Материалдар / "Құсбегілік өнері"

"Құсбегілік өнері"

Материал туралы қысқаша түсінік
.Ежелде ұмыт болып кеткен салт-дәстүрді қайта жандандыру Міндеттері: Құсбегілік өнері бүркітті қолға үйретіп, аңға салу дәстүрін бақылау, зерттеу, бүркітті қолға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
2213
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Құсбегілік өнері

Жоспар
1 Кіріспе
1.1 Құсбегілік өнері туралы
1.2 Қырандар тобы
1.3 Жасына байланысты атаулары
2.Негізгі бөлім
2.1 Бүркіт туралы
2.2 Бүркітті қолға үйретіп, аңға салу тәсілдері
2.3Біркіттің жабдықтары
2.4 Қыран бүркіттің қасиеттері
3 Қорытынды


Мақсаты: 1.Ежелде ұмыт болып кеткен салт-дәстүрді қайта жандандыру
Міндеттері: Құсбегілік өнері бүркітті қолға үйретіп, аңға салу дәстүрін бақылау, зерттеу, бүркітті қолға үйрету.
Нысаны: Жыртқыш құстың әр түрі қыран бүркіт
Пәні: Дүниетану
Болжам: Егер біз бүркітті қолға үйретіп аңға салу туралы оқып, бақыласақ онда біз құсбегілік өнері туралы толығырақ білер едік.
Нәтижесі: Іздену нәтижесінде бүркітті аңға салу әдістерін, оның жабдықтарын және бүркіттің қасиетін, құсбегілік өнері -қазақ халқының ежелгі дәстүрі екенін білеміз.


Кіріспе.
Саятшылықты қазақ халқы өнердің бір түрі деп бағалаған. Қазақ арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған.Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын- қыран бүркіт құсты қолға үйтеріп, аңға салуды Құсбегілік деп атаған.
Қазақ аңшылары жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, болат қақпан, қыл тұзақ, берен мылтығын сай етіп саятшылық құрған.Осы бір дала тағысын ата-бабамыз қолға үйретіп, аң аулауға баулуының екі мың жылға жуық тарихы бар көрінеді.










Құс салуда пайдаланған қырандар тобы
Атауы

1
Бүркіттер
Ой бүркіті, қыран бүркіті, тау бүркіті

2
Қаршыға тектестер
Қаршыға-қара қаршыға, тұндыр қаршыға, сырғақ қаршыға
2.Тұйғын – ақ тұйғын,кір тұйғын, құл тұйғын.
3.Қырғи

3
Сұңқар тектестер
1.Сұңқар-ақ сұңқар,ақбас сұңқар.
2Ителгі
3.Жағалтай
4.Лашын
5.Тұрымтай
6.Бидайық
7.Қарақылыш



Негізгі бөлім

Бүркіт
Бүркіт- тұмсығы өткір, тегеуіріні күшті, жыртқыш құс.Бүркіттің аталығын шәулі, аналығын ұябасар деп атайды.Бүркіт-ірі денелі құс. Оның салмағы 5-6 кг дейін жетеді.Шәулісі ұябасарынан кіші болады.Бүркіт наурыз айының бас кезінде жұмыртқалайды.Жұмыртқасының саны екеу болады.Ұябасары жұмыртқаны 45-50 күн басады.Балапандары басқа құстардай емес шиқылдамайды.Олардың аяқтарын ата-енелері қылмен байлап тастайды.Балапандары қанаттарын қағу үшін 100-110 күн қажет.
Бүркіт ұясын адам мен жануарлар жете алмайтын биік құзырдың басына немесе қия жартастарға салады.Көлденеңінен өлшегенде үш метр, биіктігі екі метрге жетеді.Ұя ағаштың кепкен бұтақтары мен шөп шалаңдармен жасалады.
Бүркіттер арақашықтығы бір жарым шақырымнан бір неше ұяны бірден жасайды да, ұябасары соның біреуін ғана таңдап алады.Қалған ұяларды шәулісі қорып жүреді және балапандары бірінен соң бірін мекен етеді.Бүркіттер саршұнақ, суыр, түлкі тағы басқа хайуанаттармен қоректенеді.Бүркіттер саны азайып кеткен өте сирек кездесетін құс. Сондықтан олар Қазақстанның Қызыл кітабына енген.




Бүркіттің жасына байланысты атаулары

Жасы
Атауы

1
Балапан

2
Тірнек

3
Тас түлек

4
Ана

5
Қана

6
Жана

7
Мұзбалақ

8
Көк түбіт

9
Май түбіт

10
Барқын

11
Баршын

12
Шөгел



Қыран бүркіттің жабдық атаулары

Бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып тұратын бас киімді құсбегілер томаға дейді. Томаға құстың басын қыспайтындай және түсіп қалмайтындай етіп былғарыдан жасалады.Томағалы құс тыныш отыратындықтан қанат-құйрығы, денесі, тұяғы және де басқа мүшелері жарақаттанбайды.
Шырға- түлкінің терісінен жасалады.Құсбегілер осы шырғаның көмегімен асау құсты қолда баулиды.
Биялай- құсты алып жүруге, үйретуге арналған және аңға шыққанда киетін құс тұяғы өтпейтіндей етіп істелген қолғап. Биялайды өгіздің, түйенің, аюдың, серкенің және бұғының , басқадай ірі аңдардың қалың мойын терісінен илеп тігеді.
Аяққап- бүркіттің саусақтарын түлкі шайнап тастаудан сақтау үшін, әр саусаққа жеке-жеке кигізетін саусақ қап.
Балақ бау- құстың екі жіліншігіне бірдей тағылатын бау.Мұны құстың аяқ бауы деп атайды.
Балдақ- құсты аттың үстінде алып жүруге арналған ағаш тіреу.
Тұғыр- құсты орналастыруға қажет жабдықтың бірі. Тұғыр бүркітті отырғызып қоятын үш аяқты орындық.Тұғырды қарағай, терек, самырсын, таутеке мүйіздерінен істейді.
Жем қалта- аңға шыққанда құсты шақыру үшін жем салатын қалта.




Саусақ атаулары

Саусақ атаулары
Орналасуы
Қызметі

Жембасар
Алдыңғы саусағы
Жемін басып жейді

Сығым
Екінші саусағы
Сығымдап қысады

Шеңгел
Үшінші саусағы
Бүріп ұстайды

Тегеурін
Артқы саусағы
Ұрып өлтіреді



Қыран бүркіттің қасиеті

Қазақ халқы бүркітті қасиетті құс, одан жын-шайтан, пәле –жала қорқады деп қастерлеп келген. Бүркіт бір сілкінсе, бір пәле кетеді деген қазақта сөз бар.Бүркіттің сыртқы бейнесі сұсты келеді.Иесін жазбай таниды. Ішімдік ішкен, шылым шеккен, қаңсық иісті адамнан бүркіт қашады, ол кісіні жақтырмайды.Арам жерде отырмайды, үнемі биік, таза жерді сайлап қонады.



Қорытынды

Аңға бүркіт салу- атадан балаға жалғасқан асыл мұра, салт-дәстүр, ұлттық мақтаныш.Бүркіт-қазақ халқының өжетілік, ерлік, алғырлық, асқақтығының белгісі.


Зерттеу жұмысының нәтижесінде

Бүркіт туралы;
Бүркітті аңға салу әдісін;
Құс салудағы қырандар тобын;
Бүркіттің жасына байланысты атауларын;
Қыран бүркітті қолға үйретіп, аңға салуға баулығанда қажетті жабдық атауларын;
Қыран бүркіттің қасиетін;
Құсбегілік өнері- қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі екенін оқып білдім.





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Дарын Республикалық ғылыми – тәжірибелік орталығы


Ғылыми жоба



Бағыты: Салт-дәстүр


Секция: Этномәдениеттану
Тақырыбы: Құсбегілік өнері




Орындаушы: Ермек Нұралы 3- сынып,
№ 4 орта мектеп, Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы, Көктас ауылы
Жетекшісі: Хуатай Сайрагуль
бастауыш сынып мұғалімі № 4 орта мектеп





Қарағанды – 2017 жыл

№4 орта мектептің 3 сынып оқушысы
Ермек Нұралы Құсбегілік өнері
тақырыбына жазған ғылыми зерттеу жұмысына




Рецензия


3 сынып оқушысы Ермек Нұралы және сынып жетекшісі Хуатай Сайрагуль жазып, зерттеген ғылыми жұмысы құрылымы, мазмұны жағынан талапқа сай жазылған.
Ежелде ұмыт болып кеткен салт-дәстүрді қайта жандандыру.Құсбегілік өнері бүркітті қолға үйретіп, аңға салу дәстүрін бақылау, зерттеу, бүркітті қолға үйрету,бүркіттің саусақ атаулары, жабдық атаулары терең жазылған. Іздену нәтижесінде бүркітті аңға салу әдістерін, бүркіттің қасиетін, құсбегілік өнері -қазақ халқының ежелгі дәстүрі екені туралы жазылған.
Баланың зерттеушілік қабілеті айқын көрінеді. Бұл жұмыс сәтті қорғап шығуға лайықты.




Рецензия беруші бастауыш сынып мұғалімі: Хуатай С.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ