Материалдар / ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерқұрмалас сөйлем деп аталады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Конспект

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерқұрмалас сөйлем деп аталады.

 

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі

 

ЖАЙ СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.

2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады.

Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары

екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады.

3. Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады.

Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады.

4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады.

Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.

 

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтасабайланысады. Мысалы: Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Бұл  сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.

 

Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.

 

Түрлері

Құрамы

Белгісі

Мысалдары

Салалас құрмалас сөйлем

Кемінде екі жай сөйлемнен құралады

Өзара тең дәрежеде байланысады, баяндауыштары тиянақты болады.

Әлден уақытта екі атты кісі келді де, мені ағаштан шешіп алды.

Сабақтас құрмалас сөйлем

Кемінде екі жай сөйлемнен құралады.

Бірі екіншісіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болады.

Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды.

Аралас құрмалас сөйлем

Кемінде үш жай сөйлемнен құралады.

Өзара салаласып та, сабақтасып та байланысады.

Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді.

 

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежедебайланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.

 

Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа)байланысып тұр.

 

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

 

1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.

 

2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 3) өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалассөйлем алты түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықтысалалас, 4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.

 

1. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой менекіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылады. Мысалы: Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады. Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Жанай балуан қайраттыәрі үнемі қол бастайтын болат жүректі адам еді. Өзі ешкімге соқтықпайды және ит баласына жібімейді. Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді.

 

Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болатын неболған істі білдіріп, баяндауыштары бір шақта айтылса, жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді, Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.

 

Әрі шылауы ыңғайлас салаластың әрқайсысымен қайталанып келгенде, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы: Әншінің әрі дауысы да жағымды, әрі әні де сазды екен. Алқайталанбай бір-ақ рет келсе, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы:Құрылыс жұмысы басталды әрі құрылысшыларды орналастыру керек.

Және жалғаулық шылауымен байланысқан ыңғайлас салаластардың арасына үтірқойылмайды. Мен өзімді-өзім ұмыттым және көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты.

 

2. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп тұрады. Мысалы: Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.

 

Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.

 

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы:

 

1.Себеп мәнді сондықтан 2. Салдар мәнді

жай сөйлем сол себепті жай сөйлем

 

1. Салдар мәнді өйткені, себебі 2. Себеп мәнді

жай сөйлем неге десеңіз жай сөйлем

Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Мысалы: Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым.

 

Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Мысалы: Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.

 

Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын тұрса, арасына қос нүктеқойылады. Мысалы: Жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді.

 

3. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдербірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысса,жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасынаүтір қойылады.

 

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз іргелес тұрып байланысса,жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан басқа ештеме ілінбеді. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбіне антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерденжасалады. Мысалы: Атаның баласы болма, – адамның баласы бол. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Мысалы: Көктем шықты, – ауада суық ызғар бар.

4. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелестұрып байланысады да, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен.

 

Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына сол, сонша, соншалық, сондай деген сілтеу есімдіктері қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне сызықшақойылады. Мысалы: Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.

 

5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады да, арасынаүтір қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылауларарқылы байланысады. Мысалы: Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады.

 

6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын көрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейдедеген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы тек салаласа байланысады да, араларынаүтір қойылады. Мысалы: Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.

 

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі

 

Түрлері

Жалғаулықтары

Тыныс белгісі

1

Ыңғайлас салалас

Және, да, де, та, те, әрі.

Үтір

2

Қарсылықты салалас

Бірақ, сонда да, дегенмен,

алайда, әйтсе де, сөйтсе де.

Үтір, үтір мен сызықша

3

Түсіндірмелі салалас

Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады.

Қос нүкте, сызықша


4

Себеп-салдар салалас

Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б.

Үтір, қос нүкте немесе сызықша


5

Талғаулы салалас

Не, немесе, я, яки, болмаса,

әйтпесе, не болмаса, әлде.

я болмаса,

Үтір



6

Кезектес салалас

Кейде, бірде, біресе.

Үтір

 

Конспект сұрақтар

  1. Жай сөйлемдердегі ойдың тек біреуі ғана жүзеге асатын салаластың түрін көрсетіңіз.

  2. Жалғаулығы жоқ салалас түрін табыңыз.

  3. Жалғаулықсыз себеп-салдар салалас құрмаластың салдар мәндісі бірінші келсе, одан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын көрсетіңіз.

  4. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  5. Жалғаулықсыз құрмалас сөйлемді табыңыз.

  6. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  7. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысатынын табыңыз.

  8. Салаластың қай түрі екенін табыңыз. Менің артымнан тағы бір қыз туады, әке-шешем атын Балтуған қояды.

  9. Салаластың қай түрі екенін табыңыз. Қазақ жері көп еді, – жер пайдасын білетін білімді ері жоқ еді.

  10. Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас құрмаласты табыңыз.

  11. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

  12. Сөйлемде түсіп қалған жағдайда орнына сызықша қойылатын жалғаулықты табыңыз.

  13. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  14. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  15. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігін көрсетіңіз.

  16. Талғаулы салаластың жалғаулық шылауларын табыңыз.

  17. Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластарды көрсетіңіз.

  18. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  19. Қай салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы «сол», «сонша», «сондай» есімдіктерінен жасалатынын көрсетіңіз.

  20. Құрамындағы жай сөйлемдері ешбір жалғаулық шылаусыз байланысатын салалас түрін табыңыз.

  21. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін. Олардың арасындағы мағыналық қарым – қатынас бірыңғай болмай, әр алуан болып келеді. Мысалы: Жуырда білім сайысы болуға тиісті: не «білімділер» тобы женеді, не «алғырлар» тобы озады. Бұл сөйлем құрамында үш сөйлем бар: біріншісі соңғыларымен түсіндірмелі қатынаста, екінші мен үшінші сөйлемдер талғау мәнді қатынаста, екінші мен үшінші сөйлемдер талғау мәнді қатынаста.

  22.    Ыңғайлас салалас шылаулардың қатысуына қарай екіге бөлінетіні белгілі. Және жалғаулығы келгенде, әрі шылаулы қайталанбай бір-ақ рет келгенде жай сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.

  23.    Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықты себеп салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғаның тыныс белгілері арқылы айырамыс. Егер себеп мәнді бұрын тұрса, үтір қойылады. Керсінше салдар мәнді сөйлем себеп мәнді ден бұрын айтылса, арасына қос нүкте қойылады.

  24.     Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден және болымды, болымсыз формадағы сөздерден жасалады.

  25.     Түсіндірмелі салалас жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, сондай, соншалық деген сөздер болса, олардан кейін сызықша қойылаы

  26. .

  27. Тест жұмысы

  28.  

  29. 1) Баламалы тест              (ия-жоқ)

  30.  

  31.  

  32. 1. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір -біріне тәуелді болмайды.

  33. 2. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.

  34. 3. Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды.

  35. 4. Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды.

  36. 5. Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады.

  37. 6. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады.

  38. 7. Талғаулы салаласта екі жай сөйлем арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады.

  39. 8. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.

  40. 9. Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге айналдыруға болады.

  41. 10. Аралас құрмалас кейде төрт жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.

  42.  

  43. Тест тапсырмалары 2010- 2011 оқу жылдарындағы бітірушілерге арналған тест жинақтарынан алынған.)

  44. 1) Ашық тест.

  45. 1.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  46. А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.

  47. В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.

  48. С) Ізденіс түбі- жеңіс.

  49. Д) Танк өз- өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң- топырақ бұрқ ете қалды.

  50. Е) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?

  51. 2. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен  келетін салаластың түрін табыңыз. 

  52. А) Кезектес 

  53. В) Ыңғайлас 

  54. С) Себеп-салдар 

  55. Д) Қарсылықты 

  56. Е)Талғаулы   

  57. 3. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. 

  58. А) Шоқан біздің қасымызда  жасы кіші болса да, үлкен кісідей болатын. 

  59. В) Ол қолынан келсе, қазақ халқына  жақсылық жасауға  ұмтылатын.

  60. С) Осыған дейін ол ауыл  мектебінде оқыса, қазір қалада  дәріс алуда .

  61. Д) Оның білімге деген  құштарлығы  арта түсті, өз білімін  кеңейтудің  басқа да жолдарын  іздестіре бастады.

  62. Е) Ұдайы ізденген адам өз бетімен  білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады. 

  63. 4. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. 

  64. А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ. 

  65. В) Бір кезде  орман шуылдап, дауыл соқты.

  66. С) Ізденіс түбі- жеңіс. 

  67. Д) Танк өз-өзінен жұлқынып қалғандай болды да,  гүрс етіп шаң-топырақ бұрқ ете қалды. 

  68. Е) Жақсы, үлгілі комбайншы  бола алсақ, бұдан артық  не абырой бар? 

  69. 5.Түсіндірмелі салаласты  көрсетіңіз. 

  70. А) Ол қызына  2 түрлі  нәрсені  үйретуге  тырысты: бірі-тұрақтылық, бірі-махаббат. 

  71. В) Халықтардың жарқын  өмірінің кепілі-бірлік пен береке. 

  72. С) Өтірікші өзін алдайды. 

  73. Д) Дүниеде  айнымайтын  қорғаушың-ақыл. 

  74. Е) Айтар ештеңесі  жоқтар  әрқашан  нашар сөйлейді. 

  75. 6. Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын  орналасқан  құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. 

  76. А) Сізді  ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз. 

  77. В) Амалсыз  қонуға тура келді, өйткені  мезгіл кешкіріп кетті. 

  78. С) Мен қорқып тұрмын,  неге десеңіз  қолың қатты дейді. 

  79. Д) Тереңге  балық  уылдырық  шаша алмайды, неге десең,  оның уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ. 

  80. Е) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде  кездесуі сирек. 

  81. 7. Талғаулы  салалас болатын  сөйлемді көрсетіңіз. 

  82. А) Ол  туралы  өзгелер не дейді,  өзіміз қалай ойлаймыз. 

  83. В) Бірде көк ала қамысты  көлдер  қалып жатыр,  бірде сары ала жон  белестер қалып жатыр. 

  84. С) Малды  не жерден  сұрау керек, не аққан  терден сұрау керек. 

  85. Д) Қазақ мақалы  бар: асыл тастан , өнер жастан. 

  86. Е) Кейде  қабағы түксиеді,  кейде бет әлпеті күлім қағады. 

  87. 8. Тек жалғаулықты болатын салаластың  түрін табыңыз. 

  88. А) Ыңғайлас  

  89. В) Шартты 

  90. С) Қарсылықты 

  91. Д) Себеп-салдар 

  92. Е) Кезектес 

  93. 9. . Сөйлем түрін анықтаңыз.  Балалар келді. 

  94. А) Жайылма 

  95. В) Жақсыз 

  96. С) Жалаң 

  97. Д) Атаулы 

  98. Е) Құрмалас 

  99. 10. Тыныс белгісі дұрыс қойылған  сөйлемді анықтаңыз. 

  100. А) Ол үйінде я кесте тоқиды; я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді. 

  101. В) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды, немесе домбыра шертеді. 

  102. С) Ол үйінде я кесте тоқиды,  я,  кітап оқиды,  немесе домбыра шертеді. 

  103. Д) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді. 

  104. Е) Ол үйінде я кесте тоқиды,  я кітап оқиды  немесе домбыра шертеді.  

  105. 11. Жалғаулықтар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз. 

  106. А) Үлкенмен де, баламен де әзілдесетін. 

  107. В) Алғашқы  көргеннен –ақ мен оның  үлкен адамгершілік мейірімін  сездім.

  108. С) Осы шабысымды  біз көпке  дейін  ұмыта алмай жүрдік. 

  109. Д) Түндегі  жаңбырдан кейін  ашылған  күн беткейді  құлпыртты. 

  110. Е) Абай туралы  ұзақ сөйлеген  Мұхаңның сөзі ерекше әсер етті. 

  111. 12.Түсіндірмелі  салаласты көрсетіңіз. 

  112. А) Мына ағайдың жүзінде  әжімнен сау жер жоқ,  әйтсе де  беті ойнақы еді. 

  113. В) Жолында  асқар тау тұрса да, топ жарып  өтетін сияқты. 

  114. С) Күн бұлттанды. 

  115. Д) Сыныпқа  мұғалім,  директор кірді. 

  116. Е) Құс атаулы аспанда да толып  жүр: қарлығаш,  ұзақ, қарға, торғай-бәрі  де бар. 

  117. 13. Қарсылықты салалас  құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем  арасына не қойылатынын белгілеңіз. 

  118. А) Нүкте 

  119. В) Дефис, үтір 

  120. С)  Қос нүкте 

  121. Д) Үтір 

  122. Е) Үтір, сызықша 

  123. 14. Қай жердегі  тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз. 

  124. А) Есіктің  киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды. 

  125. В) Есіктің  киізін олай итерем, былай итерем,  ашылмайды

  126. С) Есіктің  киізін олай итерем:  былай итерем,  ашылмайды

  127. Д) Есіктің  киізін олай итерем,  былай итерем,- ашылмайды 

  128. Е) Есіктің  киізін олай итерем - былай итерем,  ашылмайды 

  129. 15. Қарсылықты  салаласты  табыңыз. 

  130. А) Бұл шөп  әдемі екен,  бірақ зияны да бар. 

  131. В) Біресе ол барады,  біресе Айгүл барады. 

  132. С) Күн де  шығып тұр,  жел де соғып тұр. 

  133. Д) Мен  кеше  сабаққа келген жоқпын. 

  134. Е) Талабы  барларды жинап,  курсқа  жіберді. 

  135. Бекіту.

  136. ҮІІІ  Әр оқушыға сөйлем жазылған қағаз тарату.

  137.                «Сыңарыңды  тап ».( Сөйлемдердің әр сыңары таратылып беріледі, бір сыңары оқылғанда, екінші сыңарын келесі оқушы тұрып оқу керек.)

  138. 1. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады, ұзақ өмір сүреді, кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.

  139. 2. Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме, оны өзің есіңе түсіруге тырыс.

  140. 3. Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озғанына біраз уақыт өтті. Бірақ халық  өзінің ардақты басшысын ұмытпайды.

  141. 4. Бабамнан қалған асыл бар: ол- мынау жатқан кең байтақ жер.

  142. 5. Адам ымырт кезінде ұйықтамайды, себебі сол уақытта өлім мен өмір ауысады.

  143. 6. Өмірде ешбір іске ыңғайсыз, қабілетсіз адам сирек болады, асылында әркімде бір қабілет болуға тиіс.



Жалғаулық шылаулар— бірыңғай мүшелердің, сөйлем мүшелерінің және құрмалас сөйлем сынарларының ара қатынасын білдіретін шылау сөздер. Жалғаулық шылаулар мағынасына және синтаксистік қызметіне қарай 6 түрге бөлінеді: Ӏ.Ыңғайластық жалғаулықтар (соединительные союзы). Тең дәрежедегі сөздер мен сөйлемдерді жалғастырып, олардың өзара ыңғайластығын білдіреді. Оған мен, және, тағы, әрі, да жалғаулықтары жатады. Мысалы, : Байжан да,Жұмабекте мұндай олжаға кездесеміз деген жоқ еді. (Г. Мұстафин).[1]

Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады.

Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, өйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сынарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар.

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, һәм, әрі.

2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: Бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

4. Себеп-салдарлык, қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де. Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.

Жалғаулық шылаулар мен септеуліктерді салыстыра қарасақ, мынадай ерекшеліктер байқалады.

1. Екеуі де сөз бен сөзді, сейлем мен сөйлемді байланыстырады. Бірақ септеуліктер бір сөзді екінші сөзге бағындыра байланыстырып, сөз тіркесін кұрауға немесе бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемді байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрауға негіз болса, жалғаулықтар екі сөзді тең дәрежеде байланыстырып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін құрауға немесе жай сөйлемдерді салаластыра байланыстырып, салалас кұрмалас құрауға негіз болады. Тек шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар ғана (егер, егер де) бағыныңқы сөйлсм мен басыныңқы сөйлемді байланыстырады.

2. Септеуліктер де, жалғаулықтар да, өздері байланыстыратын сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнін арасындағы мағыналык катынасты білдіреді. Бірақ септеуліктер өзі шылауындағы сөзге не сөйлемге белгілі бір қосымша мән үстеп, екінші басыңқы сөзге, я сөйлемге сабақтаса байланыстырса, жалғаулықтар тен, дәрежелі (бірыңғай) сөздер мен сөйлемдердің арасындағы мағыналык қатынастарды білдіреді. Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйіне қарай бет алды (Б. М.) Алтынсары қадалған сайын, оның кескіні кұбыла бастады. (С. М.). Жомарт пен Жанат Буданкекті женіл арбаға жегіп, жолмен келеді (Ғ. Мұст). Абай көше ортасында ақырын тосып калып еді, бірақ топ ішінен мұны байкап елеген бір адам да жоқ. (М. Ә.). Бірінші сөйлемдегі қарай септеулігі үйіне деген сөзге бағыттық-мекендік мән үстеп, оны бет алды деген баяндауышқа меңгерте байланыстырып тұрса, екінші сөйлемдегі сайын септеулігі бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш құрамында келіп, оны басыңқы сөйлемге бағындырып, мезгілдік дүркінділік қатынасты білдіріп тұр. Ал үшінші сөйлсмдегі пен жалғаулыгы Жомарт, Жанат деген бірыңғай бастауыштарды ыңғайластық қатынаста, төртінші сөйлемдегі бірақ жалғаулығы екі жай сөйлемді қарсылықты мәнді қатынаста салаласа байланыстырып тұр.





21 Желтоқсан 2017
4177
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі