ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ
Ошакбаева Меруерт Аскерджановна, Бизнес және сервис колледжі, құқық негіздері пәнінің оқытушысы, Семей қаласы тел: 8-707-887-98-48, Oshakbaeva.00@mail.ru
Еліміздің ертеңі жас
ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында
Н.Назарбаев
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі оқушылар, мұғалімдер оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» - деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өзінің пәнін терең меңгеру емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Оқытудағы ойынның міндеті:
*Ойын арқылы оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, білім деңгейімен дағдыларын жетілдіру.
* Ойната отырып, жаңа білімді меңгерту.
* Танымдық қызметі мен ой-өрісін кеңейту.
* Оқушының өзіне деген сенімін арттыру, оқуға деген қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
* Оқушыларды адамгершілікке бір-бірін сыйлай білуге, көмектесуге үйрету.
Мен өз сабақтарымда ойын элементтерін қолданамын. Мамандарды дайындауда ойын технологиясын қолдану басқа технологияларға қарағанда материалды оқушылар екі есе жоғары деңгейде қабылдайтыны дәлелденген. «Құқық негіздері» пәнінде ойын элементтерінің тиімділігін дәлелдеу үшін, өзім сабақ беретін 21-Дизк, , 31-Втк, 21-Срк топтарын салыстыра отырып зерттедім. Бұл топтардың оқу үлгерімі мен білім сапасы І - жарты жылдықта төмендегідей болғанын келесі кестеден көруге болады.
2017-2018 оқу жылындағы студенттердің қыркүйек - қазан айына арналған оқу үлгерімінің мониторингі
|
№ |
Пән |
Топ |
Оқушы саны |
Баға |
Орташа балл |
Білім сапасы |
Оқу үлгерімі |
||||
|
5 |
4 |
3 |
2 |
н /а |
|
|
|
||||
|
1 |
Құқық негіздері |
21-ДИЗк |
22 |
3 |
13 |
6 |
|
|
3,8 |
73 |
100 |
|
2 |
Құқық негіздері |
31-ВТк |
17 |
5 |
8 |
4 |
|
|
4,1 |
76 |
100 |
|
3 |
Құқық негіздері |
21-Срк |
11 |
3 |
6 |
2 |
|
|
4,6 |
82 |
100 |
2017-2018 оқу жылындағы студенттердің қараша - желтоқсан айына арналған оқу үлгерімінің мониторингі
|
№ |
Пән |
Топ |
Оқушы саны |
Баға |
Орташа балл |
Білім сапасы |
Оқу үлгерімі |
||||
|
5 |
4 |
3 |
2 |
н/а |
|
|
|
||||
|
1 |
Құқық негіздері |
21-Дизк |
22 |
3 |
15 |
4 |
|
|
3,9 |
82 |
100 |
|
2 |
Құқық негіздері |
31-Втк |
17 |
6 |
7 |
4 |
|
|
4,1 |
76 |
100 |
|
3 |
Құқық негіздері |
21-Срк |
11 |
4 |
6 |
1 |
|
|
4,2 |
90 |
100 |
Кестеге назар аударсақ қыркүйек-қазан айларының қорытындысын қараша –желтоқсан айларымен салыстырғанда білім сапасының біршама артқанын көреміз. Бұл көрсеткіш сабақта ойын элементтерінің тиімділігін көрсетеді. Нарықтық экономика талабына сай білікті маман дайындап шығару үшін, оқу үрдісіне сабақ берудің әртүрлі жаңа технологияларын қолдану керек.
«Құқық лидері» интеллектуалдық сайысы
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың өз пікірін ашық айтып, тұжырым жасай білуге үйрету, оқушылар бойына құқықтық сауаттылық пен адамгершілік тәрбиені сіңіру және заң алдында жауапкершілігін арттыру.
Сайыстың жүру барысы:
-
Ұйымдастыру
-
Сайысымызға қазылық жасайтын әділ қазылар алқасын тағайындау
-
Сайыс шарттарымен таныстыру
-
Оқушыларды марапаттау
Сайыс шарттары :
-
Топтың таныстыруы
-
Бәйге
-
Жалғасын тап
-
Кім жүйрік
-
Сөз шебері
-
Заң алдында жұрттың бәрі тең
Әдісі: топтық сайыс
Көрнекілігі: ҚР – ның рәміздерінің суреттері, ҚР Конституциясы, интерактивті тақта, ҚР азаматтық және қылмыстық кодексі, өзге де заң жинақтары, заң туралы қанатты сөздер, слайдтар
Студенттерді 2 топқа бөлу:
Топ: Судьялар
Топ: Ішкі істер қызметкерлері
Оқытушы: Құрметті оқушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ» деген болатын.Олай болса ойы ұшқыр, терең білімді, намысы зор оқушыларымыз ортамызда, сіздерге сәттілік тілей отырып, «Құқық лидері» зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
1 – тур Топтың таныстыруы (топтың аты, ұраны)
2 – тур Бәйге сұрақтары
Бұл кезеңде сайыскерлер өздеріне берілген сұрақтарға жауап беру қажет, жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Топ: Судьялар
-
Конституцияда бекітілген ең басты құндылық. (Адам және адамның өмірі )
-
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды. 1997
3. ҚР 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған заң ҚР қылмыстық кодекс
4. ҚР-да мемлекеттік билік тармағы қалай бөлінген (Заң шығарушы, атқарушы, сот билігі
5. ҚР конституциясы қай жылы, қашан қабылданды (1995 ж 30 тамыз )
6. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.ҚР Конституциясының нешінші бабында көрсетілген. (15 бап 1 тармағы )
7. Азаматтық кодекс неше баптан тұрады (1142 бап )
8. ҚР Баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды,неше тарау, неше баптан тұрады. (2002 ж 8 тамыз, 10 тарау 53 бап )
Топ: Ішкі істер қызметкерлері
1. Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылатын ең жоғары заңдық күші бар құқықтық акт қалай аталады (Конституция )
2. Президент тағайындайтын сенат депутатының саны (15 )
3. Конституция бойынша қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылатын лауазымды тұлға (Президент )
4. ҚР азаматтары қанша жастан бастап судья бола алады. ( 25 жас)
5. ҚР ҚК неше бөлімнен тұрады. (2 бөлім, Жалпы және ерекше )
6. Жергілікті атқарушы органдарды басқаратын лауазымды тұлға. (әкім )
7. ҚР конституциялық кеңесі қанша мүшеден тұрады. (7 )
8. Неке және отбасы туралы заңы (2007 ж 27.07 )
3 - тур «Жалғасын тап»
Топ: Судьялар
*У ішкен бір өледі, ... ішкен мың өледі
*Елшіге ... жоқ
*Әр елдің ... басқа, иті қара қасқа
*Би екеу болса ... төртеу
*Қусыз істі кім жабар , қулы істі ... табар
*Бір қазаға екі ... жоқ
*Өзін өзі ……… ер бақытты,
Өзін өзі билеген ел бақытты
*Ақылсыз адам …… келеді
Жан-жағын жайпай келеді.
*Тілі жоқтың…… жоқ,
Тегі жоқтың елі жоқ
*... істің- арты игі
Топ: Ішкі істер қызметкерлері
*Аянбаған …….. алар
Абайлаған дауды алар
*Шын — ……. сөз,
өтірік — мың сөз
*Ақиқат бар ……..жеңіс бар
*Әділет ……..кескен қол ауырмас
*Алысар болсаң ………айт,
Табысар болсаң ………….айт
*Адамның ……….шыншылдығында
*Егеменді ел көрікті,
Бетегелі ……көрікті
*Тәуелсіздік – тарих …………..қос тізгіні
*Тәуелсіздің
……….тарылмайды,
Тәуелдінің ырысы жарымайды
4- тур «Кім жүйрік»
1-топ Судьялар
Алматы қаласының аудандық соттары судьяларының бірі пара алып жатқан кезде ұсталды. БАҚ хабарламасында оны қылмыскер деп айыптады. Ертесінде оның анасы жергілікті жердегі сот органына шағымданды.
- Судьяның анасы қандай негізге сүйеніп сот органдарына шағымдануы мүмкін?
- Іс-әрекетте заңсыздық болса, бұл Конституцияда қалай деп аталады?
2-топ Ішкі істер қызметкерлері
Азамат Е. Камаз автомобилінің жүргізушісі кеден бекетінен өтіп бара жатқанда өзі автомобильдің салонындағы заттар заңсыз екенін біле тұра кеден бекетіне тоқтамай қолына тапанша алып, кеден қызметкеріне оқ атып кетеді. Оқиға болған жерде жарақат алған қызметкер ауыр жарақаттан өліп кетеді.
- Қылмыс жасалуына қарай қай түрге жатады?
5- тур «Сөз шебері»
1-топ Судьялар
-
Отбасындағы балалардың құқығы
-
Заң және әділдік
-
Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?
2-топ Ішкі істер қызметкерлері
-
Ата-аналардың міндеттері мен құқықтары
-
Жасөспірім және заң
-
Дәл қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен тиімді күресу үшін қандай әрекеттер жасау керек?
6-тур «Заң алдында жұрттың бәрі тең»
(Берілген суреттерге қарап қандай қылмыстың түріне және нешінші бапқа жататындығын айту)
1 сурет: ҚР Қылмыстық кодексінің 259 – 265 баптары. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау – 3 жылға бас бостандығынан айыру
2 сурет: 233- бап Терроризм - 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру
3 сурет: 102 бап Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу — 3 жылға бас бостандығынан айыру
4 сурет: 97 – бап Жаңа туған сәбиін анасының өлтіруі – 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру
5 сурет 125 – бап Адамды ұрлау – 4 жылдан – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру
6 сурет: 153-бап Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу – құқығынан айыру және 3 жылға бас бостандығынан айыру
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз