Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құстар- біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топтарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту»

ҰОҚ Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты:Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып,оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу. Құстар туралы білімдерін толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тілін,сөздік қорларын молайту.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.

ҰОҚ барысы:

Шаттық шеңбер:

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

Сұрақ-жауап:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі

-Қыста ауа-райы қандай болады?

-Суық, ызғарлы, қарлы, боранды болады.

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

- 3ай бар.

- Қыс айларын атайықшы?

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан айлары.

Тусінік жұмыстары:

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».

Табиғат дегеніміз не балалар?

Балалар мен сендерге 1-шумақ өлең оқып берейін сендер бұл өлеңде не туралы екенін айтып бересіңдерме?

Құстар,құстар келеді,

Даланы жырға бөледі.

Көктем келді деп бізге,

Жылы хабар әкелді.

-Балалар, өлеңде не туралы айтылған?

- Құстар туралы.

«Құстар әуені естіледі»

Тосын сәт: Дымбілмес кіреді. (Қолында айыратқыш пен сіріңкесі бар).

Дымбілмес:Балалар, менің атым Дымбілмес. Сендер неге жиналып отсыңдар,жүріңдер тоғайға барып от жағып,тамақ істеп,мына айыратқышпен құстарды атайық,қызық болады.

Тәрбиеші: Балалар,құстарды атуға, олардың ұясын бұзуға, табиғатқа от жағып зиян келтіруге болама?

Балалар:Жоқ,құстарды атуға,ұясын бұзуға,тоғайда от жағуға болмайды.

Тәрбиеші: Өте дұрыс от жағуға,құстарды атуға,ұясын бұзуға болмайды.Өрт болған жағдайда ағаштар өртеніп,құстардың ұясына зиян келеді.

Тәрбиеші: Дымбілмес сен отыр, «Құстар-біздің досымыз»деген тақырыптағы ашық оқу қызметіне қатыс.Құстар жайлы біздің балаларымыз не біледі екен, сен бізбен бірге бол.

Дымбілмес:Жарайды.

Тәрбиеші: Балалар,біз құстарға қандай көмек көрсете аламыз?

Балалар: Жем шашамыз,ұя жасаймыз.

Тәрбиеші: Құстардың бізге қандай пайдасы бар?

Балалар: Олар ағаштарды,өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.

Тәрбиеші: Олар немен қоректенетінін еске түсіре кетейін. Құстар тамақ қалдықтарымен,егіс даласындағы зиянкестермен,шыбын-шіркей,құрт-құмырсқамамен қоректенеді.Біздің елімізде құстардың 489-дай түрі мекендейді.Олар далалы,шөлді,орманды,таулы,сулы жерлерде мекендейді. 80%ті ағаштарды зиянкестерден тазалап тіршілікке көмектеседі екен.Құстар өте пайдалы.Олардың етін,жүнін,мамығын,жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.Құстардың қандай түрлерін білесіздер?

Балалар: Қарға,торғай,сауысқан ,қарлығаш,қаз,тауық,бүркіт.

Тәрбиеші: Қарға-құстың бір түрі.Олар пішіні бойынша кішкентай болып келеді.Өте ақылды,төзімді,қу болып келеді. Торғай-кіп-кішкентай құс,топтасып ұшады.Дәнмен қоректенеді.

Қарлығаш-түсі бауыры ақ, қалған жері қара,киелі құс.Оны ежелден құрметтеген.Қарлығаш ұя салғанда қуанатын болған.Оның денесі кіші,құйрығы айыр,қанаттары ұзын болып келеді.Шыбын,маса,шіркеймен қоректенеді.

Сауысқан түсі қара ала,ұзын құйрықты құс.Қыстап қалатын құс.Ерекшелігі:жылтыр,әшекей заттарға әуес.Жейтін қорегі:басқа құстардың жұмыртқаларын,балапандарын ұрлап жейді.

Бүркіт түсі қоңыр,көлемі ірі,жыртқыш құс,таулы жерлерде мекендейді.

Қолға да үйретуге болады,аң аулауға да пайдаланады.Жейтін қорегі:құстар,қоян,тышқан,түлкі.

Тауық-ол көлемі жағынан кішілеу,үсті толы қауырсын,айдары бар,бірақ көп биікке ұша алмайды.Ол қыт-қыт деп дауыстайды.Қорегі жем,арпа жейді.

Қаз-ол өте маңғаз,жай жүреді,кря-кря деп дауыстайды.

Құстар туралы қандай тақпақ білесіздер?

1.Аль-Карим.

Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

2.Данияр.

Ала қанат сауысқан,

Жерді шоқып тауысқан.

3.Асылай.

Құртты іздеп інінен,

Қарағайды үңгіген.

Тоқылдақ құс дәрігер,

Қашанда ол әбігер.

4. Жанболат

Құстың ұясын бұзба,

Ағашты сындырма.

5.Нұрали

Құстардың жұмыртқасын жарма.

6.Нариман.

Қаз бен үйректің пайдасы көп.

7.Іңкәр.

Құсқа тас лақтырма.

8.Інжу.

Қыран құс қисық ұшып,түзу ілер.

9.Аниса.

Қарға қарғаның көзін шұқымас.

10.Жанерке.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады,қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

11.Амирхан.

О,алақай қыс келді,

Бізге қуаныш әкелді.

Дала қарға оранды,

Бала біткен қуанды.

Балалар шаршадыңдарма?

Балалар:иә.

Сергіту сәті. «Қуыр-қуыр қуырмаш» әні.

Дидактикалық ойын:«Құстар»

Шығармашылық жұмыс: Құрастыру «Ұя жапсыру».

Шарты: Геометриялық пішіндер мен ұя жапсыру, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

Дымбілмес:Балалар, сендер көп нәрсені біледі екенсіңдер.Өте тамаша.Мен көп нәрсені үйрендім рахмет сендерге.Менде енді құстармен дос боламын.

Жарайсыңдар, балалар, біз осы сабақта қандай жақсы нәрселерді үйрендік.

-Құстарға қамқор болуды,оларды күту керектігін т.б. Ендеше құстарымыз аман болсын,бейбіт тыныш заман болсын деп бір тамаша «Қарлығаш»әнімен оқу қызметімізді аяқтайық.

Сау болыңыздар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2021
297
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12