Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құрлық суларының экологиялық проблемалары. Су апаттары

Материал туралы қысқаша түсінік
8. 3. 3. 6 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады 8. 3. 3. 7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады 8. 2. 1. 1 тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте 8. 2. 1. 2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды 8. 2. 1. 3 географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді 8. 2. 2. 1 ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп баспасы 2017 жыл:§23

Алматы кітап баспасы 2017 жыл §27 – 28

Бекітемін________________________

Қазақстанның Оқу – ағарту министрлігі

_____________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Құрлық суларының экологиялық проблемалары

Су апаттары

Географиялық карталар

Географиялық деректер базасы

(Сабақтың тақырыбы)

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

География

Бөлім:

3.3. Гидросфера

Педагогтің аты – жөні:


Күні:

04.11.2024

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Құрлық суларының экологиялық проблемалары

Су апаттары

Географиялық карталар

Географиялық деректер базасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

8. 3. 3. 6 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады

8. 3. 3. 7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады

8. 2. 1. 1 тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте

8. 2. 1. 2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды

8. 2. 1. 3 географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді

8. 2. 2. 1 ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады

Сабақтың мақсаты

Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады

Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады

ЕББҚ: Су апаттары және экологиялық проблемаларына тоқталады

Құндылықты дарыту

Жасампаздық және Жаңашылдық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің іс - әрекеті

Білім алушының іс - әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин




3 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сыныпты түгелдеу, сыныптағы оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй жұмысы

Көлдер мен мұздықтар тақырыбы бойынша Телеграмм викторина сұрақтарына жауап береді



Мұғаліммен амандасып, кезекші оқушы сыныптағы оқушылардың санын баяндайды


Оқушылар көлдер мен мұздықтар бойынша викторина сұрақтарына жауап береді

(ҚБ) мұғалім

1-10 балл аралығында бағалайды





Дескриптор:

Жалпы – 2 балл:

Көлдер мен мұздықтарды анықтайды



http://t.me/QuizBot?start=z4rlVFKu

Picture 1

Сабақтың ортасы

2 мин








3 мин






5 мин














5 мин







20 мин

Жаңа сабақ

«Миға шабуыл» әдісі

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін балалар?


Мағынаны тану

Бейнеролик:Ластану Су

  • Судың ластану түрлері?

  • Сулар қалай ластанған?

  • Суды көп ластаушы?



  1. Тапсырма

(ЖЖ)Жеке тапсырма (ЕББҚ)

Мәтінмен жұмыс (Қазақстанды қамту негізінде)

Арал теңізі, мұздықтар, Ертіс өзені бойынша сандық және сапалық талдау жасайды

Нысандары

Сандық деректер

Сапалық деректер

Арал теңізі



Мұздықтардың еруі



Ертіс өзенінің ластануы




  1. Тапсырма

(ЖТ)Жеке жұмыс

Су апаттарын сипаттау

  • Су тасу

  • Су басу

  • Тасқын

  • Сел

5 БЖБ Гидросфера тарауы бойынша

Оқушыларға миға шабуыл әдісі арқылы тақырыпты анықтау үшін суреттер көрсетіледі



Сабақтың тақырыпты атайды

Бейнероликті қарайды. Судың ластануы


Оқушылар сандық және сапалық талдау жасайды










Оқушылар судағы апаттардағы терминдерге тоқталады





«Жарайсың» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.














Дескриптор:

Жалпы 4 – балл:

1.Сандық талдау жасайды

2.Сапалық талдау жасайды








Дескриптор:

Жалпы 4 – балл:

1.Су апаттарына тоқталады













https://youtu.be/9AkNAx4tqsY?si=nuwv56wTrQa48Bj6



Мәтін













Ғаламтор жасанды интеллект


https://openai.com/

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

«Куб» әдісі

Үйге тапсырма

Мектеп баспасы 2017 жыл:§23

Алматы кітап баспасы 2017 жыл §27 – 28

Оқушы жаңа тақырыпты қорытындылап бүгінгі сабаққа кері байланыс орнатады

Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауына байланысты

1 – 10 балл аралығында бағалайды




Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Бөліс

Ұсыныс айт

Түсіндір

Неге

Ата

Ойлап тап

Нысандары

Сандық деректер

Сапалық деректер

Арал теңізі



Мұздықтардың еруі



Ертіс өзенінің ластануы





Мәтін

Арал теңізінің қасіреті

Арал теңізі таязданғанға дейін әлемдегі көлдердің ішінде көлемі бо йынша төртінші орында болатын. ХХ ға сырдың 60-жылдарынан бастап Арал теңізінің деңгейі Әмудария мен Сырдария өзендерінен мақта өсімдігі мен күріш егістіктерін суландыруға алу салдарынан (барлық судың 92%-ы) жылдам төмендейді. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, жерасты су көздері Арал теңізіне, оның суының булануына қарағанда әлдеқайда аз су береді, нәтижесінде Арал теңіз-көлінің су көлемі азайып, тұздылық деңгейі артады. Арал теңізі өзінің жағалау сызығынан 100 км-ге шегініп кетті және

тұз жапқан 54 мың км2 құрғақ теңіз арнасының орны бос қалды. Сырдария мен Әмударияның арнасына егіс алқаптарынан келіп түсетін коллекторлық-кәріздік сулар теңіздің бұрынғы

табанында пестицидтер мен басқа да ауылшаруашылық улы химикаттарының шөгінділерінің түзілуіне себепші болды. Шаңды дауыл тұзды, шаңды және улы химикаттарды 500 км-ге дейін таратады. Олар табиғи өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдарын жояды немесе жетілуін тежейді. Жергілікті тұрғындар тыныс алу органдары ауруларының, қаназдықтың, көмей мен

өңеш обырының, ас қорытудың бұзылуының, бауыр мен бүйрек ауруларының, көз ауруларының кеңінен таралуынан зардап шегіп отыр. Су деңгейінің төмендегені соншалық, теңіз солтүстік Кіші Арал және оңтүстік Үлкен Арал болып екі бөлікке бөлінді: Үлкен аралдың көлемі 708- ден 75 км3-ге қысқарып, суының тұздылығы 14-тен 100 г/л-ге артты. Арал теңізін толықтай қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Ол үшін қазіргі орташа көрсеткіші 13 км3-мен салыстырға нда, Әмудария мен Сырдария өзендерінің жылдық су түсімін 4 есе көбейту қажет болар еді. Теңіз бассейніндегі бес елдің төртеуі (Қазақстанды қоспағанда), негізінен, халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету

үшін ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлерді суғару көлемін арттыруға ниетті.

Басқа да зардаптардың қатарында жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің жоғалуы да бар.

Өзен суы ағысының күрт азаюынан Әмудария мен Сырдария ойпаңдарының салындыларын тұщы

сумен және құнарлы шөгінділермен жабдықтайтын көктемгі тасқын да тыйылды. Суда тіршілік ететін балықтардың түрлері 32-ден 6-ға кеміді. Ол судың тұздылық деңгейінің артуының,

уылдырық шашатын орын мен қоректенетін жерлердің жойылуының нәтижесі (олар көбінесе тек өзен сағасында ғана сақталған). Егер 1960 жылдары балық аулау 40 мың тоннаға жетсе, қазіргі күні жергілікті кәсіптік балықшаруашылығы мүлде жойылған. Тіптен, 70-жылдары әкелінген тұзды теңіз суында тіршілік етуге қабілетті Қара теңіз камбаласы да, 70 г/л су тұздылығына төзе алмай,

2003 жылдарға қарай Үлкен Аралда жойылып кетті. Аралдағы кеме жүзу тоқтады. Теңіздегі су деңгейінің төмендеуіне орай ыза сулардың да деңгейі төмендеді, бұл жердің шөлге айналу үдерісін жылдамдатты. Бұрынғы теңіз жағалауындағы қаул ай өскен ағаштардың, бұталар мен шөптесіндердің орнында тек галофиттер мен ксерофиттердің – тұзды топырақ пен құрғақшылыққа бейімделген өсімдіктердің сирек шоғыры өседі. Сүт қоректілер мен құстардың жергілікті түрлерінің тек жартысы ғана сақталған. Жазда ыстық және қыс суық болатын болды, ауа ылғалдылығының деңгейі төмендеді, атмосфералық жауын-шашын көлемі азайды. Вегетациялық кезең қысқарды, жиі құрғақшылық байқалатын болды.


Мұздықтар еруде

Қазақстан ғалымдарының мәлімдеуінше, мұздықтар ХХІ ғасырдың 80-жылда ры еріп бітуі мүмкін. Қазақстанда қазіргі сәтте 2724 мұздық бар. 1955 жылдан бері Іле Алатауы мұздықтарының ауданы 500 км2-ден 300-ге дейін, ал Жетісу Алатауында 800-ден 500-ге дейін кеміді. Жетісу (Жоңғар)

мұздықтарының жүйесі 2080 жылы, Солтүстік-Іле және Алтайдікі – 2085 жылдарға қарай жойылуы мүмкін. Мұздық ағынының болмауы жерүсті суы көлемінің азаюына әкеледі, оның салдарынан құрғақшылық орын алады. Орталық Азия елдері едәуір мөлшерде Памир, Тянь-Шань, Алтай аумағында биік тауларда түзілетін су ресурстарына сүйенеді. Аймақ тұрғындары қазіргі уақытта 65 миллион адамды құрайды, ал ғасыр соңына қарай екі есе өсуі мүмкін және суға деген қажеттілік те артады. Атап айта кету қажет, бұл елдердің жерүсті суларының барлық су ресурстарының 85–97%-ы

суар малы егіншілікке жұмсалады. Орталық Азияда таза су ресурстары тауларда түзіледі, өйткені жазықта түсетін жауын-шашын булануға жұмсалады, олардың тек аздаған бөлігі ғана жерасты суларын толықтыруға кетеді. Негізгі көзі: қар жамылғысы, көшкін, қар, мұздықтар мен жерасты мұзы, сонымен қатар тау басындағы көшкін мұздар (глетчерлер) – мұз бен тау жынысының конгломераты, ол қар суының бір бөлігін береді және өзен ағынын түзеді. Тұйықсу мұздығына 1956 жылдан бастап жүргізілген көпжылдық бақылаулар көрсеткендей, оның массасының теңгерімі жағымсыз болған, жауын-шашын түрінде түсетін судан гөрі су шығыны көбірек болған. Осы уақыт ішінде мұздық беті орташа алғанда 24 метрге төмендеген, ал еріген қардың көлемі шамамен

58 миллион м3-ді құраған. Мұздықтардың еруі аймақтың басты екі өзеніне – Әмудария мен Сырдарияға әсер етуде. Сырдарияда су ағыны соңғы жылдары 7%-ға азайды. Мұздықтардың

еру үдерісіне шешімін таппаған Арал мәселесі де жағымсыз әсерін тигізуде.Бір кездері шарасы суға толған теңіздің суы тартылған орнынан соққан шаң одан алыс жерлерге таралып, мұздықтарға

жетіп жатыр, бұл да оның еруіне мүмкіндік туғызуда. Мұздықтардың еруіне қатысты жағдай басқа бір апаттың төнуімен – сел жүруімен тікелей байланысты. Сел жүру дәл сол мұздықтардың еруінің белсенділігі күрт артқан жылдары орын алған.


Ертіс өзенінің ластануы

Ертіс өзені Қытайдан басталады. Өзеннің ұзындығы 4248 км-ді құрайды. Ертіс Обь өзенімен бірге –

ұзындығы бойынша Азиядағы екінші және дүниежүзіндегі алтыншы өзен. Ертістің Қазақстандағы бөлігінде Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі СЭС-тары салынған және жұмыс істеп тұр. Ертістің су экожүйесіне түсетін жиынтық жүктеме оның барлық су ресурстарынан үш есе асып кетеді.

Қытай тарапы үнемі өзеннен алатын судың көлемін арттыруда, бұл жақын арада Ертістің жылдық ағынының 35%-ына дейін өсуі мүмкін. «Қара Ертіс-Қарамай» жаңа каналының іске қосылуына орай Қытай тарапы суды пайдалануда өзеннен жыл сайын 450 млн м3-ден астам көлемде су алуды

жүзеге асыра бастады. Егер де су алу көлемі жоқ дегенде 1,5 м3-ге артатын болса, онда Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінің одан арғы тіршілігіне қауіп төнеді. Ертістің су ресурстарының жалпы көлемі шамамен 9 млрд м3ге жететінін ескерсек, онда өзен апатқа ұшырайды.

Тіптен, су алу көлемі ұлғаймаған күннің өзінде де, Ертісті «сырқат өзен» деп санауға болады. Өзенге берилий, қорғасын, селен, сынап, мышьяк, кобальт, кадмий, теллур, хром, цианид және басқа да улы заттар түседі. Өндірістік аймақтардағы өзен суының құрамындағы ауыр металдар мен басқа да ластаушы заттардың мөлшері мерзімді түрде еселей артып отырады, ал олардың шоғырланымы шекті нормадан ондаған есе асып кетеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.12.2024
239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12