Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілері пайдалана алады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Құстар- біздің досымыз
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: . 
Жалпы құстар туралы олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағұлмат беру.
құстарды қорғауға қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу, балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: Отанын, жерін, орманын, табиғатты қорғауға баулу. Уақытты тиімді пайдалануға, бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құстардың суреттері,

Ұйымдастыру кезеңі;
Психологиялық сәт.

Нұр құшып алапты
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер көкті оятты
Қайырлы таң балалар.
2. Кіріспе сөз.

Тәрбиеші:
- Балалар бізді не қоршап тұр?
- Табиғат жер ана қоршап тұр.
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Адамдар, жануарлар, құстар, өсімдіктер, балықтар.
Табиғат туралы.
Сүйейік табиғатты аялайық
Бізде одан жақсылықты аямайық
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша дем алайық.
Үн таспадан құстардың дыбысын тыңдату.

Құстар туралы не білеміз?
Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Адамдар ежелден - ақ құстарға әуес. Оларға деген сүйіспеншілігі шексіз болған. Ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы, өз ықыласын көпке аян еткен. Құстар бау - бақшаның әні емшісі. Құстар біздің досымыз.
-Құстардың қандай пайдасы бар?
Олар ағашты, жердегі зиянды құрттарды жейді. Құстан ән салып көңілімізді көтереді. Олар бақтың сәні.
- Негізі құстар нешеге бөлінеді?
1. Жыл құстары, үй құстары, тұз құстары.
2. Көктемде бірінші келетін құстар.
Нәузек қарлығаш, көкек, қараторғай.
3. Қыстап қалатын құстар.
Қарға кептер сауысқан шымшық

Сергіту:

Қанат жаям жалма - жан
Талпынғандай ұшуға
Иіліп келіп қол созам
Аяғымның ұшына

Мақал - мәтел, өлең – шумақтар айтады

Аққу құстың патшасы
Тең келмейді басқасы.

Балық ілгіш шағала
Көк теңізді жағала

Аққуды атпа, досыңды сатпа

Қарға, қарғаның көзін шұқымас.

Қуаныш сыйлап көңілге
Даланың сансыз торғайды
Күнімен мөлдір көгімде
Әндетіп тұрса болғаны.

Құс сұлуы аққуым
Табиғат көркем сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған

Әлемге мәлім елімнің
Тоқылдақ толы орманы
Ажарын ашып елімнің
Тербеліп тұрса болғаны.

Қорытынды:

Балалар, құстар-біздің досымыз. Құстың ұясын бұзбаңдар. Табиғаттағы құстарды, аңдарды, жануарларды атуға болмайды. Құстарға қамқорлық жасау керек.

Балаларды мадақтау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2018
464
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12