«Құстар – біздің досымыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Құстар – біздің досымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиеші,ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:  Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз»
Мақсаты: Табиғатты  сүюге  баулу,балалардың  құстар  туралы  түсініктерін  кеңейту, құстардың  пайдасына  тоқталу.  Өлеңдердің  мағынасын  түсіну,  сөздік  қорын 

байыту.Байланыстырып  сөйлеуге  үйрету.  Табиғатқа  деген  мейірімін  ояту,  адамгершілікке  баулу.

Дамытушылық:Балалардың  ойлау  қабілетін  дамыту,өз  бетімен  жұмыс  істеуге  машықтандыру.Жауапкершілік  сезімін  ояту.

Тәрбиелік:Балаларды  құстарды  қоректендіріп  тұруға  үйрету.  Табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін  арттыру.

Түрі:  Ашық  сабақ.

Қолданған  әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,топпен  жұмыс, көрнекіліктер,ойын.

Көрнекіліктер:Табиғатқа  байланысты  суреттер,құс  ұялары  суреттері,  құстардың  суреттері.

Билингвальді компонент: Құстар – птицы – birds .

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті.

Ұйымдастырушы- қозғаушы қызмет.

Шаттық шеңбер:

Сәлем беру салтымыз,

Оқып біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге ,

Сәлем беріп жатырмыз.

Сәлеметсіздерме, қонақтар,

Сәлеметсіздерме, апайлар!


Доброе утро всем нам!

Доброе утро всем гостям!

 

Good morning, good morning,

Good morning to you.

Good morning, good morning,

I am glad to see you.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып , қонақтармен амандасады.

Ұйымдастыру - ізденушілік

Тәрбиеші:

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыста ауа–райы қандай болады?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Кім қыс айларын атап береді?

- Балалар, бүгін бізде жаратылыстанудан оқу қызметі.

Ғажайып  сәт:

Осы  кезде  топқа  Дымбілмес  кіреді.

Қолында  айыратқышпен  сіріңкесі  бар.

Дымбілмес:  балалар  менің  атым 

Дымбілмес. Сендер  неге  жиналып  отырсыңдар, 

жүріңдер  тоғайға  барып  от  жағып, тамақ  істеп,  мына  айыратқышпен

  құстарды  атайық , қызық  болады.

-Балалар,  от  жағуға,  құстарды  атуға, 

ұясын  бұзуға  бола  ма?

Өте  дұрыс  от  жағуға,  құстарды  атуға,ұясын  бұзуға  болмайды.

Өрт  болған  жағдайда  ағаштар  өртеніп, құстардың  ұясына  зиян  келеді.

-Дымбілмес  сен  отыр «Құстар-біздің  досымыз» деген  тақырыптағы ұйымдастырылған  оқу  ісәрекетімізге 

қатыс.Құстар  жайлы  біздің  балаларымыз  не  біледі  екен,  көр.

Дымбілмес:  жарайды.


 -Балалар әдетте құстар 2-ге бөлінеді: 
1.Үй құстары: әтеш ,тауық, қаз, үйрек, күркетауық , балапан т.б. 
2.Дала құстары: қарлығаш, торғай, қарға т.б. Құстардың адамдарға тигізер пайдасы өте көп. Мысалы: Үй құстары бізге не береді? Ет, мамық, жұмыртқа. 
Ал дала құстары ше? 
Олар ағаштарды құрт-құмырсқадан, шыбын-шіркейден құтқарады. 
Оларды теріп жеп ағаштардың өсуін қадағалап қорғайды. 
Тәрбиеші: Балалар құстар жылдық және маусымдық болып 2-ге бөлінеді: 
Жылдық құстар : қарға, тоқылдақ, көгершін, торғай, суықторғай деп айтамыз. Өйткені олар суыққа шыдамды және мамықтары өте қалың болады.

Ал маусымдық құстар күн жылыда ұшып келіп ,күн салқындағанда жылы жаққа ұшып кетеді. 
Маусымдық құстар: Қарлығаш, бұлбұл, аққу, қараторғай, сарыторғай жатады. Бұл құстар күн жылыда ғана елімізде қонақта болады. Балалар құстар да адамдар сияқты. Олар да еңбек етіп өздеріне ұя салып, тамақтанып, су ішеді, ұрпақ қалдырады.


Ойын « Шешуін тап» Құстар жайлы жұмбақ жасыру.

1.Екi айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрiгi.  (Қарлығаш)

2.Тақылдатып,

Мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейдi,

Зиянкестi жазалап.     (Тоқылдақ)

3.Қара түстi қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем iздейдi там-тұмдап.   (Қарға)

4.Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап,     (Балапан)

5. Кеудесi қайқандап,

Жүредi байпандап.   (Қаз)


Билингвальді компонент: Құстар – птицы – birds .

Сергіту сәті :

Буратино потянулся,

Раз нагнулся, два нагнулся.

Руки в стороны развел,

Ключик видимо нашел.

Чтобы ключик тот достать,

Надо на носочки встать.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» ойыны

Шарты: мен сендерге сөйлемнің басын бастаймын, сендер аяқтайсыңыздар.

- Құстар ұша алады, өйткені ...

- Құстар қоректенеді ...



- Көктемде қайтып келетін құстар ...



- Аяздан қорықпайды ...



- Үй құстары ...



- Құстар қорғайды ...

- Құстар бір–біріне ұқсайды, ....

Дидактикалық ойын: «Құстардың түрлері» 
Ойынның мақсаты: Балалардың зейінін дамытып, құстардың түрлерін ажырата білуге үйрету. 
Ойын шарты: Балаларға үстел үстіндегі араласқан суреттерден үй құстары мен қыстайтын құстарды ажыратып, тақтаға ілу тапсырылады.

«Құстарды топтастыру» ойыны.
Күннің жанына жыл құстарын, жемшашар жанына қыстап қалатын құстарды қою.
Күн-қоқиқаз, аққу. Жемшашар-торғай, үйрек, шіл, қарға.

Дымбілмес:Балалар,   сендер  көп  нәрсені  біледі  екенсіңдер,  мен  көп  нәрсені  үйрендім , рахмет,  сендерге. Мен де енді  құстармен  дос  боламын. Сау  болыңдар.

Балалар:

- Қыс мезгілі.

- Суық болады, қар жауады.

- Қыс мезгілінде үш ай бар.

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары.



Балалар қызыға қарайды.







-Жоқ.



















Балалар тыңдайды.



































Балалар жұмбақтын жауабын табады.



-Қарлығаш.







-Тоқылдақ.



-Қарға.



-Балапан.



-Қаз



Балалар қайталайды.





Балалар сергіту сәтін орындайды.













- Оның қанаты бар.

- Құрт, құмырсқа, жәндіктер, дәндермен.

- Бұлбұл, аққу, сарыторғай,қарлығаш.

- Қарға, торғай, көгершін,тоқылдақ .



- Әтеш, тауық, үйрек, қаз.

- Ағаштарды.

- Қанатымен, құйрығымен, тұмсығымен, жұмыртқасымен, аяғымен ұқсайды.





Балалар тапсырманы орындайды.

















-Сау  бол  Дымбілмес.

Жетекші – жөндеуші.

Қорытынды:

- Бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

- Құстардың қандай пайдасы бар?

Ой балалар,балалар,

Құстарда да ана бар.

Құстарда да бала бар,

Құс ұясын бұзбайық,

Обалына қалмайық.

- Балалар сендерге үлкен рахмет. Бүгінгі оқу қызметімізге барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар.



- Құстар жайлы – құстар біздің досымыз.

- Құстар ағаштарды құрт – құмырсқадан, шыбын – шіркейлерден тазалайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Құстардың түрлерін;

Қандай түсінікті игереді: құстарға қамқор болуды.

Меңгерген дағдылары: еңбекқорлыққа, достыққа, байланыстырып сөйлеуге дағдыланды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
487
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі