жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құстар біздің досымыз
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Әдіскер:
Уақыт:
Тобы: «Жемістер» I-аралас кіші топ.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз»
Мақсаты: Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде торғаймен жақын таныстыру. Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Құстарға қамқорлықпен қарауға, көмек бере білуге үйрету.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Үнтаспадан құстардың дыбысын тыңдатқызу.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,сұрақ жауап,сергіту сәті, ойын ойнау.
Көрнекілік : Құстардың суреті торғай,қарлығаш,қарға.
Билингвалдық компонент: Құстар-птицы.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығу- шылығын ояту кезеңі |
Сәлеметсіздер ме,балалар! Балалар бүгінгі көңіл- күйлерің қалай? Қане,шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. Әлемде Нұр тыныштық. Әрбір бейбіт күн ыстық! Қайырлы таң, балалар! Жарқырайды қаламыз. Жайнай түсті даламыз. Қайырлы таң, балалар! Қайырлы таң апайлар. |
Жақсы. Қимылмен қөрсету. |
|
Ұйымдас- тырушылық ізденіс кезеңі |
Балалар, қазір қандай мезгіл? Балалар, күз мезгілінде үш ай болады? Табиғат - ол анамыз, Табиғатқа баламыз, Құшағында ойнаймыз, Шаттық әнге саламыз. Бұл өлеңде не туралы айтылған? Балалар: Табиғат - Табиғат дегенге нені түсінеміз? - Жер, су, ағаштар, гүлдер, бізді қоршаған орта. |
Күз мезгілі. Қыркүйек,қазан,қараша. |
|
|
- Иә, қараңдаршы балалар, қандай әсем табиғат. Біз мұнда нені көріп тұрмыз? Балалар: Ағаштарды. - Жасыл. - Қандай ағаштарды білесіңдер? - Терек, шырша, жидек, алма ағашы. - Ағаштардың қандай пайдасы бар? - Ауаны тазартады, көлеңке болады, үй салады. - Табиғаттағы тіршілік иелері бір - бірімен байланысты, бір - бірімен дос болуы керек. Ағаштардың досы кім? - Адамдар, біз. - Ағаштарды жұлып, сындырмауымыз керек. Күтіп аялауға тиіспіз. - Ағаштардың тағы қандай достары бар? - Құстар ағаштарға дос, олар құрттарын теріп жейді. Құстар біздің досымыз екен. Балаларға үнтаспадан құстардың дауыстарын тыңдату. - Балалар сендер ненің дауысын естіп тұрсыңдар? Құстарды үй құстары, дала құстары деп екіге бөлеміз. Суретте қандай құстар бейнеленген? -Торғай, қарға,қарлығаш осылардың бәрін бір сөзбен құстар деп атаймыз. - Кәне,бәріміз атайық. - Ия,балалар,құстар-біздің досымыз. Құстардың адамдарға,табиғатқа пайдасы өте зор. Құстар зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз? Күз айында балалар,құстар жылы жаққа ұшады,көктемде қайтып келеді,ұя салады,балапан басады. -Торғай-кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша,басы дөңгелек,тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзын,сұрғылт,боз түсті болып келеді. Сергіту сәті: Торғай,торғай тоқылдақ, Жерден тары шоқып ап, Бөтегесі томпайып Тойған қозыдай монтайып, «Шиқ-шиқ» етіп отырмақ. Ойын: «Ұшты-ұшты» Құстар- Птицы. |
Қимылмен көрсету. Балалар үнтаспадан шыққан дауысты тыңдайды. Құстардың дауысы екен. Дала құстары,үй құстары. Ұя жасаймыз,су,береміз, жем шашамыз. Қайталайды. Қимылмен көрсету. Балалар ойынға қызыға ойнады. |
|
Іс-әрекетті бақылау кезеңі |
Балалар,біздер ненің дауысын естідік үнтаспадан? Қандай құстарды білеміз? Құстар біздің досымыз. Балаларды мадақтау. |
Құстардың сайраған дауысын. Торғай,қарға,қарлығаш. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Торғайды басқа құстардан ажырата біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Құстардың пайдасы туралы мағлұматтарды игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Құстарға қамқорлық жасау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген