жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құм терапиясының маңызы және қолдану ерекшеліктері
ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
Бейсенова Еркеназ Нұрланқызы
Жетекшісі: Елеусизкызы Меруерт
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы.Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі.Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби.Жеке тұлғаны дамытуға қызмет ететін білім мен тәрбие негізі, өзегі – балабақшадан бастау алатыны бүгінгі күні білім беру әлемінде дәлелденіп отырғаны ақиқат. Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз жөн.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтуынша, сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды. Осы ретте жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – осы күннің негізгі міндеті.Қ.Тоқаев отандық білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақтай отырып, бір орында тұрып қалмай, әрдайым даму жолында болу керектігін атап өтті[1]. Бала жастайынан бір нәрсеге қызықпаса, не шығармашылыққа, не спортқа, не қолөнерге, не техникаға бейім болмаса, оның болашағы күмән тудырады.Сондықтан қайткен күнде де балаларымыздың қызығушылығын оятуымыз керек деген мәселені алға тарту мақсатында осы тақырыпты алып отырмыз.
Жалпы К.Д. Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді. Оқуды “тәрбиенің негізгі құралы” деп бағалады.Ол сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл – ойын да, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастыруды талап етті. К.Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеді[2].
Осы себептерден біздің қарастырып отырған мәселеміз бойынша құм терапиясының маңыздылығын атап өткен жөн. Оның маңыздылығы баланың сөзбен айтып жеткізе алмаған ойларын, жан дүниесінде туындаған қиындықтарды, шығармашылық әлеуеттерін дамытуға көмектеседі.Құммен жұмыс жасау баланы ашуға тез берілуден, жылауықтықтан, агрессиядан айықтырады және туындау мүмкін қиындықтардың алдын-алады.Бала үшін әр өнердің түрі ерекше болғанымен, құммен сурет салу қай жағынан да тигізер пайдасы мол. Құм – тек баланы өнерге баулып қана қоймай, медициналық тұрғысынан да тиер көмегі ерекше.Мәселен дәрігерлер сал ауруымен ауыратын балаларға құммен сурет салуға кеңес береді екен. Өйткені, саусаққа тиген құм түйіршіктері бойдағы ұйықтап жатқан қантамырларын іске қосады екен. Жүйке жүйесін тыныштандырып, балаға сенімділік сыйлайтыны тағы бар.Құм терапиясында әңгімелесу, түрлі – түсті құммен сурет салу, танымдық ойындар, коммуникативтік ойындар, пікірталастар сынды әдіс-тәсілдер қолданылады.
Бастапқы кезеңде бұл өнер түрі мултьфильмдердің, анимациялық фильмдердің сюжетін жасауда кең қолданылған. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік. Себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі. Құммен сурет салу өнерінің тарихы ХХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та бастау алды. Бұл өнердің пайда болуына себепші болған, сонымен қатар құмды анимацияны мультипликацияға енгізген америкалық режиссер Кэролайн Лиф болды. Оның 1969 жылы «Құм немесе Питер мен қасқыр» атты бірінші құмды фильмі жарық көрді. Осылайша, Кэролайн Лиф мұны дипломдық жұмысы ретінде қорғаған.Алайда жас аниматордың бұл еңбегін ешкім елемеген. Тек 1974 жылы жарыққа шыққан «Үйрекке үйленген үкі» атты құмды фильмі көпшіліктің қызығушылығын тудырған. Содан бері құмды анимация фильм, мультфильм, түрлі жарнамалық роликтерде, концерттік бағдарламаларда қолданылды[3].
Құммен сурет салудың артықшылығы: өмірді жақсы қырынан қабылдауға бейімдейді, есте сақтау қабілетін дамытады. Жылдамдықты сезініп, уақытпен жұмыс істеуге үйретеді.Құм бойдағы жағымсыз энергияны сіңіріп алады.
Қазіргі таңда біз білім алып отырған М.О.Әуезов атындағы педагогиклық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша жеке кабинет берілген сол жерде құм терапиясына арналған құрылғы бар.Жалпы бұл құрылғымен жұмыстар оқу процестері кезінде,іс-тәжірибе барысында және әдістемелік сабақтарда жүзеге асырылады.Бұл құрылғыда стандартты өлшемде (50 х 70 х 80 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады.Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді. Адам қолымен және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз пішіндер қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі."Оқу әрекетінде оқу міндеттері шешіліп, мотив танымдық белсенділік арқылы ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық әрекеттің калыптасуы мен анықталады" А.Е.Әбілқасымова.
Біз іс-тәжірибеден өтетін базамыздағы топта балалардың сөздік қорлардың дамуына және жалпы өзін - өзі ұстауына назарымызды аударамыз. Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға тоқталып өткім келеді. Біз әдістемелік сабақта құмды тиімді қолдануды үйреніп келеміз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар құмзарда «еңбектенудің»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасап, қоршаған ортамен, ересектердің еңбектерімен таныстыруға болады. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және комуникативті дамуына жағымды әсерін тигізеді.
Құм терапиясы кезінде балалардың жас ерекшелігіне назар аударуымыз керек.Мысалға,кіші топтарда - еркін тақырыпта қалаған бейнелерді, шимайларды салдыртамыз,ал ортаңғы топ - өтілген тақырыпты қамтимыз.Ересек топта - әріптер және де сандарды құмда бейнелейміз.Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын ойындарды оқыту және оқу қызметінде қолдана аламыз. Балаларды табиғатпен таныстыру әдісетемесінде құмнан өлі және тірі табиғаттың суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.
Қорыта келе,педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан - жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады.Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан-жақты дамуына құм терапиясының тигізер үлесі өте зор.Бала үшін құм терапиясы – өзін тануға мүмкіндік.
Пайдаланылған ресурстар:
-
https://egemen.kz/article/206857-mindet-%E2%80%93-dgeti-turli-ilim-biletin-urpaq-tarbieleu Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің жолдауынан
-
Тәжібаев Т., Психология и педагогическая психология К.Д. Ушинского, А.-А., 1948;
-
Құммен сурет салу өнерінің тарихы https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%BC%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82_%D1%81%D0%B0%D0%BB%D1%83_%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D1%96
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген