400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрметтей, ұрпақ, жүр бүгін!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

С исенова Ардақ Тынымжанқызы

Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ, Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, тренері





Құрметтей, ұрпақ, жүр бүгін!


Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.

Ұлы Отан соғысының отты жылдарында елімізді фашист басқыншыларынан азат ету үшін қолына қару алып, жауға аттанғандардың қатарында Нарын құмында өскен менің әкем Сисенұлы Тынымжан да болды. Ол 1926 жылы 18 наурызда Айбас ауылдық Кеңесі, Жаскадр колхозында дүниеге келген. Колхоздағы мектептен 7 кластық білім алады. 3 айлық есепшілік курсты бітіріп, колхозда есепші болып жұмыс жасайды.

1944 жылдың қыркүйек айында әскер қатарына алынып, 2-ші Беларусь майданы, Кеңес Одағының Маршалы Константин Константинович Рокоссовский армиясына түскен. Жырақта жүріп, әскери өмірдің дәмін жаңа ғана татқан жас сарбаз көп ұзамай ұрыс даласынан табылады. Толарсақтан саз, тізеден қан кешкен сұрапыл соғыста азамат атына кір келтірмеді. Иә, ерегескен дұшпанға қасқайып қарсы тұрған да, қаһарлы жылдарда жауапкершілік жүгін мойнына арта салған да менің әкем- Тынымжан сияқты ерлер емес пе!

Менің әкем – Сисенұлы Тынымжан ерлігі үшін мемлекет тарапынан бағаланып ордендермен, бірнеше медальмен марапатталды. 1945 жылы 23 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен қан майданда жаудың бөлімін жою кезінде, батальон командирі мен рота командирінің арасында дер кезінде үзіліссіз байланыс орнатқаны үшін «Ерлігі үшін» медальмен марапатталады.

1945 -1950 жылдары Белоруссияның Полоцк қаласы, Боровуха деревнясында артиллерия-зенит полкында әскери міндетін атқарды. Көзі ашық, көкірегі ояу жауынгер бар саналы өмірін партия қызметіне арнайды. Ел алдында атқарған еселі еңбегі арқасында ол үкімет марапаттарының біразына ие болады. Әкеміз адал, еңбекқор адам болғандықтан өз балаларына үнемі «Біреудің ала жібін аттамаңдар. Қолдарыңнан келгенінше жақсылық жасаңдар» деп отырушы еді.

Артына тек жақсы сөз бен іс қалдырып кетті. Үлкендердің «Адам өмірге өсіп-өнуге келеді» дегеніндей, өмірлік қосағы Жұпар анамыз екеуі үш қыз, алты ұлды тәрбиеледі.

Қазір солардан отызға тарта немере-жиен, осынша шөбере өсуде. Біз осындай өнегелі әкенің ұрпағы екенімізді әрқашан мақтан тұтамыз. Анам Жұпар да қарапайым мұғалімнен мектеп директорлық қызметіне дейін көтеріліп, қырық жыл ғұмырын білім саласына арнап, шәкірттер тәрбиеледі. Осындай білім саласына аянбай еткен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен және «Оқу ағарту үздігі» медалдарымен марапатталды. Қазіргі таңда менде, менін 3 інім,1-сіңлімде анамыз сияқты ұстаздық мамандықты таңдадық. Менің анам Жұпар ел Анасы болған. Өзінің салиқалы, мәдениетті көркем сөздерімен бүкіл ауылды сусындатқан. Үйдегі әкемнің, анамның орден – медальдарының көптігін көргенде таң қалатынмын. Олардың тең жартысын сол сұрапыл соғыс жылдарында Отан алдында көрсеткен ерлігі үшін алған. Кейін елге аман – есен оралғасын әкем халыққа қызмет етіп, тағы да көптеген ордендер алған. Жақында ғаламтордан әкемнің «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталғаны туралы мәліметтерді оқыдым. Сол кездегі менің кеудемді кернеген қуаныш пен мақтанышқа толы сезімді сөзбен айтып жеткізу тіпті де мүмкін емес. Мен үшін әкем баға жетпес байлығым, асыл қазынам. 2000 жылы желтоқсанның 25-інде аяулы әкем өмірден өтті.

Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр -деп, ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай, Ұлы Отан соғысынан аман оралған ардагерлеріміздің қарасы жыл санап азайып барады емес пе?!

«Ер есімі ел есінде», - дейді халық даналығы. Отанын, жерін, елін қорғауда ерлік көрсеткен ардагерлеріміз жас ұрпаққа мәңгілік үлгі-өнеге болып қалмақ.

Менің ойымша, қазіргі заманның бақыты, тыныштығы, молшылығы және бейбітшілігі осы менің әкем сияқты ардагерлеріміздің жасаған еңбектерінің, ерліктерінің арқасында десем, қателеспеспін.

Бүгінгі бейбіт өмір сол абзал жандардың жанымен, қанымен, көз жасымен, күшімен, ерлігімен келген . Атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпаған. Еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да - бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ешқашанда кейінгі ұрпақ ұмытпаймыз!!!


Өссе де ұрпақ тербеле,

Демейік өткен солғындар.

Ұмытылмай жатсын кеудеде

Соғысты көрген тағдырлар.

Салмағын содан ұғасың,

Жеңістің білсең бұл күнін.

Осынау күннің куәсін

Құрметтей, ұрпақ, жүр бүгін!



Сисенұлы Тынымжан

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
235
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі