«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі
ауданы әкімділігінің білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №1 МДБҰ»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорныны.
Бекітемін:
Тексерілді:
№1МДБҰ №1 МДБҰ әдіскері
директоры С.М.Нугманова.
А.А.Олешко
8-наурыз аналар мерекесіне
арналған ертеңгілік.
«Шуағын шашқан-аялы
алақан»
Тәрбиешілер: Ельтаева
Т.С
Раханова
Г.У.
2015ж
«Шуағын шашқан-аялы
алақан»
Ән әуенмен ұл балалар залға
кіреді.
Бұл көрініс «Мерекеге
дайындық».
1-ұл
бала: Мереке де келіп
қалды,
Бізде бәрі дайын
ба?
Қазір қыздар
келеді,
Залды қылдырайық
әдемі.
2-ұл
бала: Айттым ғой мен
сендерге,
Үлгермей қаламыз
деп!
Бәріне қыздар
кінәлі
Өлең айтса
болғаны!
Жүргізуші: Ұлдар, ұлдар,
ұрыспаңдар,
Әне, өздері де келіп
тұр!
Көңілдірек
жымияық,
Біздің қыздар келіп
тұр!
Музыка ырғағымен залға қыздар
кіреді.
Ұлдар қолдарын
шапалақтайды.
Жүргізуші: Өмірге ана-бұлақ, ана
пана,
Өмірді өркендетер, ана
ғана,
Ана! Ол біздің елде ардақты
адам,
Кішіде, үлкен де оны
ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанды
да,
«Ана» деп біздің халық текке
айтпаған.-деп біз бүгінгі аяулы жандар, ардақты қыздар, ақ жаулықты
апаларға арналған ертеңгілігімізді
бастаймыз.
Ән:
Анашым.
Тақпақтар.
1-ұл: Бәріне бүгін не
болды?
Қыздар неге
әдемі?
Мен түсіндім бұл
күнді,
Наурыздың
сегізі.
2-ұл: Наурыздың
сегізі
Шықты
анам-әдемі
Әжем де, тәтем
де,
Әп-әдемі
көйлекте.
3-ұл: Ақ қабақты
анашым,
Күн сәулелі
анашым.
Әлпештеген
баласын,
Айналайын
анашым.
4-бала: Сенен өскен
балалар,
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен.
Құрметті
аналар.
Ән:
Залға Қызыл телпек
кіреді.
Қызыл
телпек: Мен Қызыл
телпекпін,
Орманға қазір
барамын,
Гүлдерді теріп
аламын.
Қызыл телпек шеңбер бойымен
жүріп, гүл таба алмай жүреді.
Қызыл
телпек: Гүлдер
көрінбейді,
Анам енді не
дейді.
Жүргізуші: Қызыл телпек, бүгін 8-наурыз
мерекесін тамашалауға қал. Қандай өнерің
бар?
Қызыл
телпек: Билегенді
ұнатамын.
Би:
Залға әуенмен Ару-Көктем
келеді. (Құшағында бір құшақ гүлі бар, басына гүлден тәж тағынып
вальс ырғағымен Көктем келеді).
Көктем: Маған жаңа мында не болып
жатқанын құстар келіп сыбырлап кетті. Ал мына залдағы көңіл-күй
қандай тамаша!
Жүргізуші: Біздің балалар қазір көктемге
және аналарына арнап өлеңдерін оқып
береді.
1-ұл
бала: 1. Көктем келді, көктем
келді!
Күн шуағын әкеліп
төкті.
2. Көктем жетті шуақ
шашып
Су ағады
сай-салада.
3. Күн де, жер де, бұлт та,
жел де,
Бүгін қандай
жайдарлы.
Көктем: Қандай тамаша өлеңдер! Мына
құшағым толы гүлдерді Қызыл телпекке ала келдім. Анасына апарып
берсің. Балалар гүлдермен «Гүл жинау» ойынын ойнайық. Қызыл
телпектің себетіне жинап берейік.
Ойын: «Гүл
жинау»
Жүргізуші: Рақмет саған Ару-Көктем. Енді
біздің Қызыл телпектің анасына апаратын сыйлығы
бар.
Көктем: Жүздерің бал-бұл жайнап,
гүлдей құлпырып жүре беріңдер.
Жүргізуші: Ал біздің ұл балалар қыздарға,
аналарымызға және әжелерімізге арнап би дайындап
келіпті.
Би:
Жүргізуші: Бүгінгі мейрамға біздің
сүйікті әжелеріміз де келді. Сондықтан біз құрметті әжелер сіздерді
құттықтаймыз.
1-бала: Шашымды өріп
тараған,
Қабағыма
қараған.
Үлкен, кіші
демейді,
Сыйлайды оны бар
адам.
2-бала: Ертегі қандай көп
еді,
Күнде айтып
береді.
Қуанатын
балаша,
Әжем менің
тамаша.
3-бала: Әжем менің әлі
де,
Ұқсамайды
кәріге.
Шай қайнатып
береді,
Қажет болса
бәріне.
«Әжем айтқан ертегі»
әні.
Жүргізуші: Әжелерді ойын ойнауға
шақырамыз.
Ойын: «Өз немереңді тап»
(әжелермен).
Жүргізуші: Дабыл! Дабыл! Сұлу қыздарымыз
өз өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші: Қазір ойын
ойнаймыз,
Аналарды
құттықтаймыз.
Бұл ойынды біз
ойнап,
Аналарға
сыйлаймыз.
Ойын: «Кірді кептіру» (балалар мен
аналар).
Жүргізуші: Біздің балалардың дайындаған
сыйы.
1-бала: Ақ анашым,
аппағым,
Өзің жайлы
тақпағым.
Өзің жайлы әнім
де
Арнадым саған бәрін
де.
2-бала: Бәрімізге
анасың,
Біз үшін көп
жанасың.
Құтты болсын
мейрамың
Құттықтаймын
анашым.
3-бала: Мынадай ана тағы
бар,
Мамандығы
мұғалім.
Үйретеді
баланы,
Сурет салып,
билеуге.
Жүргізуші: Сіздерді 8-наурыз мерекесімен
құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жұмыста табыс
тілейміз. Біздердің шын жүректен жасаған кішкентай сыйлығымыз бар,
соны сіздерге ұсынамыз.
Балалар сыйлықтарын
таратады.
Ата-аналарымен билеп, топқа
кетеді.