Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Құстар - біздің досымыз" атты ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал шағын орталықтар мен балабақшалардың тәрбиешілеріне қажет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құстар - біздің досымыз

Мақсаты: Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы, келтіретін пайдасы туралы ұғындыра отырып, оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Көктемде құстар ұшып келгенде оларға ұя жасап, жем шашып, ерекше қамқорлық жасауға үйрету.

Көрнекілік: Қанатты сөздер. «Құстар - біздің досымыз» стенд; табиғат бұрышы.

І жүргізуші: Армысыздар ма, құрметті ата - аналар, балалар! Біздің бүгінгі «Құстар – біздің досымыз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Табиғаттағы көрікті тіршілік иелері, адамдардың достары - құстар. Алайда, құс табиғатқа тек көрік беріп қана қоймайды, сонымен қатар олардың адамдарға және табиғатқа тигізетін пайдасы мол. Құстар көркімен де, әсем әуенімен де сымбатты. Адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Олардың көпшілігі жәндіктерді, кеміргіштерді, бау-бақша, орман-тоғай, дала зиянкестерін жеп адамзатқа пайда келтіреді.

ІІ жүргізуші: Құстар - біздің досымыз,

Құс ұясын бұзбайық.

Ей, балалар, балалар,

Аман болсын аналар.

Жұмыртқасын алмаймыз,

Обалына қалмаймыз.

Тақия тұзақ салмайық,

Қарғысына қалмайық.

Әдейі көздеп атпайық,

Көп күнәға батпайық.

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар.

Кім сүймейді баласын,

Осыны іске түсіріп,

Балалар мұны ұғыңдар.

І жүргізуші: Тырнақтай құстың жауы көп,

Құрулы ажал, ауы көп,

Балалық қып қызбайық,

Құс ұясын бұзбайық.

Хормен: Құстар - біздің досымыз,

Құс ұясын бұзбайық.

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар.

Н.Тілендиевтің «Құстар әні» орындалады.

ІІ жүргізуші: Қазақстанда құстардың 489-дай түрі бар. Олар далалы, шөлді, орманды, таулы алқаптарды, өзен бойларын, көлдер мен теңіздердің жағалауларын, ауылды жерлерді мекендейді. Ең ғажабы, осы құстардың 150-ден астам түрінің тіршілік әрекеті орман мен ағашты алқаппен тікелей байланысты. Бұл орман құстарының 80 пайызы жәндіктермен қоректенеді де, жалпы ағаштардың, соның ішінде жеміс ағаштарының зиянкестерін жойып, орман шаруашылығына пайда келтіреді.

І жүргізуші: Ән саламын құс үнімен,

Сәнденемін нұр гүлімен.

Ал, құрметті халайық,

Құстарды қарсы алайық.

Ақ кептер: Кептер деген мына құс,

Қиын кезде досымыз.

Әрлі-берлі хат тасып,

Ұшқан талай асығып.

Отырады шатырда-

Жойылады алаңда.

А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әні орындалады.

Торғай: Мен торғаймын, торғаймын,

Көк аспанды торлаймын.

Жердегі бар қызықты

Көкте тұрып барлаймын.

Мен торғаймын, торгаймын,

Жерге бекер қонбаймын.

Шегіртке мен шіркейден,

Ақ бидайды қорғаймын.

Қарлығаш: Түнгі қара мақпалдай,

Төсіне ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай.

Ойды кезіп, қырды асып,

Қарлығаштар зырлайды.

Тоқылдақ: Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға қып,

Тоқ-тоқ соғады.

Қараңдар ол әке,

Тоқылдақ болады.

Көкек: Он екі айдың біреуі

Сірә менің атымда.

Өзге ұяға із тастап,

Атымды айтып жар салам,

Білесіңдер, бәріңде

Көктемнің алғаш қонағы

Көкек деген мен болам.

Аққу: Көлдің көркі-еркесі,

Қанаттары-көрпесі.

Бойын күтіп баптайды,

Ешкім оны атпайды.

Көлдің аппақ кербезі

Аққу деген мен болам.

Тырна: Жылы жақтан бір хабар

Әкеледі тырналар.

Тырау-тырау

Көктем мынау тырналар.

Қатар түзеп,

Көкте жүзіп тырналар.

Т.Тайбековтың «Құстар әні» хормен орындалады.

ІІ жүргізуші: 1996 жылы Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді, онда құстардың 50 түрі, соңғы жылдары тағы 18 түрі қорғауға алынғандар тізіміне тіркелді.

І жүргізуші: Орманға бара жатқандар

Аңшылық дәмін татқандар.

Өтінем түгел бәріңнен,

Көктемде құсты атпаңдар.

Төсінде аң-құстары еткен мекен,

Табиғаттың ғажабы осында екен.

Тауында аю, арқар, бұғы, барыс,

Жайлаған кеі даламды елік, бөкен.

С.Тұрысбековтың «Аққу сазы» әні орындалады.

Қорытындылай келе, табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза, сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету - біздің парызымыз. Адамзат үшін құстардың пайдасы зор. Сондықтан да құстарды қорғайық, қорғай білейік.

ІІ жүргізуші: Сақтайық жұрт, даламыздың сән-көркін,

Самғасын құс, асыр салсын, аң еркін.

Жайнай берсін, нулы көлдер, ормандар,

Бауырларым, игілігің сендердің! - деп, ақын жырлағандай, бүгінгі ашық сағатымызды аяқтай келе, Сіздерге келесі кездекенше қош – сау болыңыздар дейміз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12