Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Құстар – біздің
досымыз»
2 «А» -
сыныбы
Сынып жетекшісі:Дарияшова
А.Т.
2020-2021 оқу жылы
Тақырыбы: «Құстар – біздің
досымыз»
Мақсаты:
-
Құстардың адам өміріндегі
пайдасы туралы мағлұмат беру
-
Құстар туралы мақал – мәтелдер
мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын
арттыру
-
Табиғатты, құстарды қорғауға
тәрбиелеу
Көрнекі құралдар:
Құстар жайлы қанатты сөздер, құстар жайлы сюжетті көріністер,
шарлар, құстардың қолдан жасалған мүсіндері, көгершіндер
.
Барысы:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бізде қазір ашық
тәрбие сағаты өтеді. Өздерің көріп отырғандай бүгінгі тәрбие
сағатымызға көп қонақтар келіп отыр ия. Сондықтан да бәріміз
сабаққа белсене қатысып отырайық.
-Сабағымызды бастамас бұрын бәріміз экранға назар
аударайық
І. Релаксация .
Видеоролик / құстар туралы/
-Сонымен, балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі
тәрбие сабағымыздың тақырыбы қандай? /Балалар «Құстар» деп айту
керек/
ІІ. Жаңа сабақ.
а
Құстар
) –Ал енді, құстар дегенде
көз алдымызға не елестейді? /оқушылар өз ойларын
айтады/
Тұмсығы ұзын Жыл құсы
Досымыз
Ұшады Дән, құрт - құмырсқа
жейді
Зиянкестерден қорғайды
-Ендеше құстарға байланысты біраз жұмбақтар
шешейік!
б) Жұмбақтар шешу
1.Қызығып әр адам,
Ұстап ап даладан.
Жүнімен жұлып ап,
Бесікке қадаған / үкі/
2. Тұмсығы қашау, кәсібі - ұя
жасау,
Ағашты қорғап, зиянкестерді асау
/тоқылдақ/
3. Қайталап атымды,
Ән
салып аламын.
Кез
келген ұяға,
Жұмыртқа саламын /көкек/Бірақ ізі қалмайды /бүркіт/
4. Тал
басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді /қараторғай/
-
Қашаудай мықты
тұмсығым,
Бәсеке тігем бұл шыным.
Құрт, қоңыз аулап жарысам,
Орман дәрігері боп табылам
/тоқылдақ/
6. Көңілдің көркі -сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Айқындар оны байқаған,
Адамдар қорғап сақтаған.
Бұл қандай құс?
(Аққу)
-Балалар, мен сендерге осы құстар туралы үйге
тапсырма берген болатынмын ия. Қане, кім дайындалып
келді?
Алихан: Қарлығаш – адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің,
ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. Әні құлаққа жағымды.
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүреді және қауіп-қатерден
қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан
үйренген.
Мөлдір: Қараторғай – өзі кішкентай, өте пайдалы құс.
Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен, күннің көзі ашылып,
күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып шырқаған.
Еркежан: Аққу – 30-40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз
тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек, жылан да аққудың
жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс.
Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Аида: Халық көктем келсе көкек келді дейді.
Көкектің балапаны бір күнде 39 шегіртке, 43
жұлдызқұрт, 4 өрмекші және басқа жәндік тердің жұмыртқалары қорек
етеді.
Жаннұр: Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол
ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.
Айым:Көгершін- дүниежүзінің көптеген халықтары үшін
бейбітшілік белгісі.
Дәулет: Тырналар тым төмен ұшса,ұзамай күн суытады,
ал
жоғары самғап бара жатса , күн ұзақ
болады
Мадина: Үйіміздің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір
жылда бір өзі ғана 4 миллионға жуық зиянды құрттарды
жейді
Еркебұлан: Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды
Т.Темирлан: Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды
Мұғалім: Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі –
құстар.Халық ежелден –ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі
шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын
білдіріп отырады.Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар
табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның
ішінде жыл құстары туралы сендер және айтып кеттіңдер. Жыл құстары
дегеніміз – салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып
келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай,
бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна жатады.
-Ал, үй құстарына қандай құстарды жатқызамыз
балалар? /оқушылар үй құстарын атайды/
-Ендеше қазір сендерге мынандай тапсырма. Қазір
мен құстардың дауыстарын қосамын, ал сендер, бұл қандай құс екенін
ажыратып айтып берулерің керек.
Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді.
Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз
«кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері –құрылысшы. Құстар
сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың
келтіретін пайдасы көп екен.
V.Постер қорғау /
топтар үй құстары мен дала құстарын жазып, постерларын
қорғайды/
VІ. Сахналау
VІІ. Халық болжамдары
“Табиғат сырын құстарда
біледі”.
-
Егер торғай дыбыс шығармай бұтақта қонақтап
отырса, жел болмайды.
-
Қарғалар топталып қарқылдаса, аяз болады
да, ал аспанда
ұшып жүріп қарқылдаса қар
жауады.
-
Құс жүнін үрпейтсе, жаңбыр жауады, ауа райы
бұзылады.
-
Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа
райы өзгеріп, жаңбыр жауады.
-
Құстар жер баулап ұшса, күн
бұзылады.
VІІІ. Тыйым сөздер
Болады
|
Болмайды
|
Құстарға ұя жасау
|
Құстарды ату
|
Құстаға жем беру
|
Құстарға тас
лақтыру
|
Құстарға қамқорлық
жасау
|
Құстардың жұмыртқасын
жару
|
|
Құстардың ұясын
бұзу
|
|
|
|
|
|
|
ІХ. Ән: «Ақ көгершін»
-Осымен балалар, біздің бүгінгі ашық сабағымыз
аяқталды. Құстар туралы көптеген мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.
Сау болыңдар!