жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құстар біздің досымыз. Балабақша
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №262 мектеп-гимназия жанындағы «Айгөлек» шағын орталық тәрбиешісі Қаныбетова Бибінұр Нажмадинқызы
Тобы: ортаңғы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Қыстап қалған құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Үй құстарын атап, дала құстары мен үй құстарының ерекшеліктерін аңғарту. Олардың адамға тигізер пайдасы туралы айту. Құстарды күтуге, баптауға тәрбиелеу. Ойлау, тыңдау қабілеттерін жетілдіру.
Әдіс- тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, сөздік, ойын, жұмбақтар, слайд көрсету.
Қажетті құралдар: сюжетті суреттер, құстың ұясы, қыстырғыштар, үлестірмелі суреттер, қима суреттер, үнтаспа, белсенді тақта.
Билингвалды компонент: құс- птица, әтеш – петух, қарлығаш –ласточка
Үнтаспа қосылып құстардың сайраған дауысы шығады.Балалар, сендер есітіп тұрсыңдар ма? Бұл ненің дыбысы екен?
-
Құстардың
-
Дұрыс айтасыңдар балалар. Сендер қандай құстың түрлерін білесіңдер?
-
Торғай, қарлығаш, тауық, кептер, бүркіт.
-
Дұрыс айтасыңдар балалар. Олай болса қазір құстар жайлы жұмбақтар шешіп көрейік.
Жұмбақтар
Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған (тауық)
Бұлдыр-бұлдыр балшықты,
Жинады да талшықты,
Ұқсатып қамытқа
Үй салады жабыққа. (қарлығаш)
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (әтеш)
Балпаң-балпаң басады
Саусақтары салалаы.
Жан рахатын біледі,
Жазда көлде жүзеді. (қаз)
-
Жарайсыңдар балалар, мен сендерге бүгін басқа да құстар түрлерін таныстырамын.
Слайдтан құстардың суретін көрсету.
-
Балалар, мына құсты танисыңдар ма? Дұрыс айтасыңдар бұл бүркіт. Бүркіттің денесі үлкен, қанаты кең, тұмсығы имек келген. Бүркіт таулы жерде тіршілік етеді екен. Бүркіт тым биікте, жылдам ұшатын құстың түріне жатады, ол жерде де жүре алады. Ал бүркітті адамдар қолға да үйрете алады, оны аң аулау мақсатында асырайды екен. Бүркіттер ет жегенді жақсы көреді екен.
Келесі құс өзіміздің өлкемізде жиі кездесетін құс торғай. Торғайлар топтасып ұшып жүреді. Олар дәнемен қоректенгенді . Адамдар құстарға қамқорлық көрсетіп торғайларға жемсауыт жасап береді, ұя жасап береді екен.
Саусақ жаттығуы
Қане, балалар, құстарға ұя жасайық. (қолдарын төбесіне апарып үшбұрыш жасайды)
Құстар ұяға келіп қонды
Құс ұядан басын шығарды (қолын төмен түсіреді)
Жан жағына қарады (қолын оңға, солға бұрады)
Оның ұшқысы келді , қанатын жайды (қолдарын жаяды)
Бірақ ұша алмады, сосын қанатын жаттықтырды (алақанын өзіне қаратып ашып-жабады)
1-2-3 3-2-1
Ал енді қанатымызды жаттықытырп алдық, енді құс ұшады. (бас бармақтарын айқастырып, саусақтарын қозғайды)
Құстар қанат қағады
Көкте самғап ұшады
Барлық құстар қосылып
Шиқ-шиқ деп ән салады.
Құс қайта ұшып келіп ұясына қонды. (ұя жасап қолын жоғары көтеру)
енді құстар жайлы бұдан да көбірек білу үшін мына бейнероликті көрейік.
Құстар жайлы бейнеролик көрсету.
Орталықтағы орындарына бару.
Есікті біреу тоқылдатады.
-
Балалар, есітіп тұрсыңдар ма? Есікті біреу қағып тұрған сияқты. Мен қарап келейін.
(есіктің алдынан құстың ұясын тауып алады)
-
Балалар, есіктің алдына біреу мына құстың ұясын тастап кетіпті. Ашып көреміз бе?
Ұяның ішінде бізге тапсырмалар бар екен.
1-тапсырмамыз құстардың көлеңкесін тап дейді
Дидактикалық ойын «Көлеңкесін тап»
Мақсаты: құстардың пішінінін, дене бітімін дұрыс ажыратуға баулу.
Шарты: қағазда берілген құстың суреттерін көлеңкелерімен сәйкестендіру.
2- тапсырма «Құстарды тамақтандыр» ойыны
Мақсаты: құстардың жайлы білімін толықтыру, әр құстардың немен қоректенетіні жайлы білімін толықтыру.
Шарты: қыстырғыштағы құстарды дөңгелекшеде бейнеленген өздерінің сүйікті азығына қыстыруды тапсырады.
Сергіту сәті «Шөжелерім» биін билету.
3-тапсырма «Құстарды құрастыр»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін жетілдіру.
Шарты: қима суреттерден құс суреттерін құрастыру.
4- тапсырма «Құстарды талға орналастыр»
Мақсаты: жыл құстарын және қыстап қалатын құстарды ажырату.
Шарты: құстардың ішінен қыстап қалатын құстарды қар жамылған ағашқа, жыл құстарын көктемгі ағашқа орналастыру орналастыру.
-
Балалар, бүгінгі ойындар сендерге ұнады ма?
-
Балалар, біз бүгін қандай тапсырмалар орындадық?
-
Біз құстарға қамқор болуымыз керек. Оларға жем шашып, ұя жасап беруіміз керек. Құстар біздің досымыз. Осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды.
-
Қане, келген қонақтармен қоштасайық.
-
Сау болыңыз! До свидания! Good by!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген