400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құрақ құрау технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жетекшілеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау технологиясы». 

 

Сабақтың мақсаты:  Құрақ құрау әдісін үйрету,құрақтың түрлерімен танысу.

Құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру, құрақ өнерін жетілдіру, дамытуды үйрету.

Құрақ құрау өнері арқылы қыз баланың әсемдікке, кез келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың міндеті:

1)    Мазмұнға байланысты міндеттер: құрақ көрпешенің жасалу жолы, түрлері, қолданысы жайлы түсінік алады.

2)    Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттер: мәтінмен жұмыс жасай отырып, талдау жасайды, зерттейді, салыстырады, өз көзқарасын білдіріп, пікір айтады.

3)    Топтық жұмысқа байланысты міндеттер: бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады, өзгенің пікірімен санасуға, бағалай білуге үйренеді.

 

Сабақтың түрі: дамыта оқыту.

Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, математика, дүние тану, бейнелеу өнері.

Сабақтың  көрнекілігі: құрақтың  түрлі үлгілері, түрлі маталар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, ине, жіп, дәптер, қалам т.б.

Сабақтың әдісі: зерттеу, жүйелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап

 

Сабақтың барысы.

I. Қызығушылығын ояту  Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Сабақтың эпигрофы:

Әжелер киім тіккенде,

Тастамапты қиықты.

Әр алуан қиып түскенде

Дорбаға салып жиыпты,

Көп киім тігіп біткенде,

Қиықты сәндеп тіккенде,

Құрақ көрпе болыпты.

 

IIМағынаны тану

а) шығу тарихы;

ә ) құрақ түрлері;

б ) қолданылуы;

в ) құрақ құрау әдісі;

 

Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье»деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған.

 

Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді.

Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады. Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе (орыс, қазақ, ағылшын), дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде –сәнді сөмке, кошелек т.б

  Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:
1.Құрақ құрау (құрақ мозайкасы);
2. Жапсырмалау (аппликация).
Жасалу жолдары:
а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;
ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;
б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау.
III. Қолөнер шеберханасы. Қ.С.Е еске салу. Кіріспе нұсқау.
Құрау технологиясы:
1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.
2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз.
3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз.
4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әулі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз.
Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз.
Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады.
«Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картаны қолданып құрақ құрау.

IV. Ой толғаныс:оқушы түсінігін сұрақ беру арқылы байқау.
1. Қандай ұлттық құрақ түрлерін білесіңдер?
2. Құрақ дегеніміз не?
3. Құрақ түрлері қандай топқа бөлінеді?
4.Орыс тілінде құрақ құрау қалай аталады?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
993
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі