жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құтты болсын,Жаңа жыл!
«Құтты болсын,Жаңа жыл!»
Қатысушы кейіпкерлер:Түлкі,Сиқыршы,Робот,Аяз ата және Ақшақар.
Жүргізуші:Құрметті балалар, ата - аналар, қонақтар, балабақша ұжымы. Жаңа жыл мерекесіне арналған«Құтты болсын, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Бейбіткул Сандығалиқызына береміз.
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
(балалар залға кіреді.)
Қ.Айару:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Эльмира:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Наргиз:
Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
Ербол:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата-әже,әке-ана.
Құтты болсын Жаңа жыл
Ән «Шыршаға бардық»
Жүргізуші: Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар(Балалардың жауабы)
(музыка қосылады Түлкі шыршаны айналып кіреді)
Жүргізуші: Ойбай түлкіжан сені қандай жел айдап әкелді ?
Түлкі :
Ананыда алдадым ,
Мынаныда алдадым
Мен айлакер Қу түлкімін
(мен сендерге ашуландым мені неге мерекеге шақырмадыңдар? Шыршаданы бүлдіреді.)
Жүргізуші: Ай қу түлкі мынау не істегенің біздің мерекенің шыршасын құрттың ғой
Жүргізуші:балалар кәне тезірек Аяз атаны шақырайық
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Жүргізуші:Балалар бізге кім келді? Сйқыршы бізге көмектесіңізші,Түлкі біздің шыршаны бүлдіріп жатыр
Сиқыршы: Балалар бәріміз бірге түлкіні сиқырлы сөздер арқылы сиылыққа айналдырайық. (Суф-суф сиқырлы сөз.)
Сиқыршы:Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен Робот шығады)
Робот: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты би билейін.
Роботтың биі.
(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
Жүргізуші:Балалар сиқыршы түлкіні роботқа айналдырды.Енді Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі.
Аяз ата, Ақшақар
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз ата : Ау-у ! Ке-ле-жа-тыр-мын !
Ау, амансыңба ұлдарым
Ау , амансың ба қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Бізде сендерді көруге ,
Халдеріңі білуге
Алыс жерден
Асулардан асып
Аппақ қарды басып жетіп қалдық
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Ақшақар:Аяз ата біздің шыршамыз жанбай тұр ?
Аяз ата :Маған балалардың көмегі керек .Көмектесесіңдер ме?Ал,ата-аналар ше ?Бәріміз бірге мына сиқырлы сөздерді айтайық:
Бір,екі,үш шырша шамын жарқыра,
Жаңа жыл тойын ашайық!
Аяз ата:Жарайсыңдар,балалар!Мен біраз дем алайын.
Ақшақар:Аят ата,сен дем алып ,балаларға қара.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем ән де, би де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
«Шырша» биі
Аяз ата:Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
(Балалар тақпақтарын айтады)
Қ.Амир:
Дала нұр,қала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр
Мажит:
Тамаша,тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Нұркен:
Даламызға,қаламызға
Жаңа жыл келіп кіреді
Нұрай:
Тағы,міне Жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын
Ильсур:
Ән саламыз,би билеп,
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді
Айлана:
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Б.Кәусәр:
Бізден бірге ойнайды
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды.
Жігер:
Жаңа жыл,Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне,Жаңа жыл
М.Амир:
Ән саламыз,билеп,
Жырдан шашу төгіді
Н.Кәусәр:
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді
Николь:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып
Ж.Әділет:
Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан.
Балаларға базарлық,
Алып келді алысқан
Әлижан:
Кел,балалар,тақпақты
Тақылдатып айтайық
Аяз ата таң қалсын
Сыйлық алып қайтайық
Д.Айару:
Аяз ата тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейік
Ортамызда шыршамыз,
Ойнап бірге,күлейік.
Анель:
Келді тағы Жаңа жыл
Қуантцмен біздерді
Құтты болсын Жаңа жыл
Құттықтаймыз сіздерді.
Алихан:
Ән саламыз,билеп,
Жырдан шашу төгілді
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі!
Жүргізуші:- Ал енді құрметті қоңақтар келесі болып әдемі ерекше билерімен сымбаттыда . батыл жігіттерімізді қарсы алайық.
Би: «Морозят»
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Аяз ата мен ойын би: Едим на велосипеде.
Аяз ата: мына балалар мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз..
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші ата – аналарына ұқсаған мың бұралған қыздарымызда да бар. Тамашалайық!
Би: «Қар бүршіктері биі»
Ән: «Біздің шырша қандай сұлу»
Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
Кәне сиқыршы екеуміз сиқырлы сөзімізбен сыйлықтар берейік.
(Екеуі сыйқырлы сөзді айтады,барлығына сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі:Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Құтты болсын, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген