жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құстар біздің досымыз

ЖШС «Алтынай бақытты» балабақшасы
Ойын-сауық тақырыбы:
«Құстар біздің досымыз»
Ересек «Күншуақ»тобы

Тәрбиеші: Ділдабекова М.Е.
Жамбыл ауылы
Бекітемін
Балабақша басшысы
Ж.А.Нурманова
Күні: 16.04.2021ж
Ойын сауық тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасау-ға тәрбиелеу.Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.
Көрнекіліктер: құстар бейнеленген атрибуттар,құстар жайлы
диафильм,үнтаспа,ойындар,тапсырмалар.
Сабақтың барысы: Көңілді әуен ойнайды,сол кезде ортаға « Көктем» мезгілі кіреді.
Көктем: Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл,жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен,-дей отырып,
әдемі құстарымызды қарсы алайық.
Үнтаспадан жәй әуенмен «Құстар әні» орындалады,осы кезде бір топ бала бастарына құстардың суретін тағып,құсша қанаттарын қағып залға кіреді да,әр ағаштың түбіне барып қонады.
Көктем: Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске түсірейікші, ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.
1.Шарлап келіп даланы,
Үйіме,үйін салады. (Қарлығаш)
2.Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)
3.Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. (Жарқанат)
4.Тақылдатып,мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)
( теледидардан құстар жайлы слайд көрсетіледі)
Көктем: Балалар,сендер теледидардан не көрдіңдер? Құстардың
атын атаңдаршы (қарға,сауысқан,торғай,қарлығаш,тырна,қараторғай,аққу).
Біз сендермен серуенге шыққанда жылы жақтан көп құстардың ұшып келгенін көрдік.
Көктем:
-Көктем құстарын кім атайды?
- Осы құстар нені қорғайды?
- Ағаштар не үшін керек?
Көктем:
- Ендеше сол таза ауамен дем алып көрейік.(балалар тыныс алу жаттығуын жасайды)
Ал енді осы құстар туралы тақпақ,мақал-мәтел,тыйым сөздер
кім айтады.
Т.Нұралы: Қарға,қарға,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
А.Жасмин: Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.
Қ.Жанель: Үйге кірші торғайым
Мен аяздан қорғайын.
Жем шашамын,жегейсін
Үйшік жасап берейін.
Ж.Айкөркем: Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Көктем: Құстар туралы мақал-мәтелдер кім айтады.
Р.Аяла: Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,
Жоғары ұшса күн жылы болады.
Қ.Талшын: Сауысқан шиқылдаса,жақсы хабар естиміз.
Ә.Алуа:Құстар-достар.Қыста құсқа жақсылық жасасаң,жазда
жақсылығыңды өтеп береді.
Көктем: Құстар туралы тыйым сөздер кім айтады.
Ө.Аңсар: Құсқа тас лақтырма.
К.Бекзат: Құстардың жұмыртқасын жарма.
М.Ақмейір:Аққуды атуға болмайды,
Досыңды сатуға болмайды.
Ө.Аңсар: Құстың ұясын бұзба,
Қарғысқа қаларсың.
Ғажайып сәт: «Ақ көгершін» әні орындалып тұрады.Сол сәтте аузында тістеген себеті бар көгершін ұшып келеді.
Көгершін: Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мен аспанда ұшып жүріп,
сендерді көріп,қонаққа келдім.Мен сендерге босқа келген жоқпын сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім.
Мына менің аузыма тістеген себеттің ішінде хаттар бар, сол хатты ашсаңдар ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар.
1-тапсырма: Балалар сендер құстар туралы қандай ойын білесіңдер ? Кәне атаңдаршы.
2-тапсырма: Мен сендерге жаңадан бір ойын алып келдім.
Д/О: «Дыбысынан тап, қимылын сал»
3-тапсырма: Менімен бірге қыздар «Көгершін» биін билеп берсін.
(сол кезде көгершін байқаусызда бұтаққа шалынып құлап, қанатын жаралап алады)
Көгершін: - Ой-бу, балалар мен жарақаттанып қалдым,енді мен жалғыз қалай ұшып кетемін. Сендер маған көмектесіңдерші. Маған достар керек.
Көктем: Көгершін сен ренжіме, біздің балалар саған достар тауып береді.
(балалар бірнеше қиынды бөліктерден құстарды құрастырады).
Көгершін: -Балалар сендерге көп рахмет! Өздерің ақылды бала
екенсіңдер,әкелген тапсырмалардың бәрін орындадыңдар.
Өзіме достар тауып алдым. Ал,енді осы достарыммен ұшып қайтам.ау болыңдар!
Көктем: - Балалар,сендер тағы құстар жайлы не білесіңдер?
Қ.Жанель: Көктем мезгілінде құстар жылы жақтан ұшып келеді,біз құстарды күтіп-баптап,аялауымыз керек. Құстар біздің досымыз.
Е.Динара: Құстар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді.
Ағаштың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына
көмектеседі.
Қ.Аңсар: Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап,жем
беруіміз керек.
Көктем: Балалар,мен сендерге осы құстардың қауырсынынан
тәжірбие жасап көрсетемін.Балалар мынау қаздың және тауықтың қауырсыны,яғни қанаттары,оларды көріп,тексереді,сулайды,неліктен қаздың қауырсынында су тоқтамайды.Ақ қағазға күнбағыс майын жағып,сулайды,не болғанын тексереді.
(су қағаздан сырғанап,қағаз құрғақ болып қалады)
Ол неліктен деп ойлайсыңдар? Суда жүзетін құстардың арнайы ішкі майлы бездері болады,олар сол майды тұмсықтарымен жүндеріне майлайды.
Сұрақ - жауап:
-
Басында тарағы бар ,бірақ шашыңды тарай алмайсың . (Әтеш)
-
Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (Қарлығаш)
-
Қай құс өзінің атын қайталайды? (көкек)
-
Қандай құс хат тасушы атанған?(көгершін)
-
Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
-
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
-
Құстың негізгі мекені? (Ұя)
Көктем: Көктем мезгілінде айналаның бәрі әсем гүлге толы,ағаш-
тардың бұтақтары бүршік атып,ауа-райы күрт өзгеріп,дала жайнай
түседі.Олай болса, ойын сауығымызды қыздарымыздың «Қарлығаш» биімен аяқтаймыз.

Ойын сабақ
Тақырыбы: “Құстар келді”
Мақсаты: 1) Балаларды көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Құстар жайлы түсінік беру.
2) Құстардың түрі, тіршілігі, қоректенуі туралы білімдерін кеңейту. Ой-
өрісін дамыту.
3) Құстарды күте білуге үйрету. Құстарға деген сүйіспеншілікке,
қамқорлыққа тәрбиелеу.
әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-ждауап, ойын, тақпақ, т.б.
көрнекілігі: буклет, жыл құстарының суреті, құстың ұясы, ағаш,
жапырақтар.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, айналамен танысу, сауат ашу, музыка.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті ата-аналар, бүгінгі мектепалды даярлық тобының “Құстар келді” атты
ашық ойын-сабағына қош келдіңіздер! Балалар, әдептен озбай бәріміз бүгінгі келген
қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері: Ал, қанекей, бәріміз
Барша жұртты құрметтеп
Құшақ жая қарсы алып,
Береміз сәлем иіліп.
Енді орнымызға жайғасып, ойын-сабағымызды “Тамаша” ойынымен бастайық.
Ойын: “Тамаша”
Мақсаты: Берілген сұраққа, жақсы көңіл-күймен “тамаша” деп жауап беру.
Көңіл күй көтеру:
-Балалар, көңіл-күйлерің қандай? “тамаша”
-Бүгінгі сынып іші қандай? “тамаша”
-Гүлдің иісі қандай? “тамаша”
-Ата-анамыз қандай? “тамаша”
Құстардың дауысы қандай? “тамаша”
Жарайсыңдар, өте тамаша көңіл-күйде отырсыңдар.
II. Жаңа ойын-сабақ
Ендеше балалар үнтаспадан құстардың үнін тыңдайық. (үнтаспа тыңдату)
Балалар, құстар қандай табиғатқа жатады?
-Қандай құстарды білеміз?
(балалардың жауабы)
Құстар үй құстары және дала құстары болып екіге бөлінеді. Бүгін сендермен дала
құстарымен, оның ішінде жыл құстарымен танысамыз. Балалар, жыл құстары қай
мезгілде ұшып келеді?
Ойын: “Қай мезгіл?”
Барысы: Берілген мәтінге байланысты сипаттама беру, іс жүзінде көрсету.
Күн жылынды. Ағашта бүршік жарып, жапырақ өседі. Құстар ұшып келеді. Ағаш
бұтағына қонады. Жер бетіне көк шөп өседі.
Ал енді мәтінді іс жүзінде көрсетейікші.
-Күн қандай?
-Күн жылы. (бір бала күнді тақтаға іледі)
-Ағашта нелер пайда болады?
-Ағашта жапырақтар болады. (2-3 бала жапырақ іледі)
-Нелер ұшып келеді?
-Құстар ұшып келеді. (2-3 бала құстар жабыстырады)
-Құстар қайда қонақтайды?
-Құстар ағашта қонақтайды. (2-3 бала ағашқа құстар іледі)
-Көк шөп қайда өседі?
-Көк шөп жерде өседі. (2-3 бала көк шөп жабыстырады)
Енді қарайықшы, бұл қай мезгіл?
-Көктем мезгілі
Міне көктем мезгілінде күн жылына бастағанда жыл құстары ұшып келеді. Бұл
құстар далада өмір сүреді. Олар тамақтарын даладан тауып жейді.
Енді көктем мезгілін қарсы алып, сергіту жаттығуын жасайық.
Сергіту сәті: Көктем келді
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар
Ән салуға құштар.
Көктемде балалар, ең алғаш қараторғай деген құс ұшып келеді. Балалар
қараторғайды ағаштан ұя жасап, қарсы алады. Сондай-ақ көкек, аққу, тырна,
қарлығаш, т.б. құстар келе бастайды.
(слайдтан құстарды көрсету.)
Қараторғай-өзі кішкентайқұс. Көктемде ең бірінші ұшып келеді.
Көкек-өз атын өзі шақыратын құс. Көкектің мүлде ұясы болмайды. Әр құстың
ұясына жұмыртқасын тастап кетеді.
Қарлығаш-көктемнің соңғы айында келеді. Шыбын-шіркеймен қоректенеді. Ұясын
үйдің маңдайшасына, қораның бел ағашына саз балшықтан салады. Бауыры ақ,
құйрығы айыр құс.
Ән: “Көкек”
Енді осы жыл құстарын қалай қарсы аламыз?
Бала: Көктемді хабарлап,
Қараторғай, келдің бе?
Қойып ем даярлап,
Ұяны көрдің бе?
Қараторғай: Жақсы екен қонысым
Рахмет қамқоршым
Мың алғыс сол үшін
Мерейің зор болсын.
2-бала: Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
3-бала: Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін
Көктемді күтсең, мені күт.
4-бала: Қарлығашпын мен
Адамның тұрағын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй ішін
Шыбын деген кеселден.
Ойын: “Құстарға көмектес”
Мақсаты: Құстар ұшып келуі үшін, берілген буындарды
дұрыс қойып, құстардың атын жазу.
Қа-ра-тор-ғай
Кө-кек
Қар-лы-ғаш
Қараторғайға арналған ұямыз бар. Серуенге шыққан кезде, ауладағы ағашқа бекітіп
қоямыз.
III. Қорытнды
Балалар, біз қандай құстармен таныстық?
-Жыл құстарымен таныстық.
-Көктемде ең алғаш келетін қандай құс?
-Қай құста мүлде ұя болмайды?
-Шатыр маңдайшасына қандай құс ұя салады?
Балалар, бәрің де жақсы белсенділік таныттыңдар, рахмет айтып, седерге жасыл
жапырақтарды сыйға тартамын.
Құстарға қамқор бола білейік. Сендер не дейсіңдер, балалар?
Құстарды біз қарсы алып
Қуанамыз, қорғаймыз
Ұя жасап ұқыптап
Біз оларды қолдаймыз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген