Құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбиесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құрал жаңа заман талабына сай жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жанбубекова Асель Заманбековна












«Құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбиесі»

әдістемелік құрал













2025

DrawObject1











ӘӨЖ 885.756.412

Ж 693





Рецензент: «Шәкәрім университеті» КеАҚ

«Абай және руханият» ҒО басшысы ф.,ғ.,к. Смағұлова А.Т.










Ж 693

Жанбубекова Асель Заманбековна

«Құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбиесі»

әдістемелік құрал, Семей 2025 жыл. 40 бет.











© Жанбубекова А.З.


DrawObject2

Түсінік хат


Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар.

Мектепке дейінгі мекемеде топта берілетін тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.

Мектепке дейінгі ортадағы тәрбие- барлық тәрбиенің бастамасы. Бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен тәрбиешінің міндеті.

Қазіргі қоғамда жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу – ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Адамгершілік – бұл адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттейтін моральдық қағидалар жүйесі. Әсіресе, баланың балабақшадағы шағын орталық тобы кезеңінде адамгершілік тәрбиесінің негізін қалау – оның болашақ тұлғалық дамуына үлкен ықпал етеді.

Шағын орталық кезеңде балалардың мінез-құлқы қалыптасып, қоршаған ортамен қарым-қатынасы артады. Осы кезде тәрбиеші мен ата-ананың басты мақсаты – балаға дұрыс бағыт беру, жақсы мен жаманды ажыратуға үйрету. Адамгершілікке баулу тек сөз арқылы ғана емес, тәрбиешінің іс-әрекеті, мінез-құлқы, қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады.

Адамгершілік тәрбиенің мақсаты — жеке адамды дамытудың негізгі бөлігі. Тәрбиеші балаларға жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекетін үйымдастыру осы адамгершілік төрбиеден басталады.

Педагог балалардың ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілдігін, ілтипаттылығын, жауапкершілігін қалыптастырады. Әр қоғамда, өмірде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, тап аралық, халықаралың ңатынастарда мораль адамның санасезімін реттейді, ңалыптастырады.

Әдістемелік құралдың мақсаты:

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында тәрбиеленушілердің бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жолдарын қарастыру.





Тәрбиеленушілердің бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру



Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие- барлық тәрбиенің бастамасы. Бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен тәрбиешінің міндеті.

Шығармашылық білім беру саласында баланың әлемге деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және заманауи көркем құралдарының дамуымен
бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттерін қалыптастырады.[5.5]

Шығармашылығы жоғары деңгейдегі баламен жұмыстың негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және
балардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері – баланың бойына ізгілік, әдептілік, сыйластық, қамқорлық сияқты қасиеттерді сіңіру.
Тәрбие процесінде халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, мақал-мәтелдерді, ертегілерді пайдалану үлкен рөл атқарады. Қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары арқылы балаларға ізеттілік, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу сияқты қасиеттер түсіндіріледі. Мысалы, «Жақсы сөз – жанға қуат» деген мақал балаға жылы сөйлеп, әдепті болудың маңызын түсіндіреді. Ал ертегілер арқылы адалдық пен зұлымдықтың, еңбектің қадірі мен жалқаулықтың айырмашылығын бала санасына сіңіруге болады.

Шағын орталықтағы күн тәртібінің әрбір кезеңінде адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндігі бар. Таңертеңгі амандасу рәсімі – ізеттіліктің бастамасы. Ойын кезінде достық қарым-қатынас, серуен кезінде табиғатты аялау, тамақтану кезінде мәдениеттілік пен тәртіпке баулу жүзеге асады. Мысалы, тамақ алдында қол жуу, дастархан басында тыныш отыру – қарапайым да болса адамгершілікке тәрбиелейтін әрекеттер.

Тәрбиеші балаларға үлгі бола отырып, әрдайым мейірімді, сабырлы, әділ болуы тиіс. Себебі бала үлкеннің іс-әрекетін қайталайды. Егер тәрбиеші өзі мәдениетті болып, балаларға жылы сөздер айтып, мейірім танытса, балалар да сондай болуға тырысады. Адамгершілік тәрбиесі үздіксіз, күнделікті тәжірибемен қалыптасатынын естен шығармау керек.

Баланың адамгершілік дағдыларын қалыптастыруда ата-ананың рөлі ерекше. Балабақша мен отбасы бірлесе отырып жұмыс жасағанда ғана нәтиже жоғары болады. Үйде ата-анасы әдепті сөйлеп, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болса, бала да соларға еліктейді. Сондықтан тәрбиеші мен ата-ана арасында тығыз байланыс орнауы қажет.

Шағын орталық тобындағы адамгершілік тәрбиесі – баланың өмірлік құндылықтарының іргетасы. Ізгілікке, сыйластыққа, мейірімділікке баулу арқылы біз қоғамға парасатты, мәдениетті, жауапты тұлға тәрбиелейміз. Сол себепті балабақшадағы әрбір оқу іс-әрекеті мен күнделікті қарым-қатынас адамгершілік тәрбиесімен ұштасып отыруы тиіс.

Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін баланың дарындылығын анықтап,дамыту үшін әртәрбиеші өзінің алдына
мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек.

1. Баланың ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

2. Жан-жақты ақпараттандыру;

3. Коммуникативті бейімдеу;

4. Баланың шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету. Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда тәрбиеші мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса өзі өнімді нәтиже алмақ.

Балалардың мінез-құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үшін бағдарламалық тәрбие міндеттеріне, олардың күші мен мүмкіндігімен сәйкестендірілген қолайлы жағдай тудыруға назар аудару қажет. Балабақшадағы заттарды пайдалану мен оларды күтіп ұстаудың, сақтаудың берік тәртібі, өзін қоршаған ортаның ұйымдастырылған өмір ағымы, айналадағы заттардың реттілігі болуы керек.

Шағын орталық тобындағы ұйымшылдық, реттілік, тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез қалыптастырады. Себебі, балалардың тәтібіне педагогикалық әсер ету ғана емес, өзін қоршаған ортаның жинақылығы, балабақшадағы жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді әсер етеді. 

Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы арқылы бекітіледі, ол балалардың іс-әрекетінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды. 

Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды. 

Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі реніші немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат алады. Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, қапалану, уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін қалыптастырудың негізіне айналады. Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

Бала ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата-ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі. Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.

Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары неғұрлым айқын көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады. Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады.

Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді. Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді. Мұның өзі олардың  ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын басып тастамай, адамгершілік мінез-құлықтың, тәртіптіліктің негізін қалыптастыруға, топта орнатылған тәртіпті құрметтеуге мүмкіндік береді. Өз кезінде тәрбиешіден ұстамдылық, шыдамдылық, орынды қатаңдық, тәрбиеленушілерге құрметпен қараушылық талап етіледі. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі заңдылығы жеке адам дамуы үдерісінің біртұтастығы ұғымынан туады. Ол адамгершілік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты талап етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет түрткілерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн. Балалар бақшасында және жанұяда балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.   Топта балаларды жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті-рөлдік, қимыл – қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында таным белсенділігі артып, игерген білім – машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеу,ойын ойнауға қасына серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенің басқа да салалармен тығыз байланысты. Адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқынан да әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды. Адамгершілікке баулу жұмысының ережесі балабақшадан бастап нақтылы мақсатты көздеуі шарт. Тәрбиеші балалардың орынды іс-әрекеттерін мақұлдай отырып, азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздері түсініп, түзетуге бағыттай білуге тиіс. Әр балаға өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттерді үйрену керек.

Балалардың рухани дүниесін байыта отырып, талғамдарын арттыруға ат салысу, жаңа, озық тәжірбиені дер кезінде насихаттап, өмірге енгізу – барша қауым, тәрбиешілер бірлесе атқаратын абырайлы міндет.

Жас ұрпаққа адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру тұжырымдамасында былай делінген: «Мектепке дейінгі мекемеден бастап жан-жақты және толық жетілген тұлғалы адам тәрбиелеуге жәрдемдесетін эстетикалық мұраттар, талғам мен талап тілектер қалыптастыру, түптеп келгенде тәрбиенің барлық қыры мен, сырын өз бойына сіңіреді». Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенің өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп бәрін өзім істеймін деп талпынады.

Баланың осы талпынысын мақұлдап, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберем, бәрін де өзін істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Ізеттілік, ізгілік, инабатталық әдептілік – бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет.Тәрбиеші бұл мақсатта көркем әдебиет шығармаларын кеңінен пайдаланады. Солай еткенде бала өздігінен ойын ойнағанда тәрбиешінің, ата-аналарының оқыған шығармаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Осы орайда күнделікті өмірде балаларға түсінікті әзіл-қалжың шығармаларды пайдалану топта балалалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың қайырымдылығын ізгі сезімін, бір-біріне мейірімділігін тәрбиелеуге күшті әсер ететінін атап өту қажет.

Ойын мәселесімен шұғылданған көрнекті ғалымдар Р.И.Жуковская, Д.В.Менджерицкая,Т.А. Маркованың айтуы бойынша, балалардың өздігінен сюжетті-рөлдік ойындар ойнауы үшін игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек.

Ойын баланың жан серігі. Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамаын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады. Балалардың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдардың өнегесіне,балабақшадағы тәрбиеші мен қарым-қатынасы мен тәрбие жұмысын жүргізуіне байланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі баланың сәби жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді. Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына мақсатты жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиеләк мәні мол. Бала табиғатының өзі ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың қамқорлық, ізгілік сезімін оятады да, әрі қарай өрбіте түседі. Мұндай ізгілік сезім достық қарым қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады.

Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады.

Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті. Мектепке дейінгі ортаңғы жаста үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық, тәртіп сақтау, пайдалы іс-әрекет жасау, еңбек ету әдеті қалыптаса береді.

Мектепке дейнігі ересек жаста балалар қылығының адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау негізінде дамыған адамгершілік дағдылар мен әдеттер неғұрлым берік болады. Тәрбиеші балалардың адамгершілік нормаларына бағынатын, саналы түрде меңгерілген мінез-құлыққа тәрбиелейді. Адамгершілік нормалары: қайырымдылық, сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық, қамқоршылық, және т.б. ұғымдарды тәрбиеші

Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы- балаларды ұжымда тәрбиелеу заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары неғұрлым айқын көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады.

Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балалады бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді.

Мектепке дейінгі мекемеде топта берілетін тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.

Мектепке дейінгі жастағы адамгершілік-патриоттық тәрбие дегеніміз- баланың моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы-моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеудің нақты міндеттері:

-балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

-адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;

-балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік- патриоттық сезімге тәрбиелеу мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз қаласына, туған-туысқандарына, дос құрбыларына, еліне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет.

Ерте сәбилік кезеңнен бастап баланы ана тілінде сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен сусындату ең маңызды мәселе. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.

Балаларды халықтың қолөнерімен, қазіргі композиторлардың сан түрлі азаматтық тақырыптарға арналған әндерімен таныстыру балалардың қуанышын, көңілді сезімін дамытып, еліне, туған жеріне, ұшқыштарға, ғарышкерлерге, теңізшілерге, Отанға т.б. деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.

Баланы тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады.

Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар.

Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті.

Мектепке дейінгі естияр жаста үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық, тәртіп сақтау, пайдалы іс-әрекет жасау, еңбек ету әдеті қалыптаса береді.

Мектепке дейінгі ересек жаста балалар қылығының адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау негізінде дамыған адамгершілік дағдылар мен әдеттер неғұрлым берік болады.

Тәрбиеші балалардың адамгершілік нормаларына бағынатын, саналы түрде меңгерілген мінез-құлыққа тәрбиелейді. Адамгершілік нормалары: қайырымдылық, сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық, қамқоршылық, және т.б. ұғымдарды тәрбиеші бірте-бірте балаларға түсіндіру арқылы меңгертеді.

Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық тәрбиесінің мазмұны «Балаларды әрбиелеу бағдарламасында» көрсетілген. Оған: Отанға, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, оларды және олардың еңбегін құрметтеу, ұлтаралық, ұжымдық және адамгершілік бастамасы, мінез-құлық тәртіптілігі мен мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері, жеке адамның жағымды адамгершілік сапалары кіреді.

Тәрбиешілер балалармен тақырыптық сабақтар өткізеді, Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттатып, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Еліміздің төл мерекелеріне балабақшада ертеңгіліктер өткізіледі. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата–аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосқаны абзал.

Балаларды адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, кітапханалар мен мұражайлардың сабақтастығыда әсерін тигізеді.

Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. «Әрбір Қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір Қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет.

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық – қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм,

Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері - мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана, және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады.

Жалпыадамзаттық құндылықтар-халықтың, түрлі діннің, әрқилы дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушінің бойындағы патриоттық құндылықты айқындауда жоғарыда патриотизмге берiлген анықтамаларға және құндылық, адамгершiлiк құндылық ұғымдарын философия, педагогика, психология ғылымдары тұрғысынан саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.

Балалардың бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда қойылатын негізгі талаптар айқындалды:

- топтағы жүргізілетін патриоттық тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі,

-пәнаралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық;

- топтың алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда негізделуі;

- сабақтың құрылымында патриоттық тәрбиеге арналған мазмұнның қамтылуы, сабақ мазмұнының балалардың патриоттық іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен балалардың патриоттық іс-әрекеті арасында байланыстың болуы;

- балалардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы;

- балалардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету, топтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру;

- сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.

Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мақсат болғандықтан, балалардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы,

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.

Батылдық-қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.

Табандылық-батырлардың қалқаны. Өжеттілік, қайсарлық- адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс. Сондай-ақ,

Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін қалдырған. Мысалы:

Намысты нанға сатпа.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу − сатқындық.

Именіп жүріп көрген игіліктен − қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше − шындықтың уын ішіп өлген артық.

Ерлік − елдің қасиеті, жүректілік − жігіттің қасиеті.

Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс.

Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.

Ерлік − тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады.

Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады.

Белдескеннің – белін сындыр, тірескеннің – тізесін бүктір.

Ептілік те – ерлік.

Қолбасшы болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай бол.

Осындай тағы да басқа батырлық, ерлік, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы біздерге өсиет сөздер қалдырған.

Ұлтжандылық – халықтың рухани және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты. Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің иесін айтамыз.

Замануй  жаңа   қоғамдық   өмірде  өзгерістер болып жатқан кезде, бағытталған жұмыстың бірі -  өскелең ұрпаққа  патриоттық тәрбие беру және жұмыс жүйесін дамыту. 

Қазіргі кезде өз халқымыздың жақсы дәстүрлеріне,оның ғасырлық түп тамырына, ру, туыстық, Отан деген ұғымдарға қайта оралуға қажеттілігі  туындады.

Патриотизм сезімі өзінің мазмұнына байланысты көпқырлы болып келеді: бұл өз туған жеріне деген сүйіспеншілік, өз халқына деген мақтаныш,өз елінің байлығын молайту, оны  сақтай білу.

Патриоттық тәрбие – бұл мектепке дейінгі жастағы балаларға адамгершілік, патриоттық  сезімдерін мақсатты түрде қалыптастыру үрдісі.

Бүгінгі күні бұл жұмыс қиын да, өзекті, өйткені қазіргі жас отбастарында  патриоттық тәрбиені қажет деп түсінбейді. Сондықтан біз бұл мәселеге бәріміз бірге жұмылуымыз қажет, сонда ғана айтарлықтай қорытындыға келеміз. Сөзсіз, патриоттық тәрбие жұмысын  мектепке дейінгі шақтан бастау қажет. Осы жаста балалар үлкеннің айтқанын  тыңдап қабылдайды, сондықтан  тәрбие үрдісінде балалардың Отанға, өз қаласына, үйіне деген қамқорлықтарын  нақты түрде қалыптастыру қажет.

Сабақтардағы қолданылатын  кейбір ұғымдар балаларға түсініксіз де болып келеді. Сондықтан  тәрбиешінің негізгі мақсаты-балаларға әрбір адамның өз Отанына деген, үлкендерге, салт - дәстүрге  деген сыйластық туралы  өзі жақсы білуі керек, түсінікті деңгейде түсіндіре білу.

Балабақша балаларының сұрақтары көп болып келеді:

«Неге зейінді және сыйлы болу қажет?»;

«Біздің Отанымыз қандай?»;

«Неге елімізді қорғауымыз қажет?»-осы  сияқты сұрақтарға олар сабақта жауап ала алады.

Мектепке дейінгі жастағы бала өзін қоршаған ортаның әсемдігіне, өзінің отбасына деген сыйластық сезімі  туындаған жағдайда, оның өз Отанына деген  сүйіспеншілік сезімі, яғни патриоттық тәрбие қалыптаса бастайды.  

Мектепке дейінгі жастағы балалардың патриотизм сезімін тәрбиелеу – күрделі және ұзақ үрдіс.

Баланың тұлға ретінде дамуына жақындарына, балаларға, туған қаласына және еліне деген сүйіспеншілігі үлкен рөл атқарады. Мектепке дейінгі мекемеде патриотизм сезімдерін тәрбиелеуде басымды бағыттың бірі-ол экологиялық білім беру болып табылады. Балаларды өз елімен, ұлттық, тарихи мәдениетімен, табиғатымен таныстырғанда, олардың өз Отанының, патриоты және азаматы болатындай мінездері қалыптаса бастайды.

Адамның  балалық шағында  алған  әдемі табиғаты, елінің тарихы туралы әсері,көбіне өмір бойы есінде қалады екен.      Шындығында, біздің еліміз қандай болса да, адам өзінің туған, өсіп – өнген  жеріне, көшесіне, алғаш рет ағаш еккен ауласына   деген сүйіспеншілігін  өз Отанына деген сезімімен байланыстырады.      

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кішкентай бүлдіршіндердің туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруда тәрбие сағаттарын өткізумен қатар, тәжірибемізде балалармен бірге туған ауылдың табиғатын тамашалау, бақылау жүргізу, көкке шығу сияқты іс шаралар іске асуда

Балаларды оқыту үшін, алдымен педагогтың өзі ақпарат материалын  толық түсінікті тілде жеткізе білуі қажет. Сондықтан мен үнемі өз білімімді де жетілдіріп отырамын. Педагогтың берілген ақпаратының қандай әдіс – тәсілдер арқылы жеткізе алуына байланысты балалар оны қабылдайды және жаңа нәрсе білгісі келетін қызығушылығы  пайда болады.















Ұлттық дәстүрді пайдалану арқылы балаға адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктері


Білім беруде қазақи ұлттық ерекшеліктерімізді кеңінен қолдану арқылы балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жөнінде арнаулы, нысаналы жұмыстың қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол жұмыстың әдістемелігін әзірлеу мен тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың әсерлілігін тексеру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет деп білеміз:

Қазақ этнопедагогикасының мазмұны арқылы адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үлгісін анықтау. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде балалардың адамгершілік сезімін қалыптастыру қарқынын қадағалау. 

Балалардың адамгершілігін қалыптастыру қазақ этнопедагаогикасының мазмұнына негізделуі тиіс;

Адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағдарлау;

Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін бағалайтын көзқарас туғызу.

Мектепке дейінгі мекемеде оқу іс-әрекетінде халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиесін қолданып, оның балаларға білім мен тәрбие берудегі пайдасын жүзеге асыру әрбір тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. 

Алған білімдерін өмір тәрбиесінде іске асыру арқылы ұлттық саналығын, этномәдениетін дамытады [10].
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі – балаға ақыл-өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым салу сөздерінен айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, білікті адамдардың ақыл-өсиетін баланың санасына сіңіріп, үлкен ой салған.

Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп-қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді. Мәселен, халқымыз көкті жұлма; құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба; жалғыз ағашты жұлма; малды теппе; ақты төкпе; төгілген сүтті аяқпен баспа; т.б. көптеген мысалдар келтіре кетуге болады.

Балаларды жақсы дәстүрлерді сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге, ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында, оқу іс-әрекеттерінде шешендер мен билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні сөзсіз. Ұлылардан қалған ұлы сөздердің де баланың бойында адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға көп пайдасы бар екенін мынадан көруге болады:




Таза болсаң судай бол, 

Бәрін шыдап көтерген.

Жақсы болсаң, жердей бол,

Бәрін шыдап көтерген.

Азғана іске көп рақмет айт.

Жақсы қылық адамға ас пен киім; 



Дос табу оңай, сақтау қиын; 

Достарың көп болса да, аз деп біл.


Адамның басшысы – ақыл,

Жетекшісі – талап,

Шалушысы – ой.

Сынаушысы – халық,

Қорғаушысы – сабыр,

Қорғанышы – мінез,

Ең қымбаттысы – ар.

Таусылмайтыны – арман,

Барлығынан ардақтысы – өмір [12].

Бала біткеннің барлығы дерлік балабақша қабырғасында тәрбиешілерден тәлім алады. Егер біздің тәрбиешілеріміз әрбір оқу іс-әрекетін жоғары, сапалы, тиімді етіп өткізсе, жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру ісінде кемшілік аз болар еді. Демек, әр сабақ тәрбиелік бағыттан бөлінбей қатар жүргізілуі қажет. Ғалым-психолог Блумның пікіріне сүйенсек 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызына дейін қалыптасады – дейді. Міне, осы мектепке дейінгі кезең баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. Бұл кезде алған алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны белгілі. Осы кездегі қаланған тәрбие адамгершіліктің негізін қалайды. Сондықтан осы кезден бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, оқыту керек.

Қазіргі білім беру жүйесінің міндетті бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа және әлемдік мәдениет пен әр халықтың өзінің ұлттық тәрбиесін байланыстыра адами құндылықтарын, қайырымдылықты, ата-анаға ,Отанға, табиғатқа дегенсүйіспеншілікті арттыра отырып білімді, еңбекқор, бәсекеге бейімделген жеке тұлға тәрбиелеу.

Тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейрімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата – аналар мен тәрбиешінің міндеті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің барлық сәттерінде балалардың мінезін дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Егер де, бала мінезін дамыта отырып тәрбиелемесек, онда қыңыр баланың қиқарлығы арта түседі де, төбелеске, дау – дамайға бейім болады.

Тегінде көп нәрсе бала өмірін дұрыс ұйымдастырып, шебер басқара білуге байланысты. Ол үшін тәрбиеші үнемі өз тәжірибесін молайтып шеберлігін, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс – тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп – оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес.

Мысалы рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі – ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Айталық, тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі балалардың бір – бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді», демек, баланың ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек.

Дидактикалық ойын – бала қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі.

Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді.

Дидактикалық ойындарды пайдалану мселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. 

Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. 

Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық – деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды.

Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Ойын төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, көп білуді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Ойын тек баланың, дене күшін, қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қана қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына, есейуіне де пайдасын тигізеді [15].

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымайды, бала отбасымен және қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Ойын арқылы баланың болашаққа көзқарас қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдарымен ойын барысында бірлесе шешім.

Адамгершілік тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады.

Адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарында көзге түседі.

Балалардың мінез-құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үшін бағдарламалық тәрбие міндеттеріне, олардың күші мен мүмкіндігімен сәйкестендірілген қолайлы жағдай тудыруға назар аудару қажет. Балабақшадағы заттарды пайдалану мен оларды күтіп ұстаудың, сақтаудың берік тәртібі, өзін қоршаған ортаның ұйымдастырылған өмір ағымы, айналадағы заттардың реттілігі болуы керек.

Балабақшадағы ұйымшылдық, реттілік, тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез қалыптастырады. Себебі, балалардың тәтібіне педагогикалық әсер ету ғана емес, өзін қоршаған ортаның жинақылығы, балабақшадағы жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді әсер етеді. 

Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы арқылы бекітіледі, ол балалардың іс-әрекетінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды. 

Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады.

Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды. 

Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады.

Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі реніші немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат алады.

Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, қапалану, уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін қалыптастырудың негізіне айналады.

Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар.

Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

Бала ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата-ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі. Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.

Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары неғұрлым айқын көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады.

Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді. Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді.

Мұның өзі олардың  ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын басып тастамай, адамгершілік мінез-құлықтың, тәртіптіліктің негізін қалыптастыруға, топта орнатылған тәртіпті құрметтеуге мүмкіндік береді. Өз кезінде тәрбиешіден ұстамдылық, шыдамдылық, орынды қатаңдық, тәрбиеленушілерге құрметпен қараушылық талап етіледі.

Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі заңдылығы жеке адам дамуы үдерісінің біртұтастығы ұғымынан туады. Ол адамгершілік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты талап етеді.

Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет түрткілерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн. Балалар бақшасында және жанұяда балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.    

Атақты педагог Сухомлинский. «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.  Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.         Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.                     

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.




































Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында  мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді адамгершілікке үйретуде

қоланылатын әдістер



Тәжірибемде мен Хәттидің: «Балаларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде педагогтардың қолданатын оқыту тәсілдері маңызды» деген нақыл сөздерін басшылыққа аламын. Себебі, заман ағымына сай әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана білгенде ғана біз алға қойған мақсат-міндеттерімізге жетеміз.

Балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде қолдануға тырысамын. Атап өтсем:

«Шаттық шеңбері» (сергіту сәті)

Мақсаты: Бұл әдіс балалар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық балаларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: балаға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.

Қолданылуы: жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.

Кіріктірілген модульдер, идеялар: СТО, Диалогтік оқыту

Мысалы: Ребус шешу («Әдептілік - әдемілік»)

Сандарды ретімен қойғанда қандай сөздер шығады екен.


9

7

1

4

6

5

2

8

3


8

2

4

6

3

1

5

7

к

л

Ә

п

і

т

д

і

е

к

д

м

л

е

ә

і

і








«Ақылдың алты ойлау қалпағы» Эдвард де Боно бойынша

Мақсаты: баланың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолдану.

Тиімділігі: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі, толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.

Қолданылуы: Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Балаларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады.

Мысалы: әдептілік туралы сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салады.

Сұрақтар:

  • Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?

  • Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?

Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?

Кіріктірілген модульдер, идеялар:ЖАДА


  «Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру)

Мақсаты: Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ балаларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

Тиімділігі: баланы бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Қолданылуы: балалар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

Кіріктірілген модульдер, идеялар: СТО, Диалогтік оқыту.

«Шығармашылық ағашы» әдісі



Мақсаты: балалардың өз іс-әрекеттеріне баға беру қабілеттілігін қалыптастыру.

Қолданылуы: оқу әс-әрекеті соңында балалар ағашқа жапырақтар, ағаш гүлдерін және ағаш жемістерін жабыстырады.

Ағаш жемістері: жұмыс өнімді өтті;

Ағаш гүлдері: жалпы жұмыс ойдағыдай өтті:

Ағаш жапырақтары: сәтсіз шыққан жерлері көп болды.


«Гүлдер мен көбелектер» әдісі

Қызыл раушан: көп нәрсе үйрендім;






Жүгері гүлі: қызықты болды, бірақ түсініксіз жері де болды.



Түймедақ гүлі: түсініксіз нәрселер көп, қызықсыз болды.



«Джигсо» әдісі Элиот Аронсон бойынша

Мақсаты: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.

Тиімділігі: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.

Қолданылуы: Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді балаларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін оларға тәрбиеші әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады, сарапшылар топтарында балалар өз нөмірлері бойынша жинақталады: тәрбиеші оқып берген мәтін бөліктерінің мазмұны бойынша жұмыс жүргізіледі.

Кіріктірілген модульдер, идеялар: ЖАДА, көшбасшылық пен басқарушылық

Ұсынылатын мәтіндер:

Аңыз


- Кезінде талай адамға жақсылық істеп едім. Не керек, соның бірде-бірінен  қайыр-жақсылығымның қарадамға досы отырып:

- Онда  өкінетін ештемең жоқ екен достым. Өйткені, біреуге қылған қайыр-жақсылық әлдебір алаяқ саудагердің несиеге беретін қарызы емес, адамгершіліктің парызы ғой,- депті.

Досының бұл сөзінен ұялған әлгі адам содан былай өзгеге істеген жақсылығы жайында  жұмған аузын ашпайтын болыпты.

- Бірінші достың іс-әрекеті дұрыс болды ма?

Ал сендер істеген жақсы істеріңді айтасындар ма?





Өлең


Ғылым таппай мақтанба,

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.


Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.


Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.


Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.


Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз,

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.


Талқылау сұрақтары:


- Өлеңнен не түсіндіңдер?

- Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?

- Неден аулақ бол дейді?





Аңыз

Жүрек жарасы – жамандықтан

Баяғыда бір үйде жалғыз ерке  бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі.

Бір күні әкесі баласына  37 шеге береді де былай дейді:

-Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы  шарбаққа бір шегеден қағып отыр,- дейді.

Бала жамандық  істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады. 

33 шеге қаққасын,  4 шегені әкеп әкесіне  береді де,  былай дейді:

-Әке, мен  енді  ешкімге  жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ. Сонда әкесі былай дейді:

-Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,- дейді. Біраз уақыт өткен  соң әкесі мен баласы  шарбаққа қараса, ол  тесік – тесік болып қалыпты.

Сонда әкесі баласына былай депті:

-Балам, адамдардың  жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай  тесіктер қалады,- дейді.

Талқылау сұрақтары:

- Әкесінің баласы қандай болып өскен ?

-Әкесі қандай амал ойлап табады ?

-Баласы өз қатесін түсіне алады ма?

                                                                                                         


«Отбасы ошағы»   атты аңыз айту.


Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің , қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады.

Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады.

Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады.

Тек, үшінші тапқыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды.

Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды.






Талдау сұрақтары


-         Оқиғаның мағынасы неде?

-         «Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер?

-         Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады?

-         Бұл үш отбасының қайсысынан сүйіспеншілік, мейірімділікті көріп тұрмыз?





Оқиға айту

Б. Момышұлы

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес...

Бақыт дегеніміз – өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілімен адал қызмет істей білу.

Өмірде кедір-бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен білетін бақыт. Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы жай әурешілік.

Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем-ау, тереңге батып кетем-ау деп қорықпастан барады.

Ар-намысты қорғау – бақыттың шыңы. Қиыншылықтармен санаспастан азаматтық міндетті орындап шығу – ол да бақыттың шыңы. Күмәнданып тұрмай, не өлдім, не алдым деп арпалысады.

Жеңсең – бақыт.

Талқылау сұрақтары:

    1. Б. Момышұлы бақыттың шыңы деп нені айтады?

    2. Адам қай уақытта өзін бақытты сезінеді?

    3. Адам бойындағы қандай құндылықтар оны бақытқа жеткізеді?

    4. «Адам бақыт үшін жаралған» деген пікірмен келісесіңдер ме? Неліктен?

    5. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

    6. Бақытты сәттеріңіз жиі болып тұрады ма? 

    7. Әңгімеден қандай ой түйдіңіз?






Оқиға айту


Мейрам


8-ші наурыз мейрамы жақындап қалды. Бұл мейрамға Раушан мен әкесі дайындалып жүрген. Тек Беріктің ғана қабағы салыңқы еді. Ол мамасына не сыйларын білмей басы қатты. Әпкесі оған:

- Саспа, бірдеңесі болар. Сыйлық ойлап таппасаң, сені құтқарамын... – деді.

Міне, көптен күткен мамасының мейрамы да келді. Әкесі мамасына әдемі көйлек алып берді. Раушан өзі кестелеген орамалын сыйлаған еді. Мамасы – мәз. Ал, Берік не сыйларын білмей әлі қысылуда. Барлығы отбасымен үстел басына келіп жайғасуда. Осы кезде әпкесі Раушан:

- Мама, сізге Беріктің де сыйлығы бар, - деді.

- Қандай сыйлық екен?! – деді мамасы

Берік математикадан үштік бағасын түзетуге уеде берді. Міне, осындай сыйлық!

Мамасы бұл сөзге қанаттанып, Берікке қараған...Ал, Берік болса әпкесіне қарап, «енді есепті мықтап қолға алуым керек», - деді іштей.

Талқылау сұрақтары:

1. Әпкесі Берікті қалай құтқарды?

2. Беріктің мамасына ұсынған сыйлығының мәні неде?

3. Сендердің өз-өздеріңе осылай іштей уәде берген кездерің болды ма? Неліктен?

4. Сүйіспеншіліктеріңді өзгелерге, қоршаған ортаға қалай білдіресіңдер?


«Өрмекші» әдісі (постерде)

Мақсаты: Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту.

Тиімділігі: Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді.

Қолданылуы: балалар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын айтады, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.

Кіріктірілген модульдер, идеялар: Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, диалогтік оқыту.


«Заряд алу» (сергіту сәті) А.Ж.Егізбаев бойынша

Мақсаты: баланы ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету.

Тиімділігі: Ресурс қажет етпейді. Балалар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді.

Қолданылуы: Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.

Кіріктірілген модульдер, идеялар: ЖАДА, жағымды ахуал қалыптастыру


«Бұзық телефон» ойыны (Сергіту сәті )

Мақсаты: Дұрыс тындалым, айтылымға бағыттау.

Тиімділігі: балаларды дұрыс тындауға ынталандырады. Сергиді.

Қолданылуы: Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды, соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.

Кіріктірілген модульдер, идеялар: ЖАДА, жағымды ахуал қалыптастыру.













Әдептілік әліппесі

Әдістемелік материалдар


1.Өлеңді қара сөзбен айту.

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем жақын кеп

Сәлем берем ізетпен

Ассалаумағалейкум!-деп

              

Алдан әже жолықса

Бөгелем де әдейлеп

 "Есенсіз бе, әжей!-деп

              

Кім кезіксе көшеде

"Таныс емес" демеймін

Аға, тәте көше

Сәлематсыз ба! деймін.


Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Үлгілі екен бұл дейміз.


Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз.


Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз.



2.»Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын- 

2. Кішкене баланы- 

3. Құстарды- 

4. Қыз баланы- 

5. Сабақтан- 

6. Үйге жүгіріп- 

7. Үлкен кісіні- 

8. Оқу –құралдарын- 

9. Сыныпта айғайлауға- 

10.Ысқыруға-

11.Құстың ұясын-


3.«Кім ақылды?» ойыны

Шарты: Тәрбиеші мақалдың басқы бөлігін айтады, балалар жалғастырады.


1.Үлкенді сен сыйласаң, (Кіші сені сыйлайды)

2. Әдепті елдің баласы (Алыстан сәлем береді)

3.Сәлем беру де –парыз, (Сәлем алу да –парыз.)

4.Алыстан алты жасар бала келсе (Алпыс жасар қария сәлем берер.)

5. Бір күн тұзын татсаң (Қырық күн сәлем бер.) 

6.Әдепті бала-арлы бала, (Әдепсіз бала-сорлы бала)

7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, (Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

8. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)

9. Сәлем беру бір абырой  Сәлем алу мың абырой)



4.«Дастархан басындағы әдептілік»

1.Дастарқан жанындағы адамдардың жасына қарай отырады. 2.Дастарқанға бірінші нанды әкеледі.

3. Ас ішудің алдыдында нанды бөліп, «Бисмиллаһи рахмани рахим» деген сөзді ай-тып, нанан ауыз тиіп, кейін басқа тағамды жейді. Бұл сөз «Мейірімді алланың атымен бастаймын» дегенді білдіреді.

4. Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

5. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

6. Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайдарды.

7. Ас ішіп болған соң, «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.


















5.«Сиқырлы сөздер»

Гүл күлтелеріне сиқырлы сөздерді орналастыру


6.Суретпен жұмыс. Сурет бойынша «Әдептілік әліппесін құрастыру»




6.«Отбасы ошағы»    (аңыз)


Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің, қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады.

Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады.

Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады.

Тек, үшінші тапқыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды.

Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды.

Талдау сұрақтары

-         Оқиғаның мағынасы неде?

-         «Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер?

-         Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады?

-         Бұл үш отбасының қайсысынан сүйіспеншілік, мейірімділікті көріп тұрмыз?



































Қорытынды


Адам коғамы пайда болғаннан бастап оның мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен санасуға тура келді.

Әдептілік коғамдык жағдайды біркелкілікке түсіріп, халыктың өзіндік таным-түсінік (ерекшелігін, өмір сүру тәсілі мен стилін қалыптастырады. Халық өзіндік болмыс-бітімін ұлттық әдептілік негіздері арқылы сақтайды. Қазақ халкының төлтумалылығы, ерекше бітімі, «әмбебаптығы, міне, оның әдептілік қағидаларында жатыр. Әрбір ұлт өзінің рухани-психологиялык тұрпатын сақтап қалғанда, үлттық-мәдени игіліктерін дамыта алғанда ғана өзге елдермен терезесі тең әріптестер ретінде ынтымақтастықта бола алады. Халқымыз бұл орайда өзге дамыған елдердің білім мен технологиясына қақпасын теріс жаппай, олардан өркениеттілік әдебін ала отыра, өзіндік болмыс-бітімін сақтап калды. Адамдардың орындауға тиісті әдеп нормалары олардың өз еркімен, өз мүдделер сыйысымдылығын және ортақ қоғамдық мүдделерін ескере отырып, өздері келісіл жасаған дүниелері болып табылады. Сондықтан өзі өмір сүріп отырған қоғамдық жүйеге сыйымды болғысы келген адам, алдымен, сол кағидаларға, нормаларға мойынсұнуы керек. Ал әдептілікке үйрету негіздері отбасынан, балабақшадан бастау алатыны сөзсіз.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиеленушілердің бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда» тәжірибемде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерім алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізуге зор септігін тигізді. Сонымен қатар этикалық әңгіме адамгершілікке тәрбиелеу әдісі ретінде өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Этикалық әңгімелердің мазмұны негізінен шынайы өмірлік жағдайлардан, айналасындағы адамдардың мінез -құлқынан және ең алдымен тәрбиеленушілердің өзінен тұрады. Тәрбиеші бала құрдастарымен және ересектермен қарым -қатынаста байқаған немесе орындаған фактілер мен әрекеттерге сипаттама береді. Мұндай сипаттамалар балалардың оқиғаларды бағалаудағы объективтілігін қалыптастырады, балаға белгілі бір жағдайда бағдарлауға және адамгершілік мінез -құлық ережелеріне сәйкес әрекет етуге көмектеседі. Этикалық әңгімелер жоспарланған, дайындалған және ұйымдастырылған сабақтар болып табылады, олардың мазмұны «Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының» талаптарына сәйкес анықталады. Егер тәрбиеші этикалық әңгімеге осы немесе басқа өнер туындысынан үзінділерді енгізу қажет деп санаса, ол міндетті түрде олардың мазмұнын тәрбиешілердің функцияларына бағындыруы керек. Егер әңгіме мазмұны балаларға қол жетімді және қызықты болса, онда қызығушылық тудыратын сұрақтар, жарқын эмоциялар, шынайы бағалау жүреді: баланың ішкі әлемі мұғалімге ашылады. Бұл балалардың идеяны, жұмыстың адамгершілігін қалай қабылдағанын ақылға қонымды түрде анықтауға мүмкіндік береді және балалардың мінез -құлқын әрі қарай тактикалық түрде түзетуге мүмкіндік береді. Ал балалардың бүкіл топпен мінез -құлық фактілерін және әр түрлі жағдайларды бірлесіп талқылауы эмпатияны, балалардың бір -біріне эмоционалды әсер етуін тудырады, олардың сезімдері мен этикалық идеяларының өзара байытылуына ықпал етеді. ...

Этикалық әңгімелер, олардың нәтижелері балалардың мінез -құлық тәжірибесінде, әр түрлі жағдайдағы әрекеттерінде тікелей көрінуі керек. Бұл педагогикалық әсердің нәтижелерін бекіту үшін өте маңызды.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тәжірибе барысында «Кластер» әдісін тиімді пайдаланамын.

Мақсаты: идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланысты жинақтау, тұжырымдау. Балалар тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды. Тұжырымды ойларын картаға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер арқылы).

«Миға шабуыл» әдісі

Мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін ауызша ой салу.

Балаға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.

«Галереяны шарлау» әдісі Саймон Браунхилл бойынша

Мақсаты: талқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну.

Сараптау, жинақтау, бағалау; Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Балалар ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын достарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.

«Өрмекші» әдісі (постерде)

Мақсаты: Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді.

«Үштік» әдіс (Ойлан, жұптас, бөліс.

Мақсаты: Балалар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу.

Балалардың есте сақтау қабілеті (мұқият тыңдалым) сақталады. Өз ойын ашық айта алады.

«Дауыстап ойлау» әдісі

Мақсаты: ой түю, ой бөлісу.

Балаларды дұрыс тындауға ынталандырады. Сөйлесім, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Мақсаты: баланы алған білімін саралай білуге дағдыландыру.

Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс

Мақсаты: баланың өзін-өзі бағалауын дамыту.

Баланың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына ықпал етеді

«Ашық микрофон» әдісі

Саймон Браунхилл бойынша

Мақсаты: баланы жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру шығармашылығын шыңдау.

Оқу әрекетінде белсенді оқу әдістерін қолдану баланың өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, топтағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тәрбиешінің оқу әрекетін қызықты ұйымдастыруына, балаларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.
























Пайдаланылған әдебиеттер:


1.     Абайдың психологиялық-педагогикалық көзқарасы және қазіргі ауыл мектебі.  Қ. Тәлімұлы.

2.     Ұлағат.  Г. Шатапова, Д. Серікбаева.

3.     Әдептілік қағидалар.  Н. Шакузадаұлы, Ж. Ерғалиева.

4.     Педагогика.  М. Жұмабаев.              

5.     Қазақ тәлім-тәрбиесі.  Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Алматы 1995 жыл

6.Өзін- өзі тану журналы 2005 ж.

7. Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы,1992.

8.Нысанбаева Ә. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы,1994.

9. Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы,1985.

10.Айджанова З. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің бүгінгі мәселелері. Ұлт  тағылымы-2003-№4.





























Мазмұны



Түсінік хат .......................................................................................... 3

Тәрбиеленушілердің бойында рухани-адамгершілік

құндылықтарды қалыптастыру ........................................................ 4

Ұлттық дәстүрді пайдалану арқылы балаға адамгершілік

тәрбие беру ерекшеліктері .............................................................. 15

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында  мектепке

дейінгі тәрбиеленушілерді адамгершілікке үйретуде

қоланылатын әдістер ....................................................................... 22

Қорытынды ...................................................................................... 35

Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................ 38
































































Жанбубекова Асель Заманбековна

Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің

«Беген орта мектебі» КММ «Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі

«Құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбиесі»

әдістемелік құрал

Семей 2025 жыл. 40 бет.



40


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі