жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың тақырыбы: Құрама сандарды жай көбеткіштерге жіктеу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік . Құрама сандарды жай көбеткіштерге жіктей білуге, берілген құрама санның жіктелуіндегі жай көбейткіштер құрамы бір ғана түрде болып, тек қана олардың орналасуы әр түрлі болуы мүмкін екендігіне үйрету.
Дамытушылық . Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білеге дағдыландыру.
Тәрбиелік . Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, математикалық мәдениеттілікке, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту, түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Деңгейленген үлестірме кеспелер, слайдтар,
бағалау фишкалары, тірек кесте
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптағы қажетті тәртіпті орнатып, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару.
Үй жұмысын тексеру: 249, 250, 251 есептер
249 есеп.
1) Құрама сандар:
117 = 9∙13; бөлгіштері: 1,3,9,13,117
122 = 2∙61; бөлгіштері: 1,2,61,122
205 = 5∙41; бөлгіштері: 1,5,41,205
219 = 3∙73; бөлгіштері: 1,3,73,219
393 = 3∙131; бөлгіштері: 1,3,131,393
422 = 2∙211; бөлгіштері: 1,2,211,422
535 = 5∙107; бөлгіштері: 1,5,107,535
927 = 9∙103; бөлгіштері: 1,3,9,103,927
2) Жай сандар:
17 = 1∙17; бөлгіштері: 1,17
23 = 1∙23; бөлгіштері: 1,23
43 = 1∙43; бөлгіштері: 1,43
67 = 1∙67; бөлгіштері: 1,67
89 = 1∙89; бөлгіштері: 1,89
103 = 1∙103; бөлгіштері: 1,103
250 есеп.
10=7+3 5) 32=19+13
12=7+5 6) 44=31+13
18=11+7 7) 68= 47+41
24=11+13
251 есеп. Шешуі: V=13м ∙ 7м ∙5м= 455м3
455=5∙91, бөлгіштері: 1,5,91,455
Жауабы: құрама сан.
2. Өткен сабақты қайталау: (Ой қозғау кезеңі бойынша)
1. Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?
2. Қосындының берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?
3. Айырманың берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?
4. Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?
5. Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды?
6. Қандай сандар 2 – ге бөлінеді?
7. Қандай сандар 5 – ке бөлінеді?
8. Қандай сандар 10 – ға бөлінеді?
9. Екі тақ санның қосындысы қандай сан болады?
10. Үш тақ санның қосындысы қандай сан болады?
11. Жұп сан мен тақ санның қосындысы қандай сан болады?
12. Қандай сандар 3 – ке бөлінеді?
13. Қандай сандар 9 – ға бөлінеді?
14. Жай сандар дегеніміз не?
15. Құрама сандар дегеніміз не?
16. 1 саны қандай сан?
17. Жұп жай сан бар ма? Болса нешеу?
Жаңа сабақ: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.
Әрбір құрама сандарды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазуға болады.
Мысалы: 30=2∙3∙5, 44=2∙2∙11, 165=3∙5∙11
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің екі тәсілі бар.
Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жіктеу.
1 тәсіл: Мысалы: 56=2∙28=2∙2∙14=2∙2∙2∙7
Құрама санды жай көбейткіштерге баған түрінде жіктеу.
2 тәсіл: Мысалы: 465 құрама санын жай көбейткіштерге баған түрінде жіктейік.
180
2
90
2
45
3
15
3
5
5
1
180=2∙2∙3∙3∙5=22∙32∙5
465
3
155
5
31
31
1
465=3∙5∙31
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктегенде, ондағы қайталанатын көбейткішті дәрежемен алмастыруға болдады.
Оқушылармен жұмыс.
Жазбаша есептер шығару. Алма теру ойыны бойынша, жұмыс дәптерінен §11 – ден № 2 және №5 есептер шығарылады.
1 – деңгей:
№2 есеп. 32, 50, 102, 225, 60, 77, 49, 121 сандарын жай көбейткіштерге жіктеңдер.
32= ________________ 60=__________________
50=_________________ 77=__________________
102=________________ 49=___________________
225=________________ 121=__________________
2 – деңгей.
№ 5 есеп. Құрама сандарды жай көбейткіштерге баған түрінде жіктеңдер.
246
246=
555
555=
285
285=
225
225=
Шыңға шығу ойыны. Деңгейленген тапсырмалар.
1 – деңгей: Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жікте.
14, 26
2 – деңгей: Құрама сандарды жай көбейткіштерге баған түрінде жікте.
136
3 – деңгей: Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектеледі. Параллелепипедтің өлшемдері неше сантиметр?
V=195см3
1 – деңгей: Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жікте.
35, 38
2 – деңгей: Құрама сандарды жай көбейткіштерге баған түрінде жікте.
530
3 – деңгей: Өлшемдері жай сандармен өрнектелетін жәшіктің көлемі 70 дм 3 . Жәшіктің өлшемдерін тап?
1 – деңгей: Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жікте.
52, 87
2 – деңгей: Құрама сандарды жай көбейткіштерге баған түрінде жікте.
1170
3 – деңгей: Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектеледі. Параллелепипедтің өлшемдері неше сантиметр?
V=66см3
Тест есептерін шешу. Ауызша
№ |
Шарты |
Жауаптары |
1 |
14 санының барлық бөлгіштерін атаңдар. |
А) 0,1,2,7,14; В) 1,2,7,14; С) 2,7,14; Д) 1,2,7. |
2 |
Сандардың қайсысы 12 санына еселік болады? |
А) 34; В) 1 С) 60; Д) 6 |
3 |
Сандардың қайсысы 3- ке қалдықсыз бөлінеді? |
А) 9731; В) 6563 С) 2980; Д) 3462 |
4 |
30 саны қандай сан? |
А) құрама сан В)жай сан С) кемел сан Д) егіз сандар |
5 |
350 санын жай көбейткіштерге жіктеңдер. |
А) 2∙5∙5∙7 В) 35∙10 С) 2∙5∙7∙7 Д) 70∙5 |
Сабақты бекіту: Миға шабу әдісі бойынша.
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктегенде қандай реттілікті сақтау керек?
Егер құрама санның жіктелген жай көбейткіштері белгілі болса , құрама сан қалай табылады?
Сабақты қорытындылау: Сонымен құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеудің екі тәсілі бар. Бірінші берілген құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу, екінші берілген құрама санды жай көбейткіштерге баған түрінде жіктеу. Сондай ақ құрама санды жай көбейткіштерге баған түрінде жіктегенде, вертикаль сызықтың оң жағындағы бағанда берілген жай көбейткіштер өсу ретімен жазылады, сонымен қатар құрама санның жай көбейткіштерге жіктелуінде бірдей жай көбейткіштер кездессе, оларды дәреже көрсеткішпен жазуға болады.
Оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасын беру:
Жұмыс дәптерден §11 В,С деңгейлері.
Тест тапсырмасының 3 нұсқасы.
Оқулықтан 263 (2,3), 269 (2)
№72 жалпы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу»
Пән мұғалім: Омирбекова Г.С.
2
011
– 2012 оқу жыл
Шыңға шығу ойыны. Деңгейленген тапсырмалар.
1 – деңгей: Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жікте.
14, 26
2 – деңгей: Құрама сандарды жай көбейткіштерге баған түрінде жікте.
136
3 – деңгей: Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектеледі. Параллелепипедтің өлшемдері неше сантиметр?
V=195см3
Шыңға шығу ойыны. Деңгейленген тапсырмалар.
1 – деңгей: Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жікте.
35, 38
2 – деңгей: Құрама сандарды жай көбейткіштерге баған түрінде жікте.
530
3 – деңгей: Өлшемдері жай сандармен өрнектелетін жәшіктің көлемі 70 дм 3 . Жәшіктің өлшемдерін тап?
Шыңға шығу ойыны. Деңгейленген тапсырмалар.
1 – деңгей: Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жікте.
52, 87
2 – деңгей: Құрама сандарды жай көбейткіштерге баған түрінде жікте.
1170
3 – деңгей: Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектеледі. Параллелепипедтің өлшемдері неше сантиметр?
V=66см3

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген