Құдіретті Жер Ана

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құдіретті Жер Ана

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мерзімі: 06.02.2016 жыл

Тақырып: Құдіретті Жер - Ана

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Шынайылық, риясыз қызмет

Мұғалім: Арыкбаева Ж.О Сынып: 7 Б Оқушылар саны: 20



Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың жер құндылығы туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

-жердің адам өміріндегі мәні, оның адамға тигізетін әсері туралы білім беру;

-жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп,сезіне білулерін дамыту;

-жерді сүюге, қадірлеп –қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті (музыкамен)

Жағымды жағдай туғызу.

  1. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз....(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді айтайық.

  2. Ал балалар кім не сезінді, ойларыңды ортаға салайық.


2. Үй тапсырмасын тексеру. ( Сабақ барысын талқылау)


Конфуцийдің «Атамекен» туралы аңызы


«Жер – қолқа жүрегің» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жер деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді?

Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді?


Жұмбақ:

Көктемде көгереді

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста бірден қартаяды «Жер»


Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер біздің қазынамыз, байлығымыз.

Адамдар, жан – жануарлар, өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.


Қасиетті Жер – Ана - алып күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдыреттісі.


Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.


Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.

Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар. Яғни жер өмір сүрер ортамыз. Жер – адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.

Адам өзінің туын - өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір – құрметін жүректен шыққан құдыретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді.


  1. Дәйексөз

Баптағанға – жер жомарт

Халық даналығы


Түйін: Жерді күтіп, баптап, таза ұстау керек. Өйткені Жер – ана жомарт дархан көңілімен адамға барын бергісі келеді. Тіпті қазба байлықтары да жерден алынады. Түрлі жеміс – жидектерде, әсем гүлдерде, тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып күтіп баптағаннан көбейе түседі.




Тапсырма:




  1. Әңгімелеу сұхбат (Мұғалім сыйы)

«Жер – ана тұншықса» Н. Құмар

-Екі апта сен болмағандағы жаңалығымыз осы, - деп Дана шаттан күлімсіреді.

Ауылға барып, табиғаттың тосын мінезіне жаны торығып оралған Мұрат үйінің маңайын көріп мұңайып қалды. Көрші дүкен ашыпты да, көп көлемді жерді бетондап тастапты. Сәнді гүлдердің өзі тар шеңберде қысылып тұрғандай.

  • Қуанбайсың ба? Айнала қандай әдемі!

  • Мұрат бүгінгі күнгі құнары қашқан топырақтың тозу сатысы жайлы айтқанда, төңірек те сұрғылт тартты.

  • - Бір грамында жүз миллион мыкроорганизм өмір сүретін тпырақтың тұншығуын –ай! «Топырақта тағдыр бар» деген халық даналығын білесің бе, Данаш?

  • - Сонда немене? Топырақта зат алмасу процесі жүре ме? Көзі, жүрегі, өкпесі бар демексің бе?

  • - Бүкіл тірліктің бастау болған - жер. Бәріне төзген, бәріне көнген, басына енді қасірет төнген.......

Ағалы –қарындасты бауырлар жаңа дүкенге қарай ағылған адамдарға тосырқай қарасады.

Құрамында тұз бен гипсі көп ұнтақ шаңды шұбатып, көліктер ағылуда. Көкке ұшып, артынша адам ағзасына енетін тозаңды кім өлшеп, ескеріп жатыр?

Топырақ тозса, адам азбасын ба?

Мұрат пен Дана жып-жылтыр боп жатқан химиялық қоспаға да, жасанды жандарға да қызықпайтындай қалып танытты.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс «Табиғат» суреті көрсетіледі.

«Табиғат» дегеніміз жер, су, ауа, өсімдік, жан-жануар, аң-құс, тау-тас, өзен, көл. Осылардың барлығы Табиғаттың бізге берген сыйы. Ал осы табиғат сыйын сақтап, қорғау, дамыту, байыту – біздің қолымызда.


DrawObject1

Міне, балалар, халқымыз «Жақсы болсаң жердей бол, бәрін шыдап көтерген» деген. Жер –анамыздың мейірбандығы сонда, барлық тіршілік иелерін қойнына алып, баршасына өмір сыйлайды, қорек береді, өсіреді, көркейтеді.

1 – топқа: «Жердің қасиеті»

2 – топқа: «Жерге қамқорлық» постермен жұмыс, және өлең шығарма жазу.


Түйін: Ия, балалар. Жер – біздің асыраушымыз. Біздің тағамымыз да, киетін киіміміз де, тіпті, оқу оқып, білім алып отырған кітаптарымыздың жасалуына да осы Жер – ананың көмегі зор. Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да, жан-жануарларға да, өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпаңдар балалар. Олай болса, Жер-анамызды күтіп, баптай білейік.


  1. Топпен ән айту.

«Әдемі» Сөзі: А. Шаяхметовтікі

Әні: Ғ. Наурызбаевтікі


Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Кемпірқосақ керілгені әдемі.

Көк шалғында асыр салып жүргенде,

Көк көбелек көрінгені әдемі.


Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.

Қариялар жол үстінде кездесіп,

Амандықты сұрасқаны әдемі.


Бұлбұл құстың сайраған әдемі,

Қоз-лақтың ойнағаны әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның ,

Қойды өріске айдағаны әдемі.


  1. Үй тапсырмасы.

Тақырып: Құдыретті Жер – Ана

Ш. Айтматов: « Ана – Жер – Ана» мәтінді оқып келу.



  1. Соңғы тыныштық сәті. (музыкамен) (2 мин)


«Туған жер»

Төрт түлігі төсін сүйіп емген жер,

Алтын астық аясына өнген жер.

Миллион жыл қазына сақтап бауырына,

Жиып теріп ұрпағына берген жер.


Гүлдерімен анам белін буған жер,

Бала қиял қырларында туған жер.

Қойынында жатқан ата-бабамның

Қасиетті зираттары тұрған жер.


Балалығым, бал дәуренім өткен жер,

Табанымнан балаусасы өпкен жер.

Сонау өткен зор заманда зорлаумен,

Бабаларым жасын сансыз төккен жер.




Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»


Бүгін сендер сабақты өте жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар, сол үшін, сендерге көп-көп рахмет айтамын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.02.2019
775
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі