400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Құстың шарапаты" қиссасы (бастауыш сынып оқушыларына арналған сахналық қойылым)

Материал туралы қысқаша түсінік
Саханлық қойылымға дайындалып, сахналаған оқушылардың есінде қиссаның мазмұны сақталып қалады, сондай ақ тәрбиелік мәні өте зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құстың шарапаты (қисса)

(Бастауыш сынып оқушыларына арналған сахналық қойылым)


Қатысушылар:

Автор

Құс

Емен

Үйеңкі

Аққайың

Шырша

Қарағай



Автор. Ертеде құстардың бәрі жылы жаққа ұшып кетеді. Тек бір құстың ғана қанаты жаралы болып, жұртта қалып қояды. Енді ол қыстан шығу үшін өзіне пана іздейді. Сөйтіп орманда келе жатса...


Құс. Оо, қайырымды емен аға, мен сіздің бұтақтарыңызға қыстап шығайын, маған қалың бұтақтарыңыздан кішкене ғана орын тауып берсеңіз!


Емен. Шырағым, менде орын жоқ. Орын болса да, бере алмаймын. Сенің жаралы болғаныңа мен кінәлі емеспін. Бұтақтарымнан жайлы орынға жайғасып алып қыс бойы жаңғақтарымды жеп тауыспақшысың ғой. Болмайдыыы! Әне, анау тұрған үйеңкіге бар, бәлкім сол орын берер.


Құс. Жарайдыы! (үеңкіге келеді)

Армысыз, сұлу да сұңғақ үйеңкі! Жаралы боп туыстарыммен бірге жылы жаққа ұша алмай қалдым. Енді маған бұтақтарыңнан қыстан шығар кішкентай ғана жылы жай берші!


Үйеңкі. (кербезденіп) Айналайын, ренжіме. Сені бұтақтарыма кіргізе алмаймын. Айналамды қыстай сенің саңғырығыңмен қорыс қылар жайым жоқ.

(құс аққайыңға барады)

Құс. Армысың, ару аққайың! Мен міне, жаралы боп қалып, тобыммен жылдағыдай жылы мекенге ұша алмай қалдым. Енді күн суытып келеді. Әне міне қар жауып, аяз да күшейеді. Өзіңнен пана іздеп келіп тұрмын.


Аққайың. Ее, ұша алмай қалсаң не бопты. Жерде не көп, шөп көп. Барда панала. Мен кез келген құсқа бұтақтарыма ұя салғызып, сұлу келбетімді сыйықсыз қылар жайым жоқ. Қарашы, орманда не көп, ағаш көп. Басқалардан сұрап көр көмекті. Маған ренжіме.


Құс. (жылап тұрады) Не деген қатыгездік! Енді қайдан пана іздеймін. Күн болса суытып кетті. Мына түріммен қыстың аязында үсіп өлетін болармын. (жылап шыршаның жанына келеді)


Шырша. Әйй, байғұс құсым-ай, көңілің жасып, түріңді қайғы басыпты ғой. Кел, менің бұтамды панала. Осында ұя сал. Сені аяздан шамам келгенше қорғайын. Кел, келе ғой. (құшақтайды)

(шыршаның жанында қарағай тұрады)


Қарағай. Менің бұтағым шырша секілді қалың емес. Бірақ шамам келгенше теріскей желді өткізбей ықтап тұрамын. Кел, келе ғой. Шырша ағаңа паналай ғой. Екеулеп сені қыстан аман алып шығамыз. Қамықпа.

(құс қуанып, сықылықтап күліп қоя береді, шыршаның қалың бұтағының арасына кіріп ұя салады)


Автор. Күз кетіп, орнын қыс басты. Жел ұйытқи соғып, барлық ағаштың жапырағын сыпырып бастайды. Шырша мен қарағайға жақындағанда Тәңірден әуез келеді)


Дауыс. Әй, жел, шырша мен қарағайдың жапырағына тиме! Олар қыста да жайқалып тұрсын! Кім құсқа қамқор болса, мен де соған қамқор боламын!


(шырша мен қарағай иіледі)


Автор. Міне, осылайша жаралы құстың шарапатымен шырша мен қарағай мәңгі жасыл ағашқа айналыпты.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
201
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі