Аннотация
Тақырыбы: « Құйрық майдың биологиялық маңызы мен ерекшелігі»
Мақсаты: Құйрық майдың биохимиялық құрамын зерттеп, биопрепарат ретінде қасиетін анықтау.
Міндеттері:
-
Құйрық май туралы ғылыми деректерге негізінде жалпы мәліметтер жинау.
-
Биохимиялық құрамын «Тағамтану академиясын» зертханасында зерттеп, нәтижесіне талдау жасау.
-
Құйрық майдың емдік қасиеттерін басқа дәрілік препараттарымен салыстыру.
-
Қойдың қорегінің құрамын зерттеп, дәрілік қасиетін анықтау.
Зерттеу әдісі: салыстыру, ақпарат жинау, зертханамен байланыс жасау, мониторинг, кестелер арқылы жұмысты қорытындылау.
Зерттеу кезеңдері:
I.Дайындық кезеңі:Тақырып таңдау,ғылыми жетекші, ғылыми кеңесшімен байланыста болу.
II.Зерттеу кезеңі:Ғылыми деректерге сүйеніп, теориялық мәліметтер жинау және талдау.
III. Эксперименттік кезең
Тағамтану академиясының зертханасында алынған құйрық майдың биохимиялық құрамына талдау жасау.
Жұмыстың жаңалығы:
Құйрық майдың емдік қасиетін анықтап, жалбыз өсімдігімен қосып биопрепарат дайындау.
Аннотация
Тема работы: «Биологическое содержание и особенности курдючного жира»
Абдуллаева Марина Мырзагалиевна
Класс: 11 «А»
Школа №10
Город Тараз
Руководитель: Калкабаева Шарипа учительница биологии и химии
Цели: Исследовать биохимический состав курдючного жира, определить лекарственные свойства в качестве биопрепарата.
Задачи:
-
Собрать сведения о курдючном жире с опорой на научные данные.
-
Исследовать биохимический состав в исследовательской «академии Пищевой промышленности», провести анализ их итогам.
-
Сопоставить лечебные свойства курдючного жира со свойствами других лекарственных препаратов.
-
Исследовать питание овец, определить их лекарственные свойства. Методы исследования: сопоставление, сбор сведений, связь с исселдовательской лабораторией, мониторинг, составление итоговых таблиц.
Этапы исследованиия:
I.Подготовительный период: определить тему, держать связь с науный руководителем.
II.Исследовательский период: собрать теоретические сведения о курдючном жире, определить научные данные и провести анализ.
III.Экспериментальный период: провести анализ полученным данным биохимического состава курдючного жира, полученным с исследовательской академии Пищевой промышленности.
Научная новизна работы: определить лечебные свойства курдючного жира, приготовить биопрепарат в составе с мятой.
Annotation
Abdulaeva M
Biological essence and peculiarities of sheep` s grease 11grade
Taraz city №10 School
Instructor: the teacher of chemistry and biology – Kalkabayeva Sharipa.
OBJECTS: to research biochemical structure of sheep’s grease, to define drugs property as a biological medicine.
Tasks:
-
To gather general information relying on scientific evidence about sheep’s grease.
-
To research biochemical structure in Nutrition academy and analyze the results.
-
To compare medical quality of the sheep’s grease with another medicine.
-
To research the sheep’s nutrition anole to define its medical property.
Methods of investigation: to compare, to gather information, to contact with a laboratory, monitoring, to sum up by tables.
Stages of Investigation:
-
Preparation stage: to choose a topic, to keep – in- touch with scientific Instructor.
-
Research stage: to gather theoretical information and analyze referring to scientific information.
-
Experimental stage
Analyze the biochemical sheep’s grease structure taken from Nutrition academy
An innovation of the Research Work
To define the medical property of sheep’s grease, to do biological medicine with the mint’s extracts
Кіріспе бөлімі

Ғылыми жетекшісі:
Жетекшісі: Қалқабаева Ш.
Тақырыптың өзектілігі:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты атты халыққа жолдауында былай деген еді: «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың кепілі. Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет.....». Елбасымыз халықтың денсаулығын жақсартуға бағыттар ұсынып, алдағы кезеңде тиісті нәтижелер күтетінін айтып өтті. Осы орайда қойдың құйрық майынан адам денсаулығына кері әсері болмайтын, экологиялық таза, химиялық қоспасыз дәріні әзірлеу мәселесі қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Мақсат : Құйрық майдың биохимиялық құрамын зерттеп, биопрепарат ретінде дәрілік қасиетін анықтау.
Міндеттері:
-
Құйрық май туралы ғылыми деректерге сүйеніп, жалпы мәліметтер жинау.
-
Биохимиялық құрамын «Тағамтану академиясының» зертханасында зерттеп, нәтижесіне талдау жасау.

Зерттеу әдісі : салыстыру, ақпарат жинау, зертханамен байланыс жасау, мониторинг, кестелер арқылы жұмысты қорытындылау .
Зерттеу кезеңдері:
I.Дайындық кезеңі: Тақырып таңдау, ғылыми жетекші, ғылыми кеңесшімен байланыста болу.
II.Зерттеу кезеңі: Ғылыми деректерге сүйеніп, теориялық мәліметтер жинау және талдау.
III. Эксперименттік кезең.

Негізгі бөлім
Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді.
Қойдың пайда болған кезі- осыдан 10-11 мың жыл бұрын.
Қойдың жабайы арғы тегі – жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған.
Қойдың алғаш қолға үйретілген орталығы – Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Оңтүстік Азия.
Қойдан алынады: жүн, тері, елтірі, ет, сүт, май.
Қазақстандағы қой шаршуашылығы әрбір аймақтың табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 4 бағытта жүргізіліп келеді.
Зерттеу жұмысы еділбай және дегерес қойларынан алынған құйрық майға жүргізіледі.
Еділбай қойы – қылшық жүнді қолтұқымы. Ет, май өндіру бағытында өсіріледі. Қазақы қойдың бір түрі. Халықтың селекция негізінде шығарылған. Еділ, Жайық Өңірлері аралығындағы қуаң және шөл далада өсіруге бейімделген. Бітімі мықты ірі мал. Қошқары 110-120, саулығы 65-70, қозысы енесінен айырарда 42-45 кг тартады. Еті 40-45, құйрық майы 12-14 кг бар. Ет түсімі 50-55. Жүн түсімі де басқа құйрықты қой тұқымдардікінен жоғары, қошқарынан 3,0-3,5 саулығы 2,3-2,6 кг жүн қырқылады. Қазақы қой тұқымын жақсарту үшін пайдаланады. Халықтық селекция негізінде 19-ғасырда шығарылған.
Дегерес қойы – биязылау жүнді құйрықты қой тұқымы Қазақстанда қазақы қой саулығы прекос қошқарлармен будандастыру арқылы 1931 жылы шығарылды. Республикада құйрықты қой тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланады. Өзбекстан, Түркіменстан, Грузия, Монғолияға апарылды. Қазақстанда 280 мың дегерес қойы бар. Жезқазған, Алматы облыстарында аудандастырылған. Дене бітімі мықты, шөл және шөлейт жерлердегі жайылымда бағуға бейімделген. Қошқары 90-100 саулығы 58-65 кг тартады. Қошқарынан 6,5-7,0 саулығынан 3,0-3,5кг жүн қырқылады. Таза жүн шығымы 60-65%.

Қойдың негізгі азығы - кәдімгі жусан болып табылады. Жусан барлық елде: Еуропада, Орта Азияда, Солтүстік Африкада да таралған. Солтүстік Америкаға әкелініп, жерсіндірілген. Жайылымдарда, жолдардың жағалауларынд, су қоймаларының маңында, қолданылмайтын егістік жерлерде өседі.
Жусанның біздің өлкеде кедесетін келесі екі түрін айтсақ болады.
Ж
усан
Дермен Ермен
Дермене ҚР көп оседі. Оның құрамында – антгельминтик - сантонин, глюкозидтер, алколойдтар көп. Жаз, күз мезгілдерінде гүлдейді. Сабағы – төселмелі, тік орналасқан. Дерменнің қолданылуы: одан кейбір іш ауыруларына қарсы қолданылатын сантонин дәрісі, медицинада, парфюмерияда қолданылатын эфир май алынады. Шымкент фармакологиялық заутында дерменеден дәрі алу мақсатында өсіріледі.
Ермен – көп жылдық шөптесін өсімді. Оның құрамында қоректік заттар мол, эфир майы бар. Биіктігі 0,5-2м кей жағдайда 2,5м - ге барады. Сабағы тік өсетін, түсі қою-күлгін түсті. Тамырының жоғары жағы жуандау, қысқа шашақ тамырлы. Жапырақтары қысқа, бет жағы ашық – жасыл түсті, гүлдері ұсақ сары және қоңыр түсті. Себет гүлшоғыры шілде айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Ермен жуан күшті жағымды иісімен ерекшелінеді. Мороккада, Германияда, Индияда, Жапонияда гүлдерін және жапырақтарын дистильдеу әдісімен эфир майын алады. Өсімдікте каротин, аскорбин қышқылы, алколойдтар, эфир майы бар.
Құйрық май – қойдың құйрық жағындағы май жиналатын орны. Бұл майды ерітіп құйрық май алынады. Қатты күйінде ақ немесе ақ – сары түсті болады. Еріткенде түссіз болады. Құйрық және қойдың іш майында көп мөлшерде қанықпаған май қышқылдары болады. Малшылар ерітілген құйрық майды тек тамаққа емес күйікті, шаш түсуін тоқтатуды және іріңді емес жараларды емдеуге қолданады.Қойдың майы - өзіне тән исі бар. Негізгі иістің көзі – майлар болып табылады.Жануарлардың майлары пальметин, стеорин, олейн май қышқылдарынан тұрады. Стеорин қышқылы басқа жануарларға қарағанда қойда көбірек болады. Ол 30%-ке дейін кездеседі. Ал қанықпаған және тез еритін олейн қышқылын қойдан азырақ болады. Қойдың майының құрамында А, В1, Е витаминдеріне, бета – каротин, стеорин, фосфолипидтер кіреді. Белгілі бір мөлшерде аз қорытуды, қан аздықты емдеуге пайдаланады. Қойдың майы нашар еритіндіктен және сақталатындықтан, азықтық маңызы бар. Азия елдерінде, аспаздықта тағамдық маңызы бар майларды алу үшін құйрықты қойларды арнайы өсіреді. Майларды жануарлар мен өсімдіктерден бөліп алады. Майларды синтездеуді алғаш рет француз химигі М.Бертло (1854ж) жүзеге асырды. Бірақ тиімсіз болғандықтан, майлар синтездік жолмен алынбайды. Майлар судан жеңіл, тығыздығы 0,9 – 0,95 г/см3
Суда ерімейді, көптеген органикалық еріткіштерде (бензол, бензин, дихлорэтан) ериді.
|
Майлар |
Тегі |
Мысалдар |
Карбон қышқылының қалдығы |
|
Сұйық Қатты |
Негізінен, өсімдік тектес Негізінен, жануар тектес |
Күнбағыс, мақта, жүгері, зәйтүн, балық майы Қой, сиыр, шошқа, кит, түлен, кокос майы |
Негізінен,қанықпаған Негізінен қаныққан |
Кесте 1. Майлардың жіктелуі
Агрегаттық күйіне байланысты майлар сұйық және қатты болып бөлінеді. Өсімдік майы, әдетте сұйық, ал жануар майы қатты болады. Бірақ кейде жануар майының ішінде сұйығы (балық майы) , ал өсімдік майларының қаттысы да кокос майы кездесіп қалады. Майдың сұйық немесе қатты болуы оның құрамына кіретін карбон қышқылының табиғатына байланысты. Құрамына қанықпаған карбон қышқылының қалдығы кірсе, май сұйық, ал қаныққан қышқыл кірсе, май қатты болады.
Ерітілген қойдың майы – кең таралған азықтық өнімге жатпайды және әр түрлі тағамдарды даярлауда сирек қолданылады. Оның себептері көп.
Біріншіден: иісі және дәмі жағымсыз.
Екіншіден: салқындауы жоғары температурада.
Үшіншіден: түсі ақ немесе сарғыш.
Құйрық майдың биологиялық құндылығы басқа жануар майларымен салыстырғанда төмендеу. Себебі, пайдалы қанықпаған май қышқылдары қойдың майының құрамына кіреді.
Құйрық май – тыныс алу жолдарының ауыруларына: бронхит, трахей, бронхопнемония, суық тию ауыруларына қолдануға таптырмайтын ем. Түнде кеудеге және арқа бөлігінің жоғарғы жағына, аяқтын астына жұқалап жағады. Жақсы күтілген, далада жайылған қойлардың құйрығында 30кг май болады. Таулы аймақтарда құйрықты кептірілген күйде қолданады. Құйрық майды жасқа толмаған сәбилерге ішкізеді, суық тиген жағдайда қыздырып денесін майлайды. Себебі, құйрық май жас сәбидің ағзасын қорғаныштық қабілетін күшейтіп, септігін тигізеді. Табиғи құндылығы жоғары болғанымен қарапайым халыққа қол жетімді болып табылады.
Зеттеу бөлімі
Зерттеуді ғылыми деректерде көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып жүргіздік. Құйрық майдың қандай да емдік қасиетін анықтау үшін міндетті түрде оның құрамы қажет. Құйрық майдың құрамын келесі сызбадан көрсек болады.

Құйрық май
![]()
Май қышқылдары: Витаминде: Басқа да элементтер:
-
Қаныққан май 1. А витамині 1. Макроэлементтер:
қышқылдары: 2. В витамині - К элементі
-
каприн - Са элементі
-
лаурин - Mg элементі
-
миристин - Na элементі
-
пентадекан 2. Микроэлементтер:
-
пальмитин - Fe элементі
-
маргарин - Йод
-
стеарин - Cu элементі
-
лигноцерин
-
Қанықпаған май
қышқылдары :
-
миристолеин
-
пальмитолеин
-
олеин
-
нервон
1-сызба. Құйрық майдың химиялық құрамы
Ескерту. Ғылыми еңбектер мәліметтерін қолдану арқылы автормен құрастырылды
Ғылыми деректердегі мәліметтерді назарға ала отырып, зерттелініп отырған құйрық майдың құрамын анықтау мақсатында арнайы зертханамен тығыз байланыс жасалынды. 2013 жылы 29 наурызда үйде өсірілген құйрықты қойдың құйрығының құрамын Алматы қаласы «Тағамтану академиясында» арнайы зертханада лаборант У.Отемуратованың жетекшілігімен зерттеп, нәтижесін алдым. Зерттеу 20*С температура мен 70% ылғалдылықта жүргізілді. Зерттеу нәтижесіндегі әрбір құрамдас бөліктің биологиялық ерекшелігіне тоқталып, құйрық майдың биологиялық әсерін анықтадым. Зерттелінген құйрық майдың құрамы томендегі кестеде келтірілген.
|
Көрсеткіш атауы және мөлшері |
Алынған мөлшері |
Зерттеу әдістері |
|
А витамині Е витамині Макроэлементтер, мг: К элементі Са элементі Mg элементі Na элементі Микроэлементтер, мкг: Fe элементі Йод Cu элементі Қаныққан май қышқылы : С10:0 каприн С120:0 лаурин С14:0 миристин С15:0 пентадекан С16:0 пальмитин С17:0 маргарин С18:0 стеарин С24:0 лигноцерин Қанықпаған май қышқылы : С14:0 миристолейн С16:0 пальмитолеин С18:0 олеин С24:0 нервон Қанықпаған май қышқылдары : С18:2 линол С18:3 линолен Май қышқылдарының жалпы мөлшері
|
0.064 0.5 1.1 0.6 0.8 1.0 49 9.7 10.1 51.66 0.12 0.23 3.27 0.51 24.86 1.44 21.07 0.16 39.15 0.53 1.58 36.95 0.09 4.19 3.22 0.97 95.00 |
ГОСТ 30627.1-98 ГОСТ 30627.1-98 И.М.Скурихин,1998г. И.М.Скурихин,1998г. И.М.Скурихин,1998г. И.М.Скурихин,1998г. И.М.Скурихин,1998г. И.М.Скурихин,1998г. И.М.Скурихин,1998г. ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96 ГОСТ 30418-96
|
|
Ескерту. «Тағамтану академиясы» зертханасы мәліметтері негізінде құрастырылған |
||
Кесте 1. Зертханада зерттелген құйрық майдың химиялық құрамы
Зерттеу нәтижесін талдай келе құйрық майдың химиялық құрамындағы құрамдас бөліктеріне талдау жасадым.
А витамині құйрық майдағы мөлшері 0,064. А витамині (ретинол, антиксерофталмалық) А витамині химиялық құрылымы тұрғысынан каротинге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Эмпирикалық формуласы С20 Н30 О ретинолдың химиялық формуласын 1937 жылы швейцар химигі Каррер тапты.
Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор. Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде ағзадағы зат алмасу бұзылады, оның салдарынан өсу кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің мүйіз қабығы бүлінумен қатар, әлсіз жарық жағдайында адамның көру қабілеті де нашарлайды.
А витамині сары-сұр түсті кристалдары ине пішіндес, суда ерімейді, ал метил спирті, хлороформ, ацетон, бензин мен петролейн эфирінде жақсы ериді. Оптикалық активтілігі жоқ, жарықтың әсерінен тез бұзылады. Ретинолдың құрамында бос спиртті топ болғандықтан сірке қышқылымен реакцияланып А витаминінің ацетаты - күрделі эфирін түзеді. А витаминінің ацетаты - күрделі эфирін түзеді. А витаминінің екі түрі бар: А1 және А2.
Витаминнің β-иононды сақинасында екінші қос байланыс бар. А витаминінің құрылысы β - каротин молекуласының бір жартысына ұқсас, тек айырмасы шеткі көміртек атомында (ортаңғы каротинде) спирттік топ бар. Тұщы суда тіршілік ететін балықтар майында және балық көзінің тор қабатында кездесетін екінші А витамині табылды, ол А2 витамині деп аталады. Бұл витамин құрылымының А1 витаминінен айырмасы ядродағы С3 және С4 атомдарының арасында екінші қос байланыс бар. Көкөністерде әсіресе, сәбізде қызғылт түсті пигменттер-каротиндер кездеседі. Каротиноидтар каротинге және ксантофиллге бөлінеді. Өсімдіктерден - α-,β- және γ-каротиндер бөлініп алынды. Бұлар жемшөппен бірге жануарлар ағзасына барғаннан кейін, каротиназа ферментінің көмегімен бауырда ыдырап ажырайды да А1 витаминін түзеді.Каротиноидтардың ішіндегі әсіресе, активтісі β-каротин , бұл каротиннің бір молекуласы ретинолдың екі молекуласын түзеді.
Ал α және γ- каротиндері біреуден ғана А витаминін түзеді. Бірқатар ксантофильдер де (криптоксанин, лутейн т.б.) ыдырап айырылу арқылы А витаминін береді. Сөйтіп, А витамині адам мен мал ағзаларында каротин деп аталатын өсімдік тектес сары пигменттердің биологиялық өзгерістерге ұшырауынан пайда болады. Каротинге сәбіз, асқабақ, қымыздық, қара қарақат, қара жидек, қарлыған, қызыл бұрыш, томат және т.б. өсімдіктер өте бай.
Адамда жеген тағамдарының құрамындағы каротиннің ретинолға айналуы ащы ішектін сілекей қабаттарында өтіп, ол бауырда жинақталады. Сонымен А витамині α, β, γ – каротиндердің ыдырауынан түзіледі.
Ретинолмен каротиндер тотығу-тотығусыздану реакцияларына қатысады. Бұлардың құрамында қос байланыстар бар болғандықтан, клеткалар мен ұлпаларға сутегі мен оттегін тасымалдауға тікелей қатыса алады. Адамның және жануарлардың ағзаларында А витамині бірнеше қызмет атқарады: тері қабатында, тыныс алу жолдарында және ас қорыту жолында эпителий клеткаларының түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан ағзадағы клеткалардың түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан ағзадағы клеткалардың өсуіне және олардың белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық процесстерді реттейді. Қорғаныш белоктар (антителелар) мен лизоцим ферментінің түзілуіне қатысады.
Ретинолдың көздің көруіне байланысты химиялық прцестеріне қатысуы жақсы зерттелген. Көру процесінде А витаминінің тотыққан түрі – ретиналь активті қызмет атқарады.
Жануарларға мысалы, тышқандарға жүргізген тәжірибелер нәтижесінде А витамині құрамында күкірт бар амин қышқылдары алмасуына қатысатындығы анықталды, әсіресе, бұл витаминнің өсіп-өну процесіндегі маңызы күшті. Ретинол жетіспесе белоктың биосинтезі бұзылып, ұрпақтың тіршілігінің жоюына алып келеді.
А витамині мен қалқан безі гормоны - тироксиннің арасында антогонистік қарым-қатынас бар. Жануарлардың қалқан бездерін сылып тастағанда, олардың ұлпаларында А витамині көп мөлшерде жиналады екен. Шамасы, тироксинретинолдың биологиялық тотығуын жылдамдататын болуы тиіс. Адам ағзасы тәулігіне орта есеппен 105 мг А витаминін қажет етеді. Осы мөлшердің 1/3 ретинол ретінде алынса, 2/3 каротин арқылы алынады. Ал, бұл провитаминнің 1/3 ғана А витаминін алу үшін тамақта үш мг каротин болуы керек. Сонымен күнделікті тағамымызда шамамен 0,5 мг ретинол және 3-5 мг каротин болу тиіс.
Өте суық немесе ыстық күндері А витаминін ағза көп қажет етеді. Ал бала емізетін әйелдер бұл көрсетілген мөлшерді шамамен екі есе артық қабылдайды. Ағзадағы ретинол жетіспесе адамның көз жанары нашарлайды ( тауық көз болады, көзі іріңдейді және т.б. көз ауруларына шалдығады). Ағза ойдағыдай өсіп жетілмейді, терісі құрғап, қабыршықтанады, бөрітеді, шаштың түсі оңып, түсе бастайды. Қазіргі уақытта мұндай клиникалық белгілер сирек кездескенімен, ағзада зат алмасуының көптеген процестері нашарлайтыны байқалады. Осыған байланысты ағзаның ауруға төзімділігі әлсірейді. Сондықтан тағамның құрамында әрдайым А витамині мен каротиннің болуы қажет екенін ұмытпау керек. Яғни сары немесе қызыл түсті өсімдіктер, балық, теңіз жануарлары, сүт, сары май, жұмыртқа, мал мен балық бауырынан жасалған тағамдар дастарханымыздан жиі орын алғаны жөн. Сөйтіп, адам мен жануарлар ағзасы тек бос түріндегі А витаминді ғана сіңіріп қоймай, сонымен бірге каротиндердің құрамына енетін А витаминін де сіңіре алады.
А витамині тағаммен бірге, ішектің сілекей қабаттары арқылы бауырға пальмитин қышқылының эфирі түрінде жеткізіліп және бауырдың белоктарымен қосылып шоғырланады. Мұның сорылу процесі тотықтыра фосфорилдеудегі энергия есебінен жүреді. Өт қышқылдары ретинолдың ағзаға қабылдануын қамтамасыз етеді және оның ішекте тотығуына кедергі жасайды. Ретинол ағзамен глюкуронид түрінде сыртқа шығарылады.
Автоминоз. Ағзада А витамині жетіспеген кезде эпителий клеткаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А- витаминоздың бір себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайла болып, ол қабыршықтана бастайды, осының салдарынан микроорганизмдер және зиянды заттар клеткаға оңай ене алады. Ретинолдың жетіспеуі салдарынан лизоцим болмайды, сол көздің сырқатты ксерофтальмия (xeros- грекше құрғақ, ophtalmos-көз) деп атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көздің шынайнасы (қасаң қабаты) қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр болып қалады.
А және А витаминдері жануарлар ағзасында болады. Әсіресе, балықтың бауыры, жануарлар бауыры, жұмыртқаның сары уызы, жазда сиыр сүтінен алынған сары май осы витаминдерге бай келеді. Ал етте олар біршама аз. Каротиноидтар сәбізде, өрікте, ақжелкен жапырағында, асқабақта және барлық жасыл өсімдіктерде кездеседі. А витаминінің жануарлар ағзасында қажетті мөлшері мынандай: тірідей салмағының 1кг мөлшерде 6 мкг (1микрограмм-10⃰) Е витамині (Токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині). Е витаминін 1921жылы Иванс деген зерттеуші ашты. 1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ал α - токоферол (грек тілінде tokos-ұрпақ, phero - алып жүру, жалғастыру деген мағынаны білдіреді) деп аталады.
Е витамині немесе токоферол сары түсті май тәріздес сұйықтық, Каррер 1938 жылы α-токоферолды триметилгидрохинон мен фенилбромидінен синтетикалық жолмен алды. Токоферолдардың негізгі қыметі мынандай: олар қанықпаған липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайтын ең жақсы антиоксиданттар болып табылады. Сол сияқты олар липидтік мембраналарды бос радикалдардан қорғайды, сөйтіп оттегінің әсерінен ферментсіз жүретін реакция тізбегін түзеді. Е витамині жануарлар мен адам ағзаларында синтезделмейді, сондықтан ол күнделікті жиі пайдаланылатын тағамдарда жеткілікті болуы тиіс. Әсіресе бұл витаминді бидай мен өсімдіктердің жас жапырақтары қарқынды түрде синтездейді.
Токоферол ет ұлпаларындағы заттардың алмасулары үшін ең қажет зат. Ағзада бұл витамин жетіспесе ет ұлпаларының қызметі бұзылады, еттердің жиырылуын қамтамасыз ететін миозин - белогінің орнына, оған керісінше әсер ететін инертті коллаген белогі жиналады. Е витамині гликоциаминнен креатинді синтездеу процесіне, кретиннің фосфорилденуі мен фосфокреатин түзілуі реакцияларына қатысады, ал олар ет талшықтары жиырылуына әсер ететін негізгі компоненттердің бірінен саналады. Токоферолдың ацетилхолин синтезіне де әсері бар витамин жетіспесе, ацетилдену реакциялары жүрмейді.
Е витаминінің қандағы мөлшерінің азаюы екіқабат әйелдерге қауіпті, өйткені баланың шала тууы мүмкін. Бұл витаминнің ағзада жеткілікті болуы қанның қызыл түйіршіктерінің түрлі себептерден тез бұзылмауына көмектеседі.
Токоферол жетіспегенде ағзада тотығу процестері және минералдық алмасулар бұзылады, әсіресе кальций мен фосфордың айналыстары. Бауырда гликоген мөлшері кемиді. Е витамині бауырда А витамині жинақталуына көмектеседі, шамасы каротиннің А витаминіне өзгеруін тездететін болуы керек. Бұл витаминнің май қышқылдары тотығуына да әсер етеді.
Е витамині бауырда, май ұлпаларында, қанның түйіршіктерінде, жұмыртқаның сары уызында көп мөлшерде кездеседі. Бидай дәнінің тұқымынан алынатын май да токоферолға бай келеді, оның 1мл-де 3мг витамин бар. Соңғы кездері Е витаминіне бай шырғанақ майын да пайдаланады. Авитоминоз. Токоферолдар жетіспеген жағдайда жануарлар ұрпақсыздық дертіне шалдығады, бұлшық еттері әлсізденіп, қоректенуі бұзылады, бауыр некрозына ұшырайды. Ағзадағы мұндай бүліну өзгерістері мембранадағы липопротеидтік компоненттердің зақымдалуымен байланысты.
Йодтың биологиялық маңызы.
Ол медицинада бірқатар
ауруларды емдеуде қолданылады. Йод тұндырмасы деп аталатын 5-10%-
дық йодтың спирттік ерітінідсін медицинада микробка қарсы зат
ретінде пайдаланады. Органикалық қосылыстардың йодты туындылары да
белгілі фармацевтикалық препараттар алуда қолданылады.
1
ауада 0,001-0,002 мг йод
болады. Кейбір теңіз балдырларында йод теңіз суларынан
жиналады.
Өсімдік майлары: жүгері майы, бидай майы, зығыр майы, күріш майы, мақта майы сияқтылар токоферолдың бай табиғи қоры болып табылады. Жануар тектес өнімдерде Е витамині шағын мөлшерде кездеседі.
|
Триглицеридтер |
Пальмитин |
Стеарин |
Олеин |
Линол |
Линолен
|
|
Сұйық май Қатты май |
1,58 38 |
21,07 30 |
36,95 35 |
3,22 3 |
0,97 9 |
Кесте 2. Қатты және сұйық майлар триглицеридтерінің жуықтап алынған құрамы (мас,% )
Алу жолдары. Майларды жануарлар мен өсімдіктерден бөліп алады. Майларды синтездеуді алғаш рет француз химигі М.Бертло (1854) жүзеге асырды. Бірақ тиімсіз болғандықтан, майлар синтездік жолмен алынбайды.
Физикалық қасиеттері. Майлар
судан жеңіл, тығыздығы 0,9-0,95г/
Суда ерімейді, көптеген органикалық еріткіштерде (бензол, бензин, дихлорэтан,) ериді.
Агрегаттық күйіне байланысты майлар сұйық және қатты болып бөлінеді. Өсімдік майы, әдетте, сұйық, ал жануар майы қатты болады. Бірақ кейде жануар майының ішінде сұйығы (балық майы), ал өсімдік майларының қаттысы да (кокос майы) кездесіп қалады. Майдың сұйық немесе қатты болуы оның құрамында кіретін карбон қышқылының табиғатына байланысты. Құрамына қанықпаған карбон қышқылының қалдығы кірсе, май сұйық, ал қаныққан қышқыл қалдығы кірсе, май қатты болады.
Зерттелініп отырған құйрық
майдағы темірдің мөлшері-49 мг. Темір ағзаларда болады. Ересек
адамның денесінде 4-5 гр темір болады, оның
65
-ы қанның гемоглабинінде
болады. Гемоглабин қанға қызыл түс беріп, тыныс алу мүшесінен
оттегі әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Темір иондары көптеген
ферменттердің қалыпты қызмет етуіне, қан түзілу үрдісіне және
ағзадағы зат алмасу процесі жүруі үшін қажет. Темір атмосфералық
азоттың фиксациясы кезінде және өсімдіктердегі фотосинтезде жүретін
реакцияларға қатысады.
Мыстың зерттелініп отырған құйрық майдағы мөлшері 10,1 мг. Өсімдік және жануарлар ағзасында мыстың мөлшері шикі затқа есептегенде 10-5 % -дан 10-3 % аралығында болуы тиіс. Мысқа кейбір омыртқасыз – былқылдақденелілер бай болады. ХIХ ғасырдың өзінде ұлулардың көгілдір қанын зерттегенде ғалымдар қанда көгілдір түстің болуы мысқа байланысты болатынын дәлелдеген болатын. Ол адамның қанында шамамен 0,001 мг/л мөлшерінде кездеседі.
Жануар мен адам ағзасында мыс бауырда түзеледі. Ол қан түзу үрдісіне қатысады, тотығу процессін күшейтетін көпдеген ферменттердің құрамына кіреді, көмір су алмасуын, гемоглабин және майлар синтезін, витаминдердің түзілуін қамтамассыз етеді.
Адам ағзасында мыс жетіспесе қан аздық ауыруы пайда болады, ал өсімдіктерде жетіспесе олардың дамуы мен жеміс беруі нашарлайды. Бірақ, оның артық мөлшері зиян болып келеді. Мыс қосылыстарын өсімдіктердің зиянкестеріне және саңырауқұлақтарда қарсы күресте қолданылады.
Магнийдің құйрық майдағы мөлшері – 0,8 мг. Магний атомы – жасыл өсімдіктердегі хлорофильдің құрамдас бөлігі. Ол жеткіліксіз болғанда жүрек бұлшықеттерінің жұмысы бұзылады. Калийдің зерттелген құйрық майдағы мөлшері- 1,1 мг, ал натрийдің мөлшері-1,0 мг. К және NA табиғи қосылыстарының тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызы ерекше. Натрий хлориді адам тағамы мен жануар азығының қажетті компоненті болып табылады. Ағзада калий мен натрий иондары үнемі дерлік қарама-қарсы бағыттарда көпдеген биохимиялық реакцияларға қатысады.
Құйрық майдың құрамында түрлі қосылыстар мен элементтердің болу себебін анықтау үшін қойдың азығына аса назар аудардым. Жоғарыда айтып өткеніміздей қойдың негізгі азығы кәдімгі жусан, ермен, дермене, жоңышқа болып табылады. Малдың ағзасында болатын кез-келген элемент оның жейтін азығынан түзеледі. Қойдың негізгі азығы болып табылатын ермен және дермене жусандардың емдік қасиеттеріне тоқталсақ. Қазақ емшілері ерменді өңірдерге жайылған ұсақ малдың сорпасы мен еті жеңіл ауырулардың емі деп есептеген. Шындығында да, ерменге жайылған қойдың еті мен сорпасынан ерменнің исі анқып тұрады. Сонымен қатар – ерменді асқынған жараны емдеуде, іріңді жаралардың іріңін шығаратын, қанды тазартатын дәрі ретінде қолданған. Оны сары ауыруға, бауырдың, қуықтың, көкбауырдың, ішектің ауыруларына қолданып, ұстамалы, созылмалы сырқаттарға да, ұтымды пайдалана білген.
Қытайдың халық медицинасында буын ауыруларына, сулы бөртпеге ерменді қолданған. Олар буын қабынып, сыздап ауырған кезде ащы ерменді қайнатып, жылыдай сумен ауырған жерді жуады. Бұл аталған сырқатқа 3-5 күн ішінде өз нәтижесін берген. Ғылыми зерттеуді жүзеге асыру барысында мен ерменге 10г, қызыл мия тамырын қосып, қайнатып, жылы күйінде бөтпеге жағып көрдім. Екі күн өткен соң бөрпе жоғалып, оң нәтижелер берді.
Аталған шөптердин құрамы мен биологиялық ерекшелігін талдау мақсатында келесі кестені құрастырдым.
|
Өсімдік атауы |
Құрамы |
Биологиялық ерекшелігі |
|
Жусан |
Қоректік заттар мол, эфир майы, каротин, аскорбин қышқылы, алколойдтар бар. |
Жемісі – тұқымша. Көп жылдық шөптесін өсімдік, қиын жұлынады. |
|
Ермен |
Ащы ермен глюкозиті, ұшқыш май, С дәрумені бар. |
Сабағы тік өсетін, түсі қою-күлгін түсті. Тамырының жоғары жағы жуандау, қысқа, шашақ тамырлы. Жапырақтары қысқа, бет жағы ашық-жасыл түсті, гүлдері ұсақ сары және қоңыр түсті. Себет гүл шоғыры шілде айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. |
|
Дермене |
Антгельминитін – сантонин, глюкозиттер, алколойдтар бар. |
Жаз, күз мезгілдерінде гүлдейді. Сабағы-төселмелі, тік орналасқан. Іш ауыруына қарсы қолданылатын сантонин дәрісі, медицинада, парфюмерияда қолданылатын эфир май алынады. |
|
Жоңышқа |
А,В,С,Е витаминдері, ақ уыз және амин қышқылы. |
Жоңышқаның көмегімен жазалған дәрілік препараттар ішті жұмсартады, денені қуаттандырады, қанды көбейтеді, ісікті қайтарады. Іштегі жиналған керексіз заттарды айдап шығарады. |
|
Есерту. Тиісті әдебиеттерді қолдана отырып, автормен құрастырылған |
||
Кесте3. Қойдың негізгі азығы болып табылатын өсімдіктердің биологиялық ерекшелігі мен құрамы.
Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, қойдың негізгі азығы болып табылатын өсімдіктердің барлығы дерлік медицинада қолданып, емдік қасиетке ие болып табылады. Құйрықты қойдың ас қорту жүйесін ғылыми әдебиеттермен зерделей отырып, азық арқылы келетін пайдалы, дәрілік элементтердің барлығы дерлік қойдың құйрық майына жиналатынына көзіміз жетті.
Қойдың құйрық майының химиялық құрамына талдау жасай келе құрамында көптеген адам ағзасына пайдалы элементтердің бар екені анықталды. Әрине осындай, пайдалы емдік құрамдары қойдың негізгі азықтарының (Ермен,
Дермене, Жоңышқа) үлесі басым.
Халық арасында құйрық май ежелден емдік қасиетімен танымал. Ертеде көшпелі халықтар алыс жолға шыққанда, қасындағы жас сәбилердің аузына кішкене құйрық майды салып қояды екен. Оның себебі, құйрық май сәбидің қорғаныштық қызметін арттырып, суық тию және т.б. ауырулардан сақтайды екен. Сонымен қатар, құйрық майды суық тиген кезде адам денесіне ерітіп жағып емдеген.
Құйрық майды емдік препарат ретінде қолдануға болатын аурулар:
- адамның тыныс алу жолдары аурулар:
бронхит, бронхо – пневмонияда
- әр түрлі жағдайлардан адам ағзасына суық тиген кезде;
- шаштың түсуін тоқтатуда;
- адам денесінің күйген жерлеріне жаққанға;
ас-қорыту жүйесін жақсартуға, қан аздықта (анемия) емдеуде;
- қант диабеті ауыруында
- бауыр дистрофиясын емдеуде:
Ғылыми жұмыстың мақсатында құйрық май мен жалбыз өсімдігін қолданып, жаңа дәрілік препарат ойлап табу көзделген болатын. Мақсатқа сай құйрық майдың құрамын, емдік қасиетін зертеген соң оған жалбыз өсімдігін қосып дәрілік перепарат жасау жүзеге асыралды. Құйрық майдың кеңінен қолданылмауының негізгі себебі – оның жағымсыз исінің болуы. Иісті жоғалтып, жаңа қоспа алу үшін жалбыз өсімдігі таңдалды.
Жалбыз (Mentha) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын қош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Негізінін, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, таулы аймақтарда өседі. Кең тараған түрі – дала Жалбызы. Оның биіктігі – 15-60см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі үшкір, қарама-қарсы орналасады. Тұқымы – көп түйірлі жаңғақша. Жалбыздың жапырағында ментол болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді.
Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланады. Гүлінен ара бал жинайды.
Кермек жалбыз – маңызды дәрілік өсімдік. Оның жапырақтарында 3% ке дейін, гүл шоғырында 6% ке дейін эфир майы болады. Жалбыз май ауырсынуды басатын дәрі ретінде пайдаланады. Бас сақинасы, асқазан, тыныс жолдарының ауыруларын емдеуге таптырмайтын ем. Дәрілерге, парфюмерия бұйымдарына қош иіс беру үшін кеңінен қолданылады.
Жалбыз өсімдігінің дәрілік препарат ретінде қолданылуы;
-
адамды тыныштандыратын, ауырсынуды басатын микробқа қарсы зат ретінде;
-
жүрек тарсылын, демікпені, жүректегі аурсынуды басады, жүрек бұлшық еттерінің түйілуін жояды, қан қысымын төмендетеді;
-
тәбетті ашып, лоқсуды және іштің кебуін басады, ас қортуды жақсартады;
-
холеститтерде, гепотиттерде өттің бөлуін күшейтеді;
-
асқазан – ішек жұмысы бұзылғанда, іш өткенде, колиттермен энтероколиттерде пайдаланады;
Сонымен бірге, әр түрлі неврозда, жүкті әйелдердегі таксикозда қолданады

Адамды тыныштандыратын, ауырсынуды басатын микробқа қарсы зат ретінде;
-
Жүрек тарсылын, демікпені, жүректегі аурсынуды басады, жүрек бұлшық еттерінің түйілуін жояды, қан қысымын төмендетеді;
-
Тәбетті ашып, лоқсуды және іштің кебуін басады, ас қортуды жақсартады;
-
Холеститтерде, гепотиттерде өттің бөлуін күшейтеді;
-
Асқазан – ішек жұмысы бұзылғанда, іш өткенде, колиттермен энтероколиттерде пайдаланады;

Қорытынды
Ғылыми жұмысты орындауда жұмыстың бастапқы мақсаты мен міндеті толығымен орындалады. Бастапқы кезеңде зерттеуге қажет ақпараттар, атап айтсақ, қойдың азығы , құйрық май, оның қасиеті мен қолданылуы жайлы теориялық мәліметтер жинастырылады. Теориялық мәліметтерге сүйенне отырып, қажетті зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Алматы қаласы «Тағамтану академиясымен » байланысты орнатылып, зертханада құйрық майдың химиялық құрамы, биологиялық ерекшеліктері зерттелінеді. Құйрық майдың құрамындағы элементтерге, олардың қасиетіне талдау жасалынады. Құйрық майдың құрамында маңызды элементтердің болуы қойдың негізгі азығының емдік шөптер болуымен түсіндіріледі. Олар: ермен, дермене, жоңышқа. Аталған шөптердің де құрамы, биологиялық ерекшеліктері анықталып, зерделенеді.
Жұмыстың соңғы нәтижесі - «жалбыз қосылған құйрық май» дәрілік биопрепараты. Жалбыз өсімдігі бір жағынан дәрілік шөп ретінде болса, екінші жағынан құйрық майдың өзіне тән иісін жоятын хош иісті қоспа ретінде қолданылады. Ойлап тапқан биопрепаратты адам денесі суық тигенде, әр түрлі жарақат, күйген жерлерге сыртқа қолдануға ұсынылады. Әсіресеі жас сәбилердің денесіне жаққан тиімді. Препарат жас сәбидің қорғаныштық қызметін қатайтып, суық тиюден сақтайды. Сонымен қатар, дәрілік препаратты шаш түсу кезінде де қолдануға болады.
«Жалбыз қосылған құйрық май» дәрілік биопрепаратының артықшылықтары мен қолданылу аясын төменнен көруге болады.
Химиялық қоспасыз, табиғи шикізат
![]()
Т
«Жалбыз қосылған құйрық май» дәрілік биопрепараты
үрлі жарақат кезінде Күйген жерге жағуғапайдалануға
![]()
С
уық тигенде денеге Экологиялық таза
жағуға өнім
Экономикалық жағынан тиімді, арзан шикізат
Дәрілік препарат медицинада кеңінен қолданылып, фармацевтикада шығарылуы болашақтың еншісінде. Құйрық майдың құрамын, емдік қасиетін дәлелдеп, ғылыми жұмыстың жалғасы ретінде басқа да дәрілік өсімдіктерге құйрық майды қосу арқылы дәрілер ойлап табуды алдыма мақсат қоямын.
Зерттеу жұмысын қорытындылай келе келесідей ұсыныстар білдіремін.
-
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауында «Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі» деген сөзіне сай қазіргі таңда адам денсаулығына аса мән беріліп отыр. Осы орайда мен ұсынған таза табиғи препаратты қолдану азаматтар денсаулығын сақтауда дұрыс шешім екеніне баса назар аударылды.
-
Мен құйрық майдың биохимиялық құрамын зерттей келе болашақта медицина саласында қолдануға тиімді биопрепаратты қолдануды, оны одан әрі формацевтикада өңдеп, қолданысқа енгізуді ұсынылды.
-
Құйрық майдың қоспасынан жасалған препарат басқа химиялық қоспалардан жасалған дәрілерге қарағанда зиянсыз, экологиялық, экономикалық жағынан тиімді, қолжетімді әрі денсаулық үшін таптырмас құрал екеніне көзім жетіп, оны денсаулық сақтауда жаппай қолдануды ұсынамын.
-
Құйрық майдың құрамында бауырды зақымдайтын холистериннің аз екенін ескеріп, оны тек сыртқы қолданысқа ғана емес, сонымен қатар, ішке қолдануға да ұсынылады.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлов, Ж.Қожантаева Алматы «Атамұра» 2012 153-118-119 б.
-
Р.Н.Нұрғалиев, Ж.А.Адаев, С.Ә.Әбілдин. Қазақ ССР қысқаша энциклопедия 2-том Алматы: 1987.01.71-311-159-90-170 б.
-
Р.Н. Нұрғалиев, Адаев, М.Ә.Айтхожин, С.Әбдірахманов, А.О Әлімбаев, Е.Е.Ерғожин, И.Хасенов, Ол кім бұл не ІІ том Алматы: 1986 173-б.
-
М.Қ.Қаратаев, Х.А.Арыстанбеков, У.М.Ахмедсафин, Ж.М.Ахмедсафин, Ж.М.Әбілдин, Қ.С.Әбділханов, М.Б.Бәйімбетов.Қазақ Совет энциклопедиясы Алматы 1976. 430-515-519 б.
-
Қ.С.Сағатов 2008. Биохимия. Оқулық. (2-басылым)-Алматы.
«Білім» баспасы, 2007, «Білім» баспасы, 2008 164-165-166-178-180 б.
-
Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова
2-бас. Алматы: Мектеп,2011, 11-сынып 217б.
-
Алматы қаласы «Тағамтану академиясының» мәліметтері.
-
«Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысының өңірлік филиалының мәліметтері.
-
Мустанов Ф.Т.Халық денсаулығы мықты болса, мемлекеттің денсаулығы мықты болады. Қазақ үні газеті, 2012 жыл 27 қаңтар.
-
Хамитов Т.Д. Халық денсаулығы-стратегиялық мақсатқа қол жеткізу кепілі. Президент және заң газеті. 2013жыл 13 мамыр.
Мазмұны
-
Аннотация.................................................................................................1.
-
Кіріспе бөлім..............................................................................................4.
-
Негізгі бөлім...............................................................................................5.
-
Зерттеу бөлімі...........................................................................................8.
-
Қорытынды...............................................................................................18.
-
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................20.
«Құйрық майдың биологиялық маңызы мен ерекшелігі» тақырыбына жазылған ғылыми зерттеу жұмысына
Сын – пікір
Абдуллаева Марина Мырзагалиевна «Құйрық майдың биологиялық маңызы мен ерекшелігі» тақырыбына жазылған ғылыми зерттеу жұмысы зерттеу жұмыстарының талаптарына сай жазылған. Қазіргі таңда адамдар денсаулығына көптеген химиялық қоспалары бар дәрілердің зиянының артуына байланысты қойдың құйрық майын зиянсыз дәрі ретінде қолдану тиімділігін ескерсек, Маринаның таңдаған тақырыбының өзектілігін көреміз. Зерттеу жұмысының мазмұны мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.
Маринаның зерттеу жұмысы барысында сызған кестелері, диаграммалары, зертханадан алған мәліметтері талапқа сай.
Ғылыми зерттеу жұмысының маңыздылығын ескере отырып, жұмыстың орындалуына жоғары баға беремін.
Ғылыми жетекші
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құйрық майдың биологиялық маңызы мен ерекшелігі

шағым қалдыра аласыз