«Құстар- біздің досымыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Құстар- біздің досымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстардың табиғаттың бір бөлшегі екенін білу, балаларды құстар түрлерімен таныстыру, құсқа деген достық, аяушылық сезім қалыптастыру, көктемде ұшып келетін құстарды білу, оларға сүйіспеншілік, мейірімділік таныту, құстарға қамқор болуға, қорғауға тәрбиелеу. Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: бейнетаспа, үнтаспа, слайд, дала және үй құстардың суреттері, коврограф
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным, Әлеуметтік орта, Қатынас

Бөлімі: Тәрбиелік сағаты

Тақырыбы: «Құстар- біздің досымыз»

Мақсаты: Құстардың табиғаттың бір бөлшегі екенін білу, балаларды құстар түрлерімен таныстыру, құсқа деген достық, аяушылық сезім қалыптастыру, көктемде ұшып келетін құстарды білу, оларға сүйіспеншілік, мейірімділік таныту, құстарға қамқор болуға, қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: бейнетаспа, үнтаспа, слайд, дала және үй құстардың суреттері, коврограф

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Күліп шықты күн бүгін

Алтын шуақ таратты,

Қайырлы таң, қайырлы күн

Қуанатын күн бүгін!

Балалар бүгінгі біздің тәрбиелік сағатының тақырыбы: «Құстар –біздің досымыз!». Балалар бізді қоршаған орта –ол табиғат. Құстар дегеніміз-табиғаттың бір бөлшегі.Құстардың түрлері өте көп. Құстар жабайы және үй құстары болып бөлінеді. Жабайы құстар табиғатта өздігінен тіршілік етеді. /слайд: ең үлкен құс-страус, ең кішкентай құс-колибри, әдемі құстар-аққу, павлин, тотықұс, бүркіт, пеликан, фламингот.б. құстарды көрсету.

Үй құстары адамның жанында өмір сүреді. Адам оларды күтеді, өсіреді. Құстардың жұмыртқасың, етін жейді, және мамық жүннен жастық жасайды.

/үй құстары-слайд/


Балалар шеңберге тұрып қайталайды

Ұйымдастырушы-ізденуші

Балалар қазір далада қай жыл мезгілі?

Көктем неше ай болады?

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?



















Дұрыс , көктемде бізге ыстық жақтардан жыл құстары ұшып келеді./слайд/

Олар бау-бақшада тамылжата ән салып, өздеріне ұя соғады, зиянды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа жеп ағаштарды, өсімдіктерді қорғайды. Сонда ағаштар жайқалып өседі.

Құстардың бәрі де пайдалы.

/тырна, аққу, қараторғай, ұзақ, қарлығаш, бұлбұл, көкек/

Бізге де бүгін қонаққа қыстап қалған құстармен жыл құстары ұшып келді















































Қарлығаш-жыл құсы. Ол киелі құс. Адамның үйіне ұя салса-бұл үйде бақыт болады, үй жанға толады, адамның қорасына ұя салса-қора малға толады. /слайд қарлығаш туралы, ұясы, балапандары/

Құстардың барлықтарында қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, жұмыртқалайды.үстілерінде мамық жүндері бар. Тұмсықтары, дене пішіндері, дыбысы әр түрлі болады.

Ойын: «Қандай құс?»

Шарты: бөліктерден құсты құрастыру./қарлығаш құсы/

Ал қазір сендердің назарларына «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген қазақ халық ертегісін ұсынамын.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» қазақ халық ертегісі бейнетеспа арқылы көрсету.

Көктем жыл мезгілі

Диляра

Балалар ау, балалар

Шақырады далалар

Көктем укелді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

Жансая

Көкке бояп өңірді

Көктем келді көңілді

Бау-бақшада, орманда

құстар әні төгілді


Қар ериді, күн жылынады, шөп, гүлдер өседі, ағаштарда бүршік жарып, жапырақтар өседі.

Жылы жақтардан құстар ұшып келеді













Марден-торғай

Мен торғаймын, торғаймын,

Суықтан да тоңбаймын

Құрт-құмырсқа ,шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

Арайлым-көгершін

Еркін самғап ұшамын

Хатты тасып, апарамын.

Бейбітшілік құсы-

Көгершін мен боламын.

Асанали-тоқылдақ

Ормандағы ағаштарды

Мен қорғаймын құрттардан,

Тоқ, тоқ, тоқ деп тоқылдап

Орман дәрігері –тоқылдақ мен боламын.

Қараторғай-Мансур

Көктемде құстар келгенде

Алдымен ұшып келетін,

Ұя жасап беретін

Ұзақ тектес кішкентай

Қараторғай мен болам.

Көкек-Ару

Жаршысымын көктемнің,

«Көкек» дейді мені жұрт,

өз атын айтар құс менмін,

Көктемді күтсен мені күт.

Қарлығаш-Шынар

Адамның тұрағын

Мекен етіп тұрамын

Тазалаймын үй ішін.

Шыбын деген кеселден.











Балалар ойнайды, қарлығаш құсын таниды





Балалар ертегіні көреді.

Тыйм сөздер

Никита

«Құс ұясын бұзба, жұмыртқасын сындырма».

Тамерлан

«Құсқа тас лақтырма».

Ұлпан

Балалар –ау, балалар

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар

Құс ұясын бұзбайық

Обалына қалмайық.

Рефлексиялық-түзетушілік

Дид.ойын : «Үйлерін тап»

Шарты: коврографта үй құстарын үйдің жанына, дала құстарын ағаштардың жанына жапсыру.

Мақсаты: зейінділікке, сөз қорларын молайту, құстарды ажырату, белсенділікке тәрбиелеу.

Ал енді , осы көктем құстары әр түрлі дыбыстайды: қараторғай шиқылдайды, қарлығаш шиқылықтайды, көкек «ку-ку» деп дыбыстайды. құстар табиғаттың бір бөлігі , сәні. Олар біздің досымыз. Адам оларға қамқор жасап, қорғайды. қыста жемсауыт жасап, жем береді, ал көктемде ағаштан ұя жасап, ағаш басына іліп қояды.

Сендер барлықтарын жақсы қатыстыңдар, рахмет.



Балалар құстарды атап өз үйлеріне жапсырады.















Балалар тыңдайды, қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: құстардың адамға деген пайдасын, үй және дала құстарын ажырату.

Игереді: жалпы құстар туралы түсініктері қалыптасты, оларға қамқор болу екенін түсінеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
766
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі