Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар туралы білімін жетілдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Panda Child” шағын орталығы

















«Құстар – біздің досымыз!»







Тәрбиеші: Тилектесова Д.А.
















2020 оқу жылы


Балдырған” ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Қатынас»


Бағдарлама тараулары:Көркем әдебиет

Тақырыбы: : «Құстар – біздің досымыз!»

Мақсаты:

1) Жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу.

2) Құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.

3) Құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.


Қостілдік компонент: балапан – птенец - nestling; қанаттар – крылья - wings; ұя – гнездо - nest.

Көрнекілігі суреттер, нақыл сөздер.

Барысы:

1 – бөлім: «Құстар - біздің досымыз!»

2 – бөлім: : Ойын «Құстарға жем шашайық»

3 – бөлім: Қорытынды

Тәрбиеші: Құстар құстар сызылтып ән салады.
Сол әнмен тербетеді даланы.
Ал адамдар күліп бастап өмірін
Кетерінде жылай да алмай қалады
Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе?
Тамаша әнмен келіп еді көктемде
Өскен жерін қимай кетіп барады.
Өскен жерге симай кетіп барады.
Саламатсыздар ма тәрбиешілер. «Құстар -біздің досымыз!» -атты ашық сабағымызға қош келіпсіздер. "Сәлем - сөздің анасы!"
Сәлем берер әр қазақтың баласы демекші, Ал енді балалар орнымыздан тұрып, келген қонақтармен, тәрбиеші апайлармен сәлемдесіп алайық.
Балалар: Са-ла-мат-сыз-дар-ма.
Тәрбиеші: Балалар кәне енді шаттық шеңберіне жиналып, бүгінгі
күніміз жақсы қызықты болып өтуі үшін табиғат анамызбен
сәлемдесеміз.




Балалар: Армысың аспан - ата.

Армысың жер - ана,

Армысың құрбы - құрдас.

Армысың бала - бақша. Ой жарайсыңдар.


Тәрбиеші: Ал енді жүректен шыққан ыстық тілектерімізді айтып өтейік: Балалар тілектер айтады.
Тәрбиеші: Ой жарайсыңдар тілектерің қабыл болып,армандарың орындала берсін деп, айтқан тілектерімізді аспанға ұшырамыз. (Уф-деп үпіріп тілектерді балалар аспанға ұшырады). Тәрбиеші: Ал енді балалар орнымызға отырып ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастаймыз деп, балалардың назарын өтілетін тақырыпқа қаратамын.

Тәрбиеші:

Барлық құстарға ортақ қасиеті:

- ұшады- қанаттары- мамықтары- тұмсықтары болады- олар жұмыртқалайд- балапан басады.

Құстардың айырмашылығы:

· тұмсықтары

· дене пішіні

· дыбысы

· түстері әртүрлі

Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.

Табиғатқа сән беріп, өз әуенімен табиғатты құлпыртып,

адамдардың көңіл - күйін көтереді.

Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.

Сұрақ:

- Қандай құстарды «жыл құстары» деп атаймыз?

Жауап:

- Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, үйрек, қаз, тырна.

Тәрбиеші:

Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келеді. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады.

Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралытоқтала әңгімелесейік.

Мысалы: қарлығаш құс туралы не айта аласыңдар?

Қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар, әні құлаққа жағымды.

Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.

Ойын: « Құстар қайда мекендейді?»
Мақсаты: Балалар құстар қайда мекендейтінің білу керек.
- Өте жақсы балалар
Сергіту сәті:


Күн болып шығамыз
Гүл болып өсеміз
Құстар болып ұшамыз
Көбелек болып қонамыз

- Өте жақсы балалар
Қорытынды:

- Бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар
Осымен ашық сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
317
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12