Құрастыруға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

Тақырып бойынша 27 материал табылды

Құрастыруға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрастыруға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрастыруға негізделген

тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал















Автор: Есимбекова Гульмира Кабдыгалиевна





Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған дістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан құрастыруға арналған қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған.
























КІРІСПЕ


Өз қолдарыңызбен жасалған бұйымдардың құндылығы


Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған «Step by Step» бағдарламасының әдістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан математика және дүниетану сабақтарына қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған. Барлық берілген сабақтар мен материалдар «Step by Step» бағдарламасының: оқытуды жекешелендіру, балаларға таңдау еркіндігін беру және баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіне ата-аналарды тарту сияқты негізгі талаптарына сай келеді.

Бұл бағдарлама енгізілген елдердің бәрінде бірдей топтарды қажетті дидактикалық және ойын материалдарымен қамтамасыз ете алмау қиындығы осындай құралды құрастыру қажеттігін туғызды. Балабақшалар мен мектептердің барлығының бірдей қымбат материалдар сатып алуға мүмкіндіктері болмайды. Бар материалдардың өзі де балаларға математика мен жаратылыстану ғылымдарынан нақты, шынайы тәжірибе бере алмайды.

Тіпті топта алуан түрлі материал болғанның өзінде, тәрбиешіге өзіндік кәсіби жинағы болғанның артықтығы жоқ. Жақсы оқу материалдары – жемісті оқудың кепілі, сондықтан, материалдардың балалар еркін тәжірибе жасап үйрену үшін жеткілікті болғаны жөн. Тәрбиешінің қолымен жасалған материалдар баланың жеке қызығушылығын оятады және сол даму кезеңіндегі талап-тілегін қанағаттандыра алады.

Тәрбиешінің негізгі жұмысы төмендегідей:

- Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бала өз бетімен бір нәрсе жасағанда ғана жақсы үйренеді. Олар өз бетімен сынап көру, қателесу арқылы әлемнің қалай құрылғанын анықтаулары қажет. Үйренген білім белсенді жаттығулар арқылы жақсы бекітіледі. Мысалы, құрылымның жүйелілігі мен жүйесіздігі жөніндегі түсінікті бала барабанда музыкалық екпінді ұру арқылы: трам-там-там, та-рам-там-там; түрлі-түсті жіптерді түстерін кезектестіріп өре отырып: жіпке көк, сары, көк, сары, көк моншақтарды өткізу арқылы игертуіне болады.

- Тәрбиеші балалардың материалдармен қалай жұмыс істейтінін бақылайды. Мұндай бақылаулар баланың қызығушылығына (машиналар, жануарлар), өзіндік талап-тілек, мұқтаждығына (мысалы, баланың көзі нашар көретін болса, оған көре алмауына байланысты көбірек тактильді түйсікке негізделген жаттығулар), баланың қабылдау стиліне (мысалы, өте қозғалғыш баланы сумен ойнату арқылы тыныштандыруы мүмкін) байланысты қандай тапсырмалар беруге болатынын анықтауға көмектеседі. Осылайша тәрбиешіге қай сабақтар мен қандай орталықтарға балалардың қызығушылықтарының неліктен жоғары немесе төмен екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

- Тәрбиешінің аталған уақыттағы баланың даму ерекшелігі туралы білуі тиіс. Ол әр балаға даму кезеңдеріне сәйкес қандай материал қажет екенін анықтайды.

- Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Егер тәрбиеші топта сұрақты көп қойса, балалар да көп нәрсені сұрай бастайды. Білім алуда жалаң фактілерді жаттағаннан гөрі, ойлауды дамытудың мәні зор.

- Тәрбиеші балаларға өздерінің жұмыстары туралы ойлануға уақыт береді. Бұл берілген ұғымды терең түсінуге жағдай жасайды. Ол сұрақтар мен жауаптарға, өз ойларын білдіруге уақыт қалдырады.

- Тәрбиеші барлық дұрыс, жуық жауаптармен, шығарылған қорытындылар мен тұжырымдарды балалармен бірге талдайды. Көп жағдайда осындай қате жауаптарды талдау дұрыс жауаптарды талдауға қарағанда көбірек пайда әкеледі.

- Балалар сияқты, тәрбиешілер де тәуекелге бара алуы керек. Ол әрнәрсені сынап көріп, ескіні пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіруі тиіс. Кейбір сабақтар сәтті, кейбірі-керісінше шығуы мүмкін. Барлық бала бірдей әрбір сабағыңызға ынталы, қызығушылықпен қатысады деп күтпеңіз. Ізденгіш тәрбиеші дер мезгілінде материалды ауыстырады немесе сабақты одан әрі дамытып, сәтті аяқтауға жетелейтін әдіс-тәсілдерді қолданады. Ол балаларға жаңалықты белсенді қабылдауға үйрету үшін жаңа сабақтар ұсынады.

- Тәрбиеші балаларға қате немесе тура емес жауап бергеннен гөрі, өзінің кейбір заттарды білмейтінін мойындағаны жөн. «Білмеймін» деген жауап бере отырып, тәрбиеші балалармен бірлесіп жауап іздеп, шешім қабылдайтын ахуал туғызады. Бұл балаларға әртүрлі басылымдарды пайдалана білуге үйретеді. Соған қоса, балалар үлкендердің де ізденіп оқитынын көреді.

- Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.

- Ең бастысы тәрбиеші өзінің қатысының артықтығын сезіне білуі керек, олар танымдық процесті өз бетімен басқаруы үшін балаларды өз еріктеріне жіберуі қажет.


Оқу материалдары неден жасалады


Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, тұрақты шығып тұратын бюллетеньге беріңіз немесе жеке жазып қолдарына ұстатыңыз. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:

- табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар;

- тұрмыстық – түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары.

Жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар.

Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.


Аталған құралды қалай пайдалану қажет


Әр бөлімге (1 сабаққа) суреттер берілген. Бөлімнің басында мақсаты - осы сабақтың негізінде педагогикалық тұжырымдама айқындалған. Сосын материалдар тізімі мен сілтемелер, сабақты қалай жүргізу сипаттамасы, сабақты дайындау мен өткізуге ата-аналарды тарту, сол сияқты оқуды бейімдеу мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұсынатын нұсқаулар мен толықтырулар берілген.

Сонымен қатар, құралды пайдалануға ыңғайлы болу үшін арнаулы белгілер қай жастағы балаларға арналғанын, сабақ өткізуге ыңғайлы орталықты көрсетеді.

Барлық сабақтар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Нақты жасы келесі белгімен көрсетілген.


3 4 5 6


Ал мына белгілер сабақ өткізуге қолайлы орталықты көрсетеді:


Шығармашылық Оқу мен Құм Ашық Табиғаттану жұмыстар сауат ашу және ойын

орталығы орталығы су алаңы


Математика Құрылыс Музыкалық Желілі-рольді

орталығы орталығы сабақтар ойындар

орталығы орталығы


Төменде көрсетілген кесте қай сабақ қандай орталықта болатынын тез бағдарлауға көмектеседі.

Кестеде әр сабақ үшін бірнеше орталық берілген. Кез-келген сабақ дамудың белгілі бір саласымен байланысты: әлеуметтік немесе сезімдік дамуы, шығармашылық қабілеттері, тіл дамыту, табиғаттану, математика, дене шынықтыру, қоғамдық ғылымдар.

Берілген құралдағы сипатталған барлық сабақтарды тәрбиешілер бірнеше рет өткізген, егер сіз бірінші рет өткізіп отырсаңыз, алдын-ала дайындалып алғаныңыз жөн. Балаға бағытталған әдістемені толық меңгеріп, жеткілікті тәжірибе жинақтағаннан кейін, сізге түгел топқа немесе әрбір жеке балаға арналған оқу материалдарын ойластырып, құрастыру жеңіл болады. Бұл құралда берілген материалдар балалар көшіріп алатын үлгі емес. Керісінше, олар баланың елесі мен қиялын ынталандырып, оларды пайдалануда шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелеуге арналған.

Барлық ұсынылған сабақтарды тәрбиешілер құрастырған, олар әлемнің көптеген елдерінде тиімді қолданылып жүр. Егер сіз бұл іске шығармашылықпен қарап, өз ойларыңызды басқа әріптестеріңізбен бөліссеңіз, берілген материалдар сіз жинақтайтын қайталанбас жеке жинағыңыздың бастауы болсын.



КУБИКТЕРДЕН ТҰРҒЫЗЫЛҒАН ҚҰРЫЛЫС


Жас натуралистер

4-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге:

Ата-аналар үйде балаларының серуеннен тауып әкелген әртүрлі нәрселерін жинақтайтын сөре немесе қандай да болмасын ашық жер арнауы қажет. Егер олар балаларынан бұл затты неге әкелгенін, не үшін қызыққанын әңгімелеуін сұраса тәуір болар еді.


Сабақтың мақсаты:

Бұл сабақта балалар жаратылыстану ғылымының зерттеу жұмыстарында жиі пайдаланылатын үлкейткіш әйнекпен (лупа) жұмыс істеуге үйренеді. Серуен кезінде балалар әртүрлі нәрселерді қарап, ұстап көргеннен кейін үлкейткіш шынымен зерттеуге келетін бірнеше затты таңдап алуын сұраңыз. Олар «үлкейткіш» деген ұғыммен танысып, әрбір іс үшін құралдың маңызды орын алатынын түсінеді. Қарапайым көзге көрінбейтін нәрселерді лупа арқылы қарау балалардың қызығушылығын арттырады. Мұндай сабақтар тактильді зерттеуге және көргенін суреттей білуге бағытталған.


Қажетті құралдар:

Картон немесе қалың қағаз, үлкейткіш әйнек, табиғи материалдар, желім, жаңғақ, жидектер.


Дайындық:

    1. Балалар серуен кезінде өздерін қызықтыратын заттарды: қарағай бүршіктерін, ағаш қабығы, жаңғақ, жапырақ, гүл, тастарды жинап алады.

    2. Әрбір нәрсені қатты қағазға немесе картонға жапсырыңыз.


Сабақтың барысы:

Әрбір бала өзінің әкелген нәрсесін зерттесін. Сонан кейін оларға үлкейткіш шыныны көрсетіңіз, олардың назарын «линзаның» дөңгелек пішініне аударыңыз. Әрбір құралға ұқыпты қарау керек екенін айта отырып, «үлгілерді» зерттеу үшін оларға лупаны беріңіз.

«Үлкейткіш шыны затты не істейді?» Балалар өздерінің көргендерін суреттеп айтып берсін. Талқылауды одан әрі жалғастыру үшін «Сипау арқылы не байқадың? Қалай ойлайсыңдар, құстар немесе аңдар мұнымен не істейді? Біз оны қайдан таптық?» деген сұрақтар қоюға болады. «Бұжыр», «жылтыр», «тегіс», «бұдырлы» т.с.с. Сын есімдерді пайдаланған балаларды мадақтаңыз. Ересектеу балалар екі немесе одан да көп анықтамаларды қоса отырып сипаттауы қажет, мысалы: «Бұл тас домалақ, жылтыр, жолақтары бар».


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Балаларға үлкейтіп көрсететін көзілдірікті көрсетіңіз. «Көзілдіріктің адамдар үшін пайдасы қандай?» Адамның көзін қырынан қараңыз: «Линзаға ұқсас нәрсе көріп тұрсыңдар ма? Ол не үшін қажет?»

- Тәрбиеші балалардың айтқан анықтамаларын карточкалар жазып алып, сол зат жапсырылған қағазға тіркеп қояды. Бұл балалардың ерте бастан оқып үйренуіне көмектеседі. Балалар жазылған сөздің мағынасы болатынын түсіне бастайды.


Ағаш өсір

4-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге:

Ата-аналарға балаларының немен шұғылданатыны туралы хабарлайтын хат жазыңыз. Ата-аналар балабақшаға келгенде, оларға балалармен бірге жүріп, олардың ағаштарына көруді ұсыныңыз. Балалар өздерінің қуанышымен бөліссін. Егер жанұяның барлық мүшелері белгілі-бір ағашты «қамқорлыққа алса» тәуір болар еді.


Сабақтың мақсаты:

Бұл бір жылдық жоба. Үш-төрт адамнан тұратын топ балабақшаға жақын жерде өсіп тұрған белгілі-бір ағашты «қамқорлыққа» алады. Олар серуенге шыққан сайын ағаштың қалай өскенін ғана емес, басқа да өзгерістерді бақылайды. Олар жыл мезгіліне, жаңбырға, желге, басқа да табиғи құбылыстарға байланысты өзгерістерді аңғарды. Балалар өзара ағаштарын салыстырады. Бұл сабақтар балалардың бойында табиғатқа деген қызығушылықты оятады, байқампаздығын, өзара қарым-қатынас дағдаларын дамытады.

Бұл тәрбиешілерге табиғатқа байланысты сұрақтар қоюға, өз ойларын айтуға мүмкіндік береді.


Қажетті құралдар:

Түрлі-түсті желі немесе жіп, қағаз бен қарындаш, борлар немесе фломастерлер.


Дайындық:

1. Жас натуралистер өздерінің ағаштарын таңдап болғаннан кейін, әр ағашты түрлі-түсті жіптермен белгілейміз. Бұл балаларға өздерінің таңдаған ағаштарын есте сақтауына, тез тауып алуына көмектеседі.

2. Балалардың аты-жөні, ағашының аты (суреті), олардың ағаштарын белгіленген жіптердің түсі жазылған және сол ағаш өсіп тұрған жерді белгілеген кесте жасаңыз.


Сабақтың барысы:

Жұмысты күзде төрт-бес баладан құралған топпен серуен жасаудан бастаңыз. Әсіресе ағаштарға ерекше көңіл бөліңіз. Әрбір топ жыл бойы бақылайтын «өз» ағашын таңдауы тиіс. Ағаш таңдағаннан кейін, балалар оның суретін салуы тиіс. Соңынан кейін оларға «өз» ағаштарын толық зерттеуге уақыт беріңіз: оның биіктігі қандай; діңгегінің аумағы қандай; ұстап көру, сипау арқылы қабығының қандай екенін анықтау; иісін ажырату; жапырақтарының қандай екенін қарау және т.с.с.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- «Өз» ағаштарының қабығын, жапырағын, тұқымын басқа топтардың ағаштарымен салыстырыңдар. Олардың айырмашылығы қандай? Ұқсастығы бар ма? Бес-алты жастан бастап балалар жапырақтарды толық зерттеуіне болады: жапырақтар қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін, бұтақта симметриялы орналасуы мүмкін не бұтаққа жан-жағынан кезектесіп өсуі мүмкін.

- Балалар «өз» ағаштарына ат қойсын. Ағаш туралы әртүрлі ертегілер ойлап тауып, суретін салсын.

Жапырақты бастырып алсын. Балалар жапырақтың әртүрінен неғұрлым көбірек жинасын. Жапырақтар өте құрғақ және мыжылған болмауы керек. Аз ғана гуашь алып, губкаға сіңіріңіз. Жапырақты бояулы губкаға жаншып, сонан кейін ақ қағазға бастырыңыз.

- Қабық пен жапырақтың сызықты таңбасын жасаңыздар. Бұл үшін парақ қағазды ағаштың қабығына жапсырып, бордың жанымен абайлап бояңыз. Қабықтың суреті бірте-бірте шығады. Осындай жұмысты топта жапырақпен де жасауға болады.

- Олар дәл қалай аталатынын білу үшін кітапханадан ағаштар туралы анықтама кітап алыңыз. Балалардың әрқайсысымен кітаптағы әртүрлі ағаштарды жеке қарай отырып, олардың айырмашылығы мен ұқсастығын табыңыз. Күрделі терминдерден аулақ болыңыз. Ересек балалар кітапты өздері ықыласпен қарап, «өздерінің» немесе достарының ағашының суретін іздейді.


Сабақтын мақсаты:

Кубиктермен ойнау, бір жағынан, жеткілікті дәрежеде ұйымдастырылған құрылым, сонымен қатар ашық әрі бейімделгіш ойын түрі.

Кубиктер немесе блоктардың пішіні шектеулі, олардың саны да шектеулі, бірақ олардан әр бала қабілеті мен қызығушылығына сәйкес неше түрлі құрылыстар тұрғыза алады. Картоннан жол белгілерін немесе басқа да белгілер жасап, оларды кубиктермен ойынның ортасына қойып, тәрбиеші балаларға белгілі бір елестету образдарының жүйесін қалыптастыратын жағдай түдырады.


Қажетті құралдар:

желім, ағаш тақтайшалар, фломастерлер, дрель (бұрғы) ағаш таяқшалар, картон.


Дайындық:

1. Қатты қартонға жол белгілерін сәйкес бояулармен немесе үлкен әріптермен салыңыз: қызыл жарық, сары жарық, жасыл жарық, тоқта, теміржол өткелі, жүруге болмайды.

2. Тақтайшаға бұрғылап тесік тесіңіз.

3. Белгілерді таяқшаларға жапсырыңыз да, таяқшаның ұшына жағып, тақтайшадағы тесікке орналастырыңыз.

4. Белгілерді ойын алаңының ортасына орналастырыңыз.


Сабақтың барысы:

Осы орталықта жұмыс жасап жатқан балалардың ойынын бақылаңыз, олардың әңгімесін тыңдаңыз. Егер олар машиналармен ойнап, жол тұрғызып жатса, оларға өзіңіздің белгілеріңізді беріп, қарапайым тілмен әрқайсысының нені білдіретінін түсіндіріңіз.

Егер балалар өздерінің не тұрғызғанын анықтап айта білсе, олар үшін қағаздан жарнама дайындаңыз. Құрылыстың алдына жағалай қоюға болатындай етіп қағазды енінен бүктеңіз. «Сен өз құрылысыңның алдында жарнама болғанын қалайтын шығарсың деп ойладым» деген сөздермен дайындаған жарнамаңызды беріңіз. «Ферма», «Біздің балабақша», «Өрт сөндіру станциясы», «Қамал», «Милиция», «Аурухана», «Кітапхана» т.б. Сөздерді жазу керек. Жұмыс соңынан барлығын қорапқа немесе папкаға салып, балалар өздері алып-қоя алатындай, қолы жететін сөреге қойыңыз. Кейде балалар ертеңіне де сол құрылысты қайта тұрғызады, кейбіреулері басқа балалардың қалауымен жұмыс жасайды. Егер олар жарнамаларды сұраса, керегін қалай алу қажеттігін көрсетіңіз. Олар тез арада сіздің көмегіңізсіз-ақ өздері алуға үйренеді, тіпті оқуы да мүмкін.

Егер балалар өздерінің не тұрғызатынын анық білмесе, олардан қандай жарнама қажеттігін, не деп жазу керектігін сұраңыз.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

Балаларды айналаға серуенге шығарыңыз. Жолда сіздерге қандай белгілер кездесті? Олардың ойынша бұл белгілер нені бідіреді? Көшедегі шуды тыңдаңыздар. Қандай дыбыстар естіледі?

Балаларға машиналардың суреті бар кітапшаларды оқып беріңіз. Суретте бар белгілерді көрсетіңіз.



Гараждар (4-тен 6-ға дейін)


Ата-аналармен бірге:

Балалардың назарын айналада кездесетін сандарға аудару үшін кез-келген мүмкіндікті пайдалану қажеттігін ата-аналарға түсіндіру. Әдеттегі жағдайлар мен күнделікті іс-әрекеттердің өзі балаларға сандардың, санаудың, сандарды салыстырудың маңызын түсінуге көмектеседі.

Сабақтың мақсаты:

Балалар кубиктерден құрастырып ойнағанда, олар кішкене женіл машиналар мен жүк машиналарын жиі пайдаланады. Тәрбиеші міндетті түрде балалардың іс-әрекетін бақылап, ойын тыңдап, олардың бастамаларын қолдау керек, яғни оларды ойландырып, шешім іздеуге талпындыратын материалдар қосуы қажет. Мысалы, әр машинаның төбесіне бірнеше дөңгелек салып, оларды сонша дөңгелек салынған гаражға кіргізу керек, бұл балаларды салыстыруға, есептеуге, ретімен қоюға үйрететін өте жақсы танымдық ойын.

Қажетті құралдар:

Сүттен босаған үш пакет, қара фломастер, кішкене карточкалар кішкене жеңіл және жүк машиналары, қалың түрлі-тісті қағаз, түссіз жабысқақ пленка.


Дайындық:

1. Гараж жасау үшін сүттен босаған пакеттерді түрлі-түсті қағазбен қаптап, егер болса, жабысқақ пленкамен жапсырыңыз.

2. Сандары бар карточкалар жасаңыздар: бір жағына дөңгелектер сандармен жұмыс істей алмайтын балалар үшін, екінші жағына сол дөңгелектерге сәйкес 1-ден 5-ке дейінгі сандарды салыңыздар.

3. Үш пластмасса машина алып, бірінші машинаның төбесіне бір дөңгелек, екінші машинаға екі, үшінші машинаға үш дөңгелек т.с.с. қойыңыздар.


Сабақтың барысы:

Кубик ойнап отырған балаларға: «Ауа-райы қолайсыз болған күндері сендер машиналарыңды гаражға қоятын шығарсындар. Менде бірнеше нөмірленген гараж бен машиналар бар. Егер қаласаңдар, өздеріңе таңдап алуларыңа болады», - деп ойында бастауға болады. Балалардың назарын машиналардың төбесіндегі дөңгелектерге аударыңыздар. «Мұнда неше дөңгелек бар? Бұл қай гараждың машинасы? Сендер оны қалай білдіңдер? Ал мынау қай гараждан? т.с.с.»


Нұсқаулар мен толықтырулар:

Сіздерде одан әрі тағы жалғастырып нөмірлегісі келетіндерге қосымша машиналар мен карточкалар қойылуы керек.

Балалардан тағы не ойлап табуға болатынын сұраңыз, мысалы ұядағы кұс, бесіктегі бала т.с.с. Әрқайсысы сурет салсын. Барлық суреттерден түптеп кітапша жасаңыз.



Теңдікті тап

4-тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Бұл сабақта балалар ағаш блокты өлшем бірлігі ретінде пайдалана отырып, өлшеуге үйренеді. Балалар белгілі бір тәжірибе негізінде әртүрлі блоктардың пропорциялық сәкестігін анықтап, математикалық терминдермен танысады.


Қажетті құралдар: кесте, құрылысқа қажетті блоктар: «жарты», «тұтас», «екілік», «төрттік»


Дайындық:

Жарты - 3,5х7 см көлемдегі блок

Тұтас - 3,5х14 см көлемдегі блок

Екілік - 3,5х7х28 см көлемдегі блок

Төрттік - 3,5х7.56 см көлемдегі блок


Сабақтың барысы:

Әдетте балалар бірнәрсе құрастырарда екі жарты бір бүтінге тең екенін өз беттерімен тез табады. Тәрбиеші осы сәтте теңдіктер ұғымын пайдаланып, оларды математикалық терминдермен таныстыруына болады. «Анар, қарашы, мына екі блоктың ұзындығы мына бір блокка тең. Сен оларды қалай жақсы қойғансың. Кел, оны кестеге жазайық». «Серік, сен екілік блокпен жұмыс жасап отырсың. Төрттік блок шығару үшін екілік блоктан қанша керек. Дұрыс айтасың, екі екілік блок керек екен. Ал тұтас блоктан қанша керек екен? Дұрыс - төртеу. Кел, екеуміз мұны кестеге жазайық.»

Егер балалар тігінен немесе көлденеңінен тұрғызса, құрылыстың көлемін жіппен өлшеу керек. Балаларға, мысалы, үстелдің ұзындығын немесе орындықтың биіктігін өлшеуге тапсырма беріңіз.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Ата-аналар жиналыста кубиктен өздері қалаған нәрсесін тұрғызсын.

- Блоктардың математикалық ұғымдарды қалыптастырудағы маңызын көрсететін көрме дайындаңыз.

- Сөрелерде кубиктердің қалай орналасқанын көрсетіңіз. Балалар оларды өлшеміне қарай ажыратып, орындарына қоя білуі керек.


Қиғаш жазықтықтар

5-тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Бұл сабақ қиғаш жазықтықтың жылдамдық пен қашықтыққа әсерін көрсетуге арналған. Бұл балаларды жаратылыстануға, табиғи-ғылыми тәжірибе жасауға үйретеді, яғни болжау, тәжірибе жасау, бақылау, жаңалық ашу, суреттеу, салыстыру, логикалық қорытынды шығару, жіктеу және ақпаратпен бөлісу. Ұлдар мен қыздардың бойында табиғаттануға деген қызығушылықты оятуда ауық-ауық олармен бірге қарапайым тәжірибе жасаудың маңызы зор.

Қажетті құралдар:

6 «тұтас» блоктар, қағаз дөңгелектер, 3 кішкентай қатты шар, 6 «төрттік» блоктар, желімді лента.


Дайындық:

1. Бұл сабақ үш адамнан тұратын топқа арналған. Басқа балаларға өз кезектері келгенде олар да ғалым болып, осындай тәжірибе жасайтынын түсіндіріңіз.

2. Бұл тәжірибе үшін колидор, аула немесе спорт зал сияқты үлкен бос орын қажет. Балалар тәрбиешімен бірге әртүрлі биіктіктегі үш «төбешік» жасайды да, әр төбешіктен домалап түскен шар қаншалықты алысқа домалайтынын байқайды. Неғұрлым құламалы болған сайын, соғұрлым алысқа домалайды.

3. Төбешікті тұрғызу үшін 2 «төрттік» блок және 1,2 немесе 3 «тұтас» блок алу қажет. Әр төбешіктің ені екі «төрттік» блокқа тең (олардың орнына тақтай алуға болады). Төбешіктің биіктігі «тұтас» блоктардың санына байланысты: алғашқы екі «төрттік» блок бір тұтас блоктың үстінде, қалған екеуі-екі «тұтастың» үстінде; ал үшіншісі - үшеуінің үстінде жатады. Еденге желімді лентамен мәре сызығын белгілеп, сол сызыққа барлық төбешікті әкеліп қоямыз өйткені шарлар бір деңгейден жіберілуі тиіс. Ғылыми тәжірбие үшін бұл маңызды шарт екенін балалар білуі тиіс.


Сабақтың барысы:

Төбешіктер тұрғызылып болғаннан кейін, шардың қаншылықты алысқа домалайтыны туралы әр баладан сұраймын. Содан кейін әрқайсысы өзі айтқан тұста қағаз дөңгелектерді қояды. Шарды лақтыруға болмайтыны, оны төбешіктің үстіне қойып, түсіріп жіберу керек екенін түсіндіріңіз.

Балалар бұл тәжірбиені әрқайсысы өз төбешігінде өз шарымен жүргізуі керек. Соңынан оларға: «Шарын сен ойлағаныңнан алысқа домалады ма? Әлде жетпей қалды ма? Қайсысы ең алысқа домалады? Ал қайсысы басқаларына қарағанда төбешікке жақын тоқтады? т.б.» сұрақтар қойыңыз.

Енді балаларға кезекпен шарларды төбешіктен домалатуға мүмкіндік беріңіз. «Неліктен бір төбешіктен шар басқаларына қарағанда алысқа домалайды? Қай төбешіктен шар жылдам домалады?» Төбешік биік болған сайын шар жылдам әрі алысқа домалайтынын түсінуге балаларға көмектесіңіз.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Ғалымдар өздерінің бақылауларын үнемі жүргізіп отыратынын айтыңыз. Балалармен бірге тәжірбиенің қорытындысын жазатын кесте жасаңыз.

- Балалар кезекпен шарды төбешіктен домалатып көрсін.

- Осындай төбешікті кубиктерден көшеде тұрғызыңыздар. Әртүрлі көлемдегі, әртүрлі салмақтағы шарлармен тәжірбие жасаңыздар. Балалар қандай қорытынды шығарады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2025
207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі