ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ - КЕМЕЛ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ - КЕМЕЛ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада сабақ барысына ұлттық құндылықтарды енгізу жайлы тың ойлар, ұсыныстар айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Д.Д.Бұланбаев , «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ, Қарағанды қаласы


ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ - КЕМЕЛ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ


Білім беру мәселесі қай елде болмасын, ең маңызды да өзекті қалпын еш уақытта жоғалтқан емес, жоғалтпайды да. Себебі, өмірді жалғастырушы ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру сол елдің болашағының нақты кепілі бола алады.

Ұлттық құндылық - бізге ата-бабамыздан жеткен баға жетпес байлық. Қазақта «балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Ол - уақыт сынынан өткен біздің ұлттық кодымыз, ұлт екендігіміздің басты айғағы. Иә, заман өзгерген сайын адамның санасы да өзгеріске ұшырайтындығы белгілі. Ендеше, біздің құндылығымыздың деңгейі бүгінгі таңда қай тұста, осыны бір бағамдап алайық. Жаһандану ғасырында осынау құндылығымызды сақтап қала аламыз ба? Бүгінгі таңда осы сұрақ біраз адамды ойландырары хақ. Бұл сұрақтың жауабын табу үшін алдымен ұлттық тәрбиенің тамырына үңіліп көрейік. Бала - жас өскін тәрізді, немен суарсаң соған бейім тұрады. Ал, біз ұрпағымыздың санасына тәрбие басы - тал бесіктен бастап құндылық ұғымын сіңіре алдық па? Балабақшада ше? Мектепте не тындырдық? Енді осы мәселеге көшейік.

Біз тағылымға тұнып тұрған ұлттық асыл мұра - әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді, тамырын тереңге жайған тарихымызды, ана тілімізді көзінің қарашығындай қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу үшін көптеген шараларды қолға алуымыз керек.

Енді осынау бағыттағы өз тәжірибемнен де бөлісе кетейін. «Сәлем - сөздің атасы» дейді данагөй халқымыз. Оқушылардың бір-бірімен амандасуы да түсінген адамға оның тәрбие деңгейінен хабар берері анық. Ең алдымен оқушыларға дұрыс амандасу жайлы да дұрыс бағыт берген жөн.

Кітап - бар білімнің бастауы. Оқушылардың тіл байлығын дамыту үшін арнайы жоспар құрып, оқушыларға жүйелі түрде әдеби кітап оқыту. Каникул кезінде арнайы уақыт бөліп, оқыған кітаптары жайлы қызықты пікірталастар ұйымдастыру оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсері сөзсіз. Ескеретін жайт - оқушылардың жас ерекшелігіне сай кітаптарды таңдауына бағыт беріп отыру. Оқыған қызықты шығарма желісі бойынша сахналық қойылым дайындау да оқушылардың кітапқа деген құрметінің артуына себеп болады.

Рас, қазіргі уақытта біздің қоғамды дөрекілік жайлап барады. Тіпті, сыпайылықтың сынға ұшырап жатқаны да жалған емес.

Осы тұрғыда 8-9 сынып оқушылары арасында «Сыпайылық сәннен қалды ма?» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырдым. Топ мүшелері әдептілік ұғымының тереңіне үңіліп, сыпайылықтың бастауы тәлім мен тәрбие екендігін, сонымен қатар біздің ұлттық салт-дәстүріміздің тек қана құндылықтардан құралғандығын дәлелдеп берді. «Құндылық деген ұғым барынша шынайы болады, ол ең алдымен адам санасынан орын алуы тиіс, адам құндылықты сезім арқылы қабылдап, сана арқылы бойына сіңіруі керек». Пікірсайыс барысындағы оқушылардың сөзінің түйіні де осы болды.

Сонымен қатар дөрекілікке салынудың басты себебі - өзгеге еліктеу екендігі де назардан тыс қалған жоқ.

Құндылықтың тәрбие ұғымымен қатар өрілгендігі белгілі. Қазақ тілі сабағында болымсыз етістік түрін өткенде тыйым салынған әдеттерді кеңінен талқылауға болады. «Қатты күлме», «үлкенге қарсы сөйлеме», «ақты төкпе», «үйде ысқырма», тағы да басқа әрекеттердің теріс екендігін сабақ барысында кеңінен түсіндіруге де мүмкіндік бар. сонымен қатар етістіктің шартты рай формасын өткен кезде де -са, -се жұрнағын жалғау арқылы салт-дәстүрімізге сай көптеген тапсырмаларды оқушыларға ұсынуға болады.

Мысалы:

-са; Аманатқа қиянат жасаса - сол адамның алдына келеді. Тамақ істегенде шашты жайса, тазалық болмайды. Нанды бір қолмен сындырса, жаман болады, кемтар адамдар сөйтеді, Саусақты ауызға салса - әдепсіздік, т.б.

-се; Үйге қарай жүгірсе, жаман болады. Орынсыз күлсе - әдепсіздік. Малды басқа ұрса - құт қашады, т.б.

Ал, әдебиет сабағына келетін болсақ, мұндағы кез келген тақырыптың құндылыққа толып тұрғандығы белгілі. Бұл пәнді оқытқан кезде мұғалім әдеби шығарманы мазмұндауды ғана мақсат етпей, оқушының бойына ізгілік пен мейірімнің ұрығын еге білуі тиіс. Мысалы, 5-сыныпқа «Қобыланды батыр» жырын өттіңіз делік. Сабақ барысында Қобыландының әрекетіне баға беру арқылы оқушыларды ойландыратын тапсырмаларды да ұмытпау керек. «Сенің бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?», «Кемшілікпен күресе білу сын ба?» сияқты сұрақтар оқушыларды дұрыс жолға жетелейтіндігі сөзсіз. Жалпы көркем шығарманы тірі ағза деп қарастырған дұрыс. Оның да жаны бар, қаны бар, тамыры соғады. Ал, сол тірі ағзаны оқушымен достастыру - ұстаздың шеберлігіне байланысты. Лириканы жүректің лүпілі деп айтып жүрміз. Ал, сол лириканы оқушының жүрегіне жеткізу үшін оның сезіміне әсер ететіндей тапсырмаларды ойластыра білген жөн. Мысалы, Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанындағы Ананың әрекеті қай оқушыны да толғантары анық. Осы тақырыпты өту барысында «Ананың аққуды атқаны дұрыс па?» деген сауалды оқушыларға қою барысында сабақтың қызу пікірталасқа айналып жүре бергенін байқадым. Оқушылардың өз пікірлерін айта алуы - олардың санасында адами құндылықтардың салтанат құрғандығының айнасы. Бұл да бір жетістік. Сабақ соңында оқушыларға үй тапсырмасын берген кезде де құндылықтарға негізделген тапсырмаларды беруге күш салу керек.

Сонымен қатар елге танымал тұлғалармен түрлі кездесулер жасау да оқушы бойындағы құндылықтарды қалыптастыруға игі әсер етері сөзсіз. Бұл жердегі бір ескеретін жайт - шақырылатын қонақты оқушылардың ұсынысымен таңдау. Сонда оқушылардың өзін қызықтырған көп сауалға жауап табары анық.

Құндылық - тұлға қалыптасуындағы ең қажетті ұғым. Ендеше, жас ұрпақтың бойындағы құндылық өлшемі - әрбір ұстаздың шыққан биігі деп санайық.



Әдебиеттер тізімі:

  1. Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы». Алматы, «Жазушы» баспасы, 2001 ж.

  2. Т.Бөрібаев «Қазақ менталитетінің әлеуметтік-философиялық табиғаты». Алматы, «Қазақпарат» баспасы, 2008 ж.

  3. М. Жұмабаев «Педагогика». Алматы «Рауан» баспасы, 1994 ж.

  4. Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау». Алматы «Нұрлы әлем», 2004 ж.

  5. Б.Мұқанова, Р.Ильясова «Этнопедагогика», Астана қаласы, «Фолиант» баспасы, 2008 ж.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2025
175
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі