Сабақтың
басы
|
Сәлемдесу:
Армысыздар, қымбатты
оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!
Барлықтарыңыздың
жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!
Сабақтың тақырыбы мен
мақсатын хабарлау:
|
Оқушылар жұдырық түйістіру
арқылы бір біріне достық ықыластарын
білдіреді.
|
|
Көңілді
әуен
|
Сабақтың
ортасы
|
Топқа бөлу (мысалы,
«Құқық», «Заң», «Жауапкершілік»
топтары).
Кіріспе
бөлім
«Құқықтық тәртіп дегеніміз
не?» сұрағына оқушылардың ойын тыңдау.
«Әлеуметтік жауапкершілік»
ұғымын талқылау.
Қазақстан Республикасының
Конституциясындағы негізгі құқықтар мен міндеттер туралы қысқаша
шолу.
Негізгі
бөлім
1. Топтық
жұмыс:
Әр топқа жеке тапсырма
беру:
1-топ: «Құқық бұзушылықтың алдын алу»
– құқық бұзушылық түрлері және оның
салдары туралы постер
дайындау.
2-топ: «Әлеуметтік жауапкершілік» –
қоғамдағы әр адамның міндеттері туралы пікірталас
ұйымдастыру.
3-топ: «Мен және заң» – әр адамның
заң алдындағы жауапкершілігін мысалдармен
көрсету.
Ойын:
«Менің құқығым мен міндетім»
(Оқушыларға түрлі жағдайлар беріліп, олардың құқықтары мен
міндеттері анықталады).
|
Оқушылар өз жауаптарын ортаға
салады.
Оқушылар ойынға
қатысты
Топтар өз тақырыптары бойынша
постер дайындайды және қорғайды.
Әр жағдаят бойынша оқушылар өз
шешімдерін айтады.
|
Оқушылар бірін -бірі
бағалайды
|
Ақ қағаз,
фломастерлер
|
Сабақтың
соңы
|
Қорытынды
бөлім
Оқушыларға «Құқықтық тәртіпсіз
қоғам қандай болар еді?» деген сұрақ қою.
Сабақты қорытындылау, негізгі
ойларды бекіту.
Оқушылардың сабақтан алған
әсерлерін бөлісуі (кері байланыс).
Бағалау және үй
тапсырмасы
Топтық жұмыс нәтижелерін
бағалау.
Үй
тапсырмасы: «Менің азаматтық
жауапкершілігім» тақырыбында шағын эссе
жазу.
|
Оқушылар ақ қағазға өз
ойларын қысқаша жазады
|
Шығармашылық тапсырма
бойынша ауызша пікір айту.
|
Ақ
қағаз
|
Қауіпсіздік
сабағы
10
мин
|
Сабақтың тақырыбы мен
мақсатын түсіндіру
«Күмәнді табыс» дегенде
ойларыңа не келеді?» – сұрақ қою арқылы миға
шабуыл.
Кіріспе
бөлім
Бейнеролик немесе оқиға
талдау: Оқушыларға алаяқтықтың мысалдары көрсетіледі (мысалы,
желілік маркетинг, интернеттегі жалған жұмыс ұсыныстары, қаржылық
пирамидалар).
«Сізге күтпеген жерден ақша
ұсынса, не істер едіңіз?» – талқылау
жүргізу.
Қаржы пирамидалары,
интернет-алаяқтық, заңсыз жұмыс түрлері туралы қысқаша түсінік
беру.
Негізгі
бөлім
1. Топтық
жұмыс:
Оқушыларды үш топқа бөлу, әр
топқа тапсырма беру:
1-топ: «Алаяқтықтың белгілері» –
қандай әдістер арқылы адамдарды алдайды?
2-топ: «Сақтану жолдары» –
алаяқтықтың алдын алу әдістерін қарастыру.
3-топ: «Шынайы табыс пен күмәнді
табысты ажырату» – сенімді және сенімсіз табыс көздерін
салыстыру.
Рөлдік
ойын:
«Сен алаяқтың тұзағына
түсер ме едің?» – оқушыларға әртүрлі ұсыныстар
беріледі (мысалы, жеңіл ақша табу, белгісіз сайттарға банк
деректерін енгізу, интернеттен жылдам пайда табу
схемалары).
Қорытынды
бөлім
Негізгі ойларды
бекіту: «Алаяқтардан қорғану үшін 3
басты ереже»
«Егер досың күмәнді табыс
туралы ұсыныс алса, не істеу керек?»
– оқушылар өз ойларын
бөліседі.
Кері байланыс (оқушылар
сабақтан алған әсерлерін айтады).
Үй
тапсырмасы: «Алаяқтардың тұзағына түспеу
жолдары» тақырыбында постер немесе шағын эссе
дайындау.
|
Оқушылар тақырып бойынша өз
пікірлерін айтады.
Сұрақтарға жауап
береді.
Топтық жұмыс
орындайды
|
Оқушылар бірін -бірі
бағалайды
Оқушыларды
мадақтайды
Топтық жұмыстағы
белсенділік.
Талқылаудағы ұсыныстардың
нақтылығы.
Сабақ соңындағы рефлексия
сапасы.
|
Презентация
Суреттер
Видеороликтер
Жағдайлық тапсырмалар
парақтары.
Презентация (интернет
қауіпсіздігі туралы).
Қаржылық қауіпсіздік бойынша
жадынамалар
|
Сабақтың
соңы
|
Оқушылар біз бүгін
сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой
бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз
өмірлік азық болады деп тілеймін .
|
Барлығы бүгінгі сабақта алған
әсерлерімен бөліседі.
|
Бүгінгі сабаққа белсенді
қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп,
мадақтау.
|
|