400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстардың адам бейнесіне келу мотиві

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ фольклорында құстардың адам кейпіне ену мотиві де кездеседі. Бұл мифологиялық тоқтамды біз аңыздардан толықытырып, оны жан – жақты талдап көруімізге болады. «Бабай түкті шашты Әзіз бен Ару аққу» атты мифологиялық аңызды алатын болсақ, мұнда құстың адам кейпіне ену құбылушылығын кездестіреміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Құстардың адам бейнесіне келу мотиві


Шамғонова Ақсамал айбекқызы

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

“№22 ОМ”КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Қазақ фольклорында құстардың адам кейпіне ену мотиві де кездеседі. Бұл мифологиялық тоқтамды біз аңыздардан толықытырып, оны жан – жақты талдап көруімізге болады. «Бабай түкті шашты Әзіз бен Ару аққу» атты мифологиялық аңызды алатын болсақ, мұнда құстың адам кейпіне ену құбылушылығын кездестіреміз.

Бұл аңызда: «Бабай Түкті Шашты Әзіз бір күні Арон өзенінің жағасына келіп, дәрет алып отырып, көктен үш аққу құстың ұшып келгенін көреді. Олар үстіндегі қауырсынды кебіндерін шешкен кезде ғажайып сұлу қыздарға айналады. Үш ару қыз өзен суына шомылып, алтын шаштарын алтын тарақпен тарап отырғанда, Әзіз қулық ойлап ең кіші қыздың кебінін тығып қояды. Екі үлкен қыз кебіндерін киіп, аққу болып ұшып аспанға кетеді. Ал кебіні жоқ кіші қыз кете алмай қалады. Осы мезгілде Бабай Түкті Шашты Әзіз оған «жарым бол» деп ұсыныс жасайды. Қыз келісімін береді. Бірақ оған: «Өкпемді көрме, өкшемді көрме, желкемді көрме» деп үш шарт қояды. Бабай Түкті Шашты Әзіз ұның бәріне көніп, көк аруына үйленеді, бірақ бір күндері қыздың шарттарының астарында қандай сыр барын білгісі келеді. Бір күні әйел киімін ауыстырып ол көзінің қиығымен байқап қараса, желкесінен миы, қолтығынан өкпесі, өкшесінен қызыл асығы көрініп тұрады екен. Үш шарттың бұзылғанын біліп қойған ару қайтадан аққу кейпіне еніп, көкке ұшып кетеді. Бұған өкінген Бабай Түкті Шашты Әзіз өмір бойы үйленбей өтеді екен».

Бұдан біз мақсатты құбылушылықты кездестірдік деуге болады. Себебі, ару қыз шарт қойып, адам кейпінде қалды да, ол шарт бұзылғасын қайтадан құс кейпіне енеді. Мұнда себепті құбылушылық көбірек көрініс береді. Аққу адам бейнесінде белгілі себеппен, шартпен қалды да, себебінің сыры ашылғасын қайтадан құсқа айналады. Мұнда еріксіз, амалсыздықтан айналу мотивін де жоқ дей алмаймыз. Құпия ашылмаса, қыз бейнесінде қала берген болар еді. Құпиясы білініп қалғасын, сол себепті бастапқы түріне айналып кетті деп айта аламын. Менің пайымдауымша, себепті құбылушылық басым дер едім.

Енді бір мына мысалға көз жүгіртсек, қандай айырмашылық немесе ұқсастық, тіпті өзгеше ерекшелік байқап қалармыз.

«Баяғы заманда қалың қолды бастаған Қалша Қыдыр хан батыр , қолбасшы өмір сүріпті. Ол бір жолғы жорығында жолы болмай, сәтсіздікке ұшырайды, қарамағындағы сарбаздар бірі қалмай жан тапсырады. өзі де жау қолынан жараланып, елсіз шөлде құлап, жалғыз қалады. Қарны ашып, қатты шөлдегесін батырдың әлі кетіп өлуге айналады. Сол кезде аспаннан бір аққу ұшып келіп, аузына су тамызып, оны өлімнен құтқарып қалады. Көл жағасына алып барып, жарасын емдейді, таңып жазады. Кейін бұл аққу асқан сұлу аруға айналады. Қалша Қыдыр сол аруға үйленеді екен[2.244]. Бұл аңыздан да адамның аққу кейпіне ену мотивін кездестіреміз. Мұнда да, яғни бір аңызда да белгілі себепті түрде құбылушылық, адам кейпіне енушілік болды. Аққу батырға жар болуға лайық болғандықтан, оны ажалдан құтқарғандықтан, оған өмірлік жар бола алатындықтан, яғни белгілі себептердің арқасында болды. Бұл да себепті құбылушылық деп топшылаймын. Құдайдың құдыретімен батырдың өмірінің арашасы болуға себепкер болып тұр. Сондықтан да, мен өз ойымды себепті құбылушылық деген дәлелмен қалдырамын.

Мұндай аңыздар ел арасында біршама молырақ дамыған. Бұл пікірге көпшілік келісері сөзсіз. Оған дәлел ретінде тағы бір аңыздың шығу тарихымен, яғни көгершіннің адам бейнесінде де, құс бейнесінде де болу құбылушылығын беретін дерек ұсынамын.

Аңыз бойынша: «Көгершін баяғыда бір пайғамбардың келіні болған екен. Ол қолынан келгенді аянбайтын, кішіпейіл ақ көңіл келін екен. Оның мұндай екендігі басқа келіндерге жақпайды екен. Олар келіннің әрбір қылған ісін жамандыққа жорып тұрады екен. Бірақ ол келін олардың бұл қастығына көңіл бөлмей өмір сүре беріпті. Бір күні келіндер тамақ жасап отырып, ұрыса кетіп, жас келіннің мойынынан шөмішпен бір ұрыпты. Осыдан қайтадан көгершінге айналып кетіпті. Келіндер саған біздің арамызда орын жоқ деп, қуып жіберіпті. Ол көгершінге айналып кетсе де ойнындағы шөміштің ізі кетпей қалған екен. Көгершін «қуу - қуу» деп сол келіндерді қарғап жүреді екен»[2.31.].

Ал, бұл аңыздағы құстың адам кейпіне де, көгершін кейпіне де енуінің басты себебі – күрделі бейнелілігі. Себебі, көгершін өзіне жақсы жақты таңдайды. Көгершін болып та, келін болып та жүрді. Әйтсе де, ол құс болғандықтан болар адам баласына, яғни өзінің отбасындағы басқа келіндерге жақпады, араларында қиындық туындады, жағдайы ушықты. Сондықтан да ол қайтадан көгершін күйіне кетіп қалды. Бірақ та, оның бойындағы адамдық қасиет жойылып кетпеді, ол өзіне тыныштық бермеген келіндердің ісіне кедергі жасап жүрді. Мұндағы құбылушылықтың себебі – қиындықтан құтылу, өзіне ыңғайлы жақта өмір сүру болса керек.

Мифологиядағы құбылушылықтың себептерін бірнеше қырынан қарау біздің талдаудағы басты парызымыз деп білемін. Бұл құстардың адам бейнесіне енуі, қайтадан өз өмірлеріне оралулары немесе адам кейпінде өмір бойы тұрақтап қалу секілді жақтарын аңғардық. Расында, құстардың да мұндай жағдайларға түсуі баршылық. Бәрін де наным – сенім бойынша саналы түрде көкейімізге бекітеміз. Дегенмен, барлық құбылстардың болуы «құдайдың құдіретінің арқасында» - деген тоқтам бірінші тұрары сөзсіз.



Қолданылған әдебиеттер


  1. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы, 1984.

  2. Қазақтың мифтік әңгімелері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 320 б.

  3. Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан мифтері. – Алматы: Аруна, 2006. – 252 б.

  4. Жас ғалым. // Қазақ мифологисындағы адамның тау – тасқа айналу мотиві.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
243
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі