Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік тақырыбы бойынша сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы
















Shape1

Сынып сағаты















Тақырыбы: Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік















2024-2025 оқу жылы


Білім беру ұйымы


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күн

24.02.2025ж

Сынып:7 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға құқық, заң, жауапкершілік ұғымдарын түсіндіру.

Қоғамдағы тәртіпті сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.

Оқушыларды әділдікке, тәртіпке және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағы тақырыбы

«Цифрлық диета» Челленджі: гаджеттерден қысқа уақытқа бас тарту сізге қалай әсер етеді?

Қауіпсіздік сабағы мақсаты

Оқушыларға «Цифрлық диета» ұғымын түсіндіру және оның маңызын ашу.

Гаджеттерді шамадан тыс пайдаланудың әсері мен қауіптері туралы ақпарат беру.

Гаджеттерден қысқа уақытқа бас тарту арқылы оқушылардың өз сезімдерін талдауына және саналы қолдану дағдыларын қалыптастыруға көмектесу.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Апта дәйексөзі

Жаңашылдық – заман талабы

    Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу және психологиялық орта қалыптастыру:

Ой қозғау: Оқушылардың күнделікті өміріндегі тәртіп ережелері туралы не ойлайтынын қысқаша талқылаудан бастаңыз.

1. «Құқықтық тәртіп » дегеніміз не?

2. Тәртіпті сақтау біздің жауапкерлігімізге қалай әсер етеді?

3. Құқықты тәртіпті сақтау үшін қандай шаралар қолданылады

Оқушыларды тақырыппен және сабақтың мақсатымен таныстыру.


Оқушылар салемдеседі.







Пікір алмасады.


Презентация

Сабақтың ортасы

II. Негізгі бөлім

1. Құқықтық тәртіп – бұл қоғамдағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ететін жүйе. Ол мемлекет белгілеген заңдар мен ережелердің орындалуына негізделеді және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін реттейді.

Құқықтық тәртіптің маңызы:

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды.
Әділеттілік пен теңдік қағидаларын нығайтады.
Заңсыз әрекеттердің алдын алады.

Құқықтық тәртіпті сақтау үшін:

Заңдарды құрметтеу және орындау.

Өз құқықтарыңды білу және басқалардың құқықтарын бұзбау.

Қоғамдық тәртіп ережелерін сақтау.

Жауапкершілік пен адалдық қағидаларын ұстану.

Құқықтық тәртіп – әр азаматтың қоғам алдындағы міндеті!

Әлеуметтік жауапкершілік – бұл адамның өз іс-әрекетінің қоғамға тигізетін әсерін түсінуі және өзіне жүктелген міндеттерді орындауы. Бұл жауапкершілік жеке адамның ғана емес, сонымен қатар отбасының, ұйымдардың және мемлекеттің де қоғам алдындағы міндеттерін қамтиды.

Мысалдар:
Қоғамдық орындарда тазалық сақтау.
Заңдарды және қоғамның тәртібін сақтау.
Басқаларға құрметпен қарау және көмектесу.
Табиғатты қорғау және экологияға мән беру.



"Менің құқықтарым және міндеттерім" – Ойын-ситуациялар

Бұл бөлімде

Жағдай 1: Мектеп ережесін сақтау

Жағдай:
Аружан сабақ кезінде мұғалімнің рұқсатынсыз телефонын қолданып отыр. Мұғалім оны бірнеше рет ескерткен, бірақ ол әлеуметтік желілерді қарауын жалғастыруда.

Жағдай 2: Қоғамдық орындардағы тәртіп

Жағдай:
Ержан автобуста құлаққапсыз қатты музыка қосып, басқа жолаушыларға кедергі келтірді. Жанында отырған егде кісі одан дауысты бәсеңдетуді сұрады, бірақ Ержан мән бермеді.

Жағдай 3: Отбасыдағы жауапкершілік

Жағдай:
Медина үйдегі жұмысты ата-анасына көмектеспей, барлық уақытын телефонда өткізеді. Анасы оны үй жинауға шақырғанда, "Бұл менің міндетім емес" деп жауап береді.

Жағдай 4: Достар арасындағы әділдік

Жағдай:
Алихан мен Данияр мектептен кейін футбол ойнауға келісті. Бірақ ойын барысында Алихан ережелерді бұзып, өзінің қателігін мойындамай, дауласты. Данияр оны әділ болуға шақырды, бірақ Алихан оны тыңдағысы келмеді.

Интернеттегі жауапкершілік

Жағдай:
Диас әлеуметтік желіде басқа сыныптасының суретін рұқсатсыз жариялап, оған түрлі әзіл сөздер жазды. Бұл суретті басқа оқушылар көріп, комментарийлер жаза бастады, ал Диастың сыныптасы өзін жайсыз сезінді.


«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)


1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Ұрлық түбі ... (қорлық)
7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
8. Әдепті бала ... (арлы бала)
9. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
10. Әділ істің ... (арты игі)


Мұғалімнің ақраттық мәтінінін тыңдайды, бірге талқылау жұмыстарын жасайды.





.



























Оқушыларға түрлі өмірлік жағдайлар беріледі. Олар әр жағдайды талқылап, өз құқықтары мен міндеттерін анықтайды






















Оқушылар мақалдың жалғасын табады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады






























ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


























Мұғалімнің «Дұрыс» немесе «Бұрыс» деген жауабы


Ақпараттық мәтін

, презентация






























Презентация, жағдаяттық сұрақтар

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Бейнені қарау:

Бейнеролик н етуралы

Гаджетке тәуелділікті қалай жоюға болады?

«Цифрлық диета» дегеніміз не және ол не үшін қажет? Біздің қазіргі әлемде цифрлық технологиялар өміріміздің жарқын бөлігіне айналды. Жаңа технологияларды ақылмен пайдалану маңызды.

«Цифрлық диета» – бұл цифрлық технологияларды қолданудың саналы тәсілі. Цифрлық диета – бұл гаджеттер мен технологияларға тәуелділікті жеңу, тепе-теңдікті сақтау. - Сізге цифрлық диета қажет пе? Мұны қалай анықтауға болады? - Сөйлесу кезінде, маңызды әңгіме, телефонды алуға және қоңырауларды, SMS-ті тексеру. - Гаджеттер болмаған кезде барлығы бір-біріне уақыт бөледі. - Интернет болмаған кезде сіз поштаны тексере алмайсыз ба?


Гаджеттерден уақытша бас тартудың пайдалы жақтары:

Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөліседі.














Оқушылар 5-10 аралығында гаджетті уақытша бас тартудың пайдалы жақтарын жазады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


https://www.youtube.com/watch?v=_O0ZRelf7vM


Дәптер


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Үйге тапсырма

"Мен жауапты азамат болу үшін не істеуім керек?" деген тақырыпта эссе жазады.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2025
128
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11