Тәрбиеші: Турганбаева Айгуль
Бекжасаровна
Тобы: «Құлыншақ» орта
тобы
Тақырыбы: «Жеміс жидектер мен
көкөністерге арналған себет»
Білім беру
саласы:
Таным
Бөлімі: Құрастыру
Мақсаты: Күзде пісетін жемістер мен
көкөністер туралы білімдерін жетілдіру. Тілдерін дамыту. Саусақтың
ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Себет туралы қарапайым
түсініктерін қалыптастыру. Ұқыпты жұмыс жасай білуге үйрету. Дайын
себет үлгісіне домалақ және сопақ пішіндерді сала білуге
үйрету.
Технологиясы: «Тәй-тәй» технологиясы , ойын
технологиясы.
Көрнекі
құралдар: Әр түрлі қағаздар, қайшы,
желім, себет үлгісі, слайд. Үстел үсті театрының атрибуттары,
гуашь, қылқалам, дайын себет макеттері.
Билингвалдық
компонент:
Себет-корзина; осень-күз,
жеміс-жидектер-фрукты, көкөністер-овощи.
Барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Қол ұстасып
тұрайық
Үлкен шеңбер
құрайық
Жаңа шыққан бұл
күнге
Иіліп сәлем
қылайық.
-Балалар, бір жылда неше жыл
мезгілі бар?
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілінің ерекшелігі
қандай?
-Күзде нелер
піседі?
-Жемістер мен көкөністер бізге
қандай пайдасын тигізеді?
Балалар сұрақтарға жауап
береді.
Жемістер мен көкөністерді біз
тағамға қолданамыз. Олардың құрамында адамның ағзасына қажетті
пайдалы дәрумендер болады. Сонымен қатар біз көкөністер мен
жемістерден түрлі тосаптар , түрлі салаттар мен шырын жасаймыз. Ал
осы жемістер мен көкөністерді егіп, күтіп-баптайтын
адамды бағбаншы деп атаймыз. Ол мамандықтың
түріне жатады.
Енді көкөністер туралы
ертегіні үстел үсті театры арқылы айтып
беремін.
«Көкөністер дауы» ертегісін
айтып беру.
Ғажайып сәт: Бағбаншы ата
келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен
сендерден көмек сұрағалы келдім. Мынау күз мезгілі болғасын менің
жемістерім мен көкөністерім пісті. Оларды жинауға кірістім. Бірак
оларды нен салып жинайтынымды білмеймін.
-Сендер білесіңдер
ме?
-Балалар, бағбаншы ата бізден
көмек сұрағалы келіп тұр.
-ойлаңдаршы бағбаншы атайға не
жасап беруіміз керек.
Жұмбақ
жасыру:
Орманға бірге
аламын
Теріп жидек саламын
(себет)
Тәрбиеші балалардың назарын
тақтаға аударады. Себеттің суретін
көрсетеді.
-Себет
қандай?
-Не үшін
қажет?
-Себетке тағы не салуға
болады?
Себет-ыңғайлы, жеңіл болады.
Оған жемістерді, көкөністерді, саңырауқұлақтарды, жидектерді салуға
болады. Олар әр түрлі болады. Ол қағаздан, бұтақтардан жасалады.
Оны адамдар өру тәсілі арқылы жасайды.
Енді біз бағбаншы атайға себет
жасап берейік.
Бүгін біз екі орталықпен жұмыс
жасаймыз.
Құрастыру
орталығы: Қағаздан себет
жасаймыз.
Өнер
орталығы: Дайын себетке жемістер мен
көкөністердің суретін саламыз.
Тәрбиеші әр орталықтың жұмысын
көрсетеді.
Сергіту сәті: Ашық
алаңқай.
Саусақ ойыны
«Салат»
Сәбізді алып тазалаймыз, ( оң
қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың
алақанына
ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз.(
екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге
ұстап,
жоғары-төмен
қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз, (
саусақтардың ұшымен қант
себеді)
Міне, дайын нәр тағам, ( екі
қолын алдына жайып
көрсетеді).
Дәруменге байыған! (
алақанымен іштерін сипалап,
тойғандықтарын
көрсетеді).
Екінші
айналым.
Тәрбиеші екінші айналымдағы
балалардың жұмысын қадағалайды.
Тәрбиеші балаларды ашық
алаңқайға шақырады. Бағбаншы атайға жасап берген себеттерді
сыйлыққа беріп, атаймен қоштасады.
Балалардың жұмысына талдау
жасалады. Ең жақсы жасалған жұмыстар
таңдалады.
Қорытынды:
-Балалар, оқу қызметі ұнады
ма?
-Біз кімге
көмектестік?
Не
құрастырдық?
-Барлықтарың
жарайсыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Қағаздан себетті құрастыруды, күз мезгілінің ерекшеліктерін түсіну,
қағаз материалымен жұмыс жасай білуді;