Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құрастыру. Менің сүйікті жануарларым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбына сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрастыру сабағы

ҰОҚ Менің сүйікті жануарларым.

Педагогтің аты-жөні:

Күні:


ҰОҚ-нің мақсаттары

0.1.1.3. Заттарды ортақ белгілері бойынша топтау, геометриялық фигураларды сипаттау және салыстыру.

0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

0.2.1.1. Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану.

0.2.2.1. Жұмыс алгоритміне сәйкес құрастыру.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

  • заттарды әртүрлі белгілеріне қарай топтай алады, геометриялық фигураларды сипаттайды және салыс- тырады;

  • әртүрлі материалдармен, құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алады;

  • жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.


Зерек тәрбиеленушілер:

  • құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен әдіс-тәсілдерді қолдана алады;

  • жұмыс алгоритіміне сәйкес құрастыра алады.


Қабілетті тәрбиеленушілер:

  • жасаған заттарының ұсақ бөліктерін толықтырып, шығармашылықпен жұмыс істей алады;

өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.

тілдік мақсат

Көптілділік: мысық – кошка – cat.

Өткен ҰОҚ-де алған білім

Пікір алысуға арналған сұрақтар.

Өзіңді қоршаған орта туралы әңгімелеп бер? Ауладағы төрт аяқты достарыңды ата. Олардың атын айт. Сен үйіңде не асырайсың? Олар сенің сенімді досың бола ала ма?

Үй хайуанаттарын қалай күту керек?

Оларды күту үшін саған қандай заттар қажет?

Неліктен:

...үй хайуанаттарын күту, өсіру қиын екенін айта аласың ба?

Қағаздың қасиеттері, қағаздан үлкен және кіші конус жасайды, бүктеудің негізгі тәсілдері.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

І. Дұрыс, әсерлі көңіл күй орна- ту.

0–1 мин

Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Музыкалық сүйемелдеу

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты бол- жам.


3–5 мин

Тәрбиеленушілердің үй жануарларына деген қызығушылықтарын ояту. Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? Оларға қандай ат қойдың? Қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер? Олар сендермен дос бола ала ма? Жарайсыңдар балалар. Енді сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер жауабын айтасыңдар.

Мұртын сипап күні бойы,

Бетін сусыз жуады.

Тышқанды аңдып түні бойы,

Тышқанды көп қуады. (Мысық)

Ал енедеше бүгін біз қатты қағаздан осы мысықты жасап үйренеміз.

Мысықтың суреті


Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгілерді қарау, қандай үй жануарларын жасайтынын таңдау.

Жұмыстың орындалу реті:

Үлкен дөңгелек қағазды қиып алып, оны бүктеп конус жасап желімдейді. Мысықтың басын жасау үшін кішкентай дөңгелекті қиып алып, одан конус жасап желімдейді.

Үлкен конустың үшкір бөлігін сәл кесіп, оны ашып кіші конусты көлденең қойып желімдейді, бұл мысықтың басы болады.

Ұсақ дене бөліктерін: құлағын, көзін, мұртын және құйрығын түрлі түсті қағаздан қиып алып желімдейміз.

Ал балалар енді біз бір сергіп алайық

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі.

Жарайсыңдар балалар жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық. Мен сендерге мысық туралы тақпақ оқып берейін.


Мысық

Мен мияу мысықпын,

Өзім сондай пысықпын.

Қастық ойлар дұшпанға,

Арамтамақ тышқанға

Жолбарыстай атылам,

Тісті аямай батырам.


Адам екен бұл мысық,

Ала мысық, сұр мысық.

Піскен сүтті кеседен,

Жалап ішіп тұр екен


Өзі жасаған мысығына ат қояды, оған қандай қамқорлық жасайтынын айтып бе- реді.

Мысық ту- ралы білетін тақпақтарын айтады.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

IV. ҰОҚ-нің қорытындысы. рефлексия.


26–30 мин

Сен өзіңнің сүйікті жануарларыңа қандай қамқорлық жасайтыныңды әңгімелеп бере аласыңба. Үйіңде мысығың бар ма?

Өздерің жасаған мысықтарыңа ат қойыңдар.


Әліппе- дәптер.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
2171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12