"Құстар- әлем досы" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Құстар- әлем досы" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Құстар – әлем досы»


Мақсаты

Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: интерактивті тақта, слайдтар.

Әдісі: әдеби-монтаж,түсіндіру


Өткізілу барысы:

1-бөлім «Құстар – біздің досымыз!»

2-бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)

3-бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)

4-бөлім «Құстарға қамқор бол!» (Ситуациялық сұрақтар).


Құрметті оқушылар!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – әлем досы » атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.

Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек. Жыл құстары дегеніміз – салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстар: көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна. 

Жыл құстарының кейбірінің тіршілігі  туралы әңгімелейік. Мысалы:

(Слайд арқылы көрсету)

Қарлығаш – адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар, әні құлаққа жағымды. Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.

Қараторғай – өзі кішкентай,өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған.

Аққу – 30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.

Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.

Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.

Тиым сөздер 

1. Құстың ұясын бұзба, 

Жұмыртқасын жарма. 

2. Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба. 

3. Аққуды атпа.


Әдеби монтаж:

* Құстар-біздің досымыз,

Шырқап, әнге қосамыз.

Құстар-біздің досымыз,

Көктем айын тосамыз.

* Сәуір  келді,

Тірлікке жан кірді.

Кең дала жасарып, жаңғырды,

Бар өңір құлпыра бастады,

Төсіне құйып ап жаңбырды.

* Тірлікке жан кірді көктем кеп,

Айнала, сай-сала көкпеңбек,

Диқанның арқасы босады.

Қытымыр қысымыз өтті деп.

* Ауылдың шығып алып қыр бетіне,

Аймақтың көз жіберші келбетіне.

Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнімен

Сайрайды гүлді көктем құрметіне.

* Құстар,құстар келеді

Жерді шуға бөледі

Көктем келді деп бізге

Жақсы хабар береді.

* Құстар тойын қаарсы алып,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап ағаштан,

Біз оларды қорғаймыз.

* Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп,

Көрікті көктем келді.

Самалына нұр есіп.

*

Көктем:  

Сәлем, достар аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Шат шадыман көктеммін,

Шаттық болсын әманда.

Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді,

Құт-береке күніммен.

* Айтсақ-әніміз,

Ардақтасақ – сәніміз.

Көңілдің хошы,

Табиғаттың досы,

Сәлем сендерге , қанаттылар!

* Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек-қаз қонды.* Құс анасын атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз  

Бауырмал боп бәріңе,

Қорғау заңын сақтаймыз.


Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1-топ: «Ұзақ»

- Арман

- Таңат

- Данабек

-Нұрғасыр


2-топ: «Қарлығаш»

- Жандос

- Кәусар

- Мақсат

-Ақтоты


3-топ: «Қараторғай»

- Бейбарыс

- Аманжан

- Нұрасыл


Сұрақ-жауап: (барлық топқа ортақ, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?  (Бүркіт)

2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)

3. Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)

4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)


2-бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)

Жұмбақтар шешу:

Бәріне ортақ жұмбақ:

Қызығып әр адам,

Ұстап ап даладан.

Жүнімен жұлып ап

Бесікке қадаған

Бұл қай құс? (Үкі)


4 топқа жұмбақ:

Қашаудай мықты тұмсығым

Бәсеке тігем бұл шыным

Құрт,қоңыз,аулап жарысам

Орман дәрігері боп табылам

(Тоқылдақ)


Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зулайды

Көктен жұлдыз аққандай

(Қарлығаш)


Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін.

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар?

(Қараторғай)


Қайталап атымды, 

Ән салып аламын, 

Кез-келген ұяға, 

Жұмыртқа саламын

(Көкек) 


3-бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)

Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген.

Ел арасында ауа райын болжағанда ақбас тырнаның келу-қайтуына қараған. Тырналар тым төмен ұшса, ұзамай күн суытады, ал жоғары самғап бара жатса, күн ұзақ болады делінеді. Кеш қайтса, қыс     жылы болады.

- Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.

- Егер торғайлар қосылып шықылдаса, ауа райы жылы болады.

- Көкек қатты, әрі жиі шақырса күн жылынады.

- Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер бауырлап ұшса, жаңбыржауады.

-  Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады.

- Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.

- Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.

- Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.

- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.

- Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

- Шағала келсе сең бұзылады.

- Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.


4-бөлім «Құстарға қамқор бол!» (Ситуациялық сұрақтар).

- Балалар, бүгінгі сабағымызды естіп ормандағы құстар ақ көгершін арқылы хат жіберіпті. Кәне, оқып көрейік.

(Топ басшылары бір-бірден келіп хатты алып, топпен жауап береді).

1 - ситуациялық сұрақ. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?

2 - ситуациялық сұрақ. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен қалай істер едің?

Жағдаят: 

Бірде әкесі мен баласы орманға ағаш кесуге барады. Әкесі тұрып: 

- Мына жерде ағаш та қалмапты. Кел, балам, мына ағашты кесейік. 

- Әке, мынау жас ағаш қой, кеспей-ақ қояйықшы. 

- Балам, үй жылытатын отын керек, бауырларың тоңып отыр ғой. 

- Әке, қарашы,тал басында құстың ұясы бар екен. Кеспей-ақ қояйықшы. 

- Балам, сөзді қой, тамақ істейтін де отын жоқ. Болды, кесеміз... 

3 - ситуациялық сұрақ.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, кімнің әрекеті дұрыс? 

- Бұл тығырықтан қалай шығуға болады? 

- Сендер бала орнында болсаңдар не істер едіңдер? 

4 - ситуациялық сұрақ.

Құстар болмай қалса не болады?

(Ормандар, далалар үнсіз қалады. Зиянды жәндіктер мен кеміргіштер қаптайды. Бақтар мен бақшалар жемістерін бермейді).


Қортындылау:

Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Құстар адам өміріне сән – салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рақатқа бөлейді. Сондықтан, атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты» т. б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.

Құстар – біздің және әлем досы. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2018
5611
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі