері дәл ай­қын­далған нақты конституциялық құқықтық қатынастар – құ­қы­қтық қатынастардың классикалық түрі болып саналады: олар мі­нез-құлық норма-ережелерін жүзеге асыру негізінде туын­дай­ды.

Қатынас субъектілері нақты анықталмаған, нақты құқықтар мен міндеттер белгіленбеген құқықтық қатынастар – жалпы сипаттағы құқықтық қатынастар болып табылады. Мұндай қаты­настар норма-қағидаларды, норма-мәлімдемелерді, норма-мақ­сат­тарды жүзеге асыру негізінде туындайды. Құқықтық хал-ах­уал – құқықтық қатынастардың айрықша түрі болып саналады. Олардың субъектілері дәл айқындалғанмен сол субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақты анықталмаған. Мұндай құқық­тық қатынастарға азаматтықта тұру жағдайы жатқызылады.

Конституциялық-құқықтық қатынастардың жіктеуі (клас­си­фикациясы)

1. Әрекет ету мерзімі бойынша тұрақты және уақытша қатынастарға ажыратылады;

2. Құқықтық реттеу механизмі бойынша материалдық және процессуалдыққа бөлінеді;

3. Мақсаттық тағайындалуы бойынша құқық белгілеуші және құқық қорғаушы құқықтық қатынастарға ажыратылады.

Құқықтық қатынастардың туындауына, тоқтатылуына немесе өзгеруіне заң жүзінде болған іс – оқиғалар немесе іс-әрекеттер әсерін тигізеді. Оқиға субъектінің еркіне қатыссыз түрде бола­ды, іс-әрекет – соңғының өз еркін білдіруімен байланысты бол­ып табылады. Іс-әрекет заң актілеріне және заңдық іс-әрекет­терге жіктеледі.

Конституциялық-құқықтық қатынастар субъектілері – бұл кон­ституциялық-құқықтық нормаларға сәйкес олардың қаты­су­шылары арасында туындайтын заңды құқықтары мен мін­дет­те­рі. Субъектілердің шеңбері өте кең: аталмыш саланың құқық­тық нормалары кімге міндеттер жүктейді және құқық береді, солардың бәрі оның субъектілері бола алуы мүмкін. Субъектілер – мемлекет, халық, депутаттар, мемлекеттік билік органдары, сай­лау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар және т.б.

Конституциялық құқық көздері

Құқық көзі түрінде құқық нормаларын білдіретін формалар түсіндіріледі. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конститу­ция­сының 4-бабының 1-тармағында конституциялық құқық көз­де­рі тізіп көрсетілген. Бірақ бұл жерде мынаны ескеру қажет, конституцияда атап көрсетілген барлық нормативтік-құқықтық актілер оның көздері болып саналмайды. Бір нормативтік акті­лер тек конституциялық құқық нормаларынан ғана тұрады, ал келесі бірі - әртүрлі салалардың құқық нормалары және т.б. с.с.

Формаларына қатысты, конституциялық құқықтың барлық көздері мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – консти­ту­циялық құқықтың негізгі көзі.

2. Конституциялық заңдар. Қабылдау мен олардың тізімі кон­ституциямен (мысалы, конституцияның 92-бабы) қаралған. Қарапайым заңдар тәртібімен салыстырғанда неғұрлым күрде­лі, Конституцияда арнайы ескертілген, мемлекет үшін аса маңыз­ды мәселелер бойынша қабылданады. Депутаттардың жалпы саның 2/3 дауысымен қабылданады.

3. Әдеттегі заңдарды, негізінен қарапайым көпшілік дау­ыс­пен (50%+1) Қазақстан Республикасы Парламентінің депу­тат­та­ры қабылдайды.

Әдеттегіден өзгеше заңдар, Республика Парламентінің әрбір Палаталары депутаттарының басым көпшілік дауысымен Парла­ментте қабылданған өзгертулер мен толықтыруларды және рефе­рен­думда қабылданған, өзгертулер мен толықты­ру­ларды Конституцияға енгізеді.

4. ҚР Парламент Палаталарының Қаулысы.

5. ҚР Президентінің Жарлықтары, өз кезегінде:

а) Конституциялық заң күшіне ие жарлықтарға;

ә) Заң күшіне ие жарлықтарға;

б) Заңға бағынышты нормативтік жарлықтарға бөлінеді.

Президенттің барлық нормативтік жарлықтары конституциялық құқық көздері болып саналмайды, тек конс­ти­ту­­циялық-құқықтық нормалардан тұратын жарлықтар ғана конс­ти­ту­циялық-құқық көздері болуы мүмкін.

6. Егемендік қағидаларын жариялаған Қазақстан Республи­ка­сының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңда, 1993 ж. және 1995 ж. Конституцияларда және өзге конституциялық актілерде бекі­тіл­ген, 1991 жылдың 25 қазанындағы мемлекеттің еге­мен­­дігі туралы Декларациясы.

7. Нормативтік нұсқаулардан, құқықтық нормалардан тұра­тын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, минис­тр­ліктер мен ведомстволардың актілері.

8. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі­нің шешімі.

9. Конституциялық-құқықтық нормалардан (шешімдер, жар­ғы­лар, ережелер) тұратын жергілікті өкілді органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері белгілі бір жердің аумағынан аспайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
295
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12