ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҚ –
БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТІҢ
БІРІГУІ.
Жетісай ауданының білім
бөлімінің
«Алпамыс батыр»
бөбекжай-бақшасы
МКҚК-ның
тәрбиешісі
Абдужаббарова Алия
Абдухаликовна
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі
ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы
мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет
ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі
бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын
мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір
істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге,
іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық
шеңбері».
«Құзыреттілік» термині әдетте
белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады
және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің
орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен
сәйкестілігі арқылы сипатталады.
«Методикалық терминдер
сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім
сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын
білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір
қызметті орындай алу қабілеттілігі», –
делінген.
Орыс тілінің сөздігінде
«құзыреттілік» термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі
төңірегінде» берілген.
Латынның «compete» деген
термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды
береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби
құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру,
нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге
асыру керек.
Түркістан облысының білім
басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімінің «Алпамыс батыр»
бөбекжай бақшасы» МКҚК Жетісай ауданының білім бөлімінің 2024 жылғы
22 казандағы №247 санды хатына сәйкес «Құзыреттілік орталық» болып
бекітілді. Осыған орай бақшамызда біршама жұмыстар атқарылып
келеді. Айта кетсек 2024 жылдың 1 қарашасында ата-аналармен
«Балабақшадағы бір күнім» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Негізігі мақсаты мен міндеттері: арнайы балабақша мен отбасы
жағдайында балаларды тәрбиелеу мен дамытуды оңтайландыру мақсатында
балабақша мен тәрбиеленушілердің ата-аналары арасындағы тиімді
өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, отбасының жеке ерекшеліктерін,
мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескерту. Тәрбиеленушілердің
ата-аналарына психологиялық-педагогикалық ағарту, ата-аналардың
педагогикалық мәдениетін арттыру, ата-аналардың біздің
педагогтеріміздің, жалпы қызметкерлердің педагогикалық қызметі
туралы түсініктерін кеңейту болып табылады. Бірлескен жұмыс арқылы
баланың ақыл-ойын дамыту, адамгершілік қасиеттерге баулу, көркемдік
талғамын қалыптастыру, сондай-ақ денсаулығын нығайта отырып, ең
негізгісі болашақта мектепке даярлау.
Тәрбиешілер Г.Иримбетова «Балабақша мен үйдегі
қауіпсіздік», Г.Алтаева “Ұлттық ойындар”, А.Қалдыбекова“Сиқырлы
түстер”, Н.Исахова “Күз сыйы”, Н.Тотанова, Г.Арубаева “Түстер”,
Л.Турешова “Қазақтың ұлттық оюлары”, Г.Битореева “Қызықты
математика” тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттерін
ұйымдастырды.
Балабақша-халқымыздың
ата-бабадан келе жатқан ізгі қасиеттерін, кішкентай бүлдіршіндердің
бойына сіңіретін орта. Ендеше, рухани ұлттық қажеттілікке жараған
білім ғана ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған
ұрпақ қана–болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ.
Бала тәрбиелеу — ата-анадан басталып, мектепке дейінгі ұйымда
жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттің ең
бастысы. Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне
отбасыны тарту барысында, ата-аналардың бала тәрбиесіне
жауапкершіліктері артып, баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің
басты рөл атқаратынын сезді. Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен
позициясы өзгерді. Көптеген балабақша ішілік іс-шараларға қатысу
барысында балаларының алдында ата-аналарының, ата-аналар алдында
педагогтер беделі көтерілді. Ата-ана, бала және тәрбиеші тығыз
байланыста болып, ата-анаға дұрыс бағыт бағдар берген жағдайда
мектепке дейінгі тәрбие сапасы жоғары болмақ. Ашық есік күнін
қорытындылау мақсатында балабақша әдіскері Ж.Ажибекова
ата-аналармен психологиялық тренинг өткізді. Ата-аналар тренинг
барысында алған әсерлерімен бөлісіп балабақша ұжымына өз алғыстарын
білдірді. Бала бақыты — білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам
құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », — дейді
А. Байтұрсынов.
2024 жылдың 17-18 желтоқсан
күні «Патриот ұрпақ-мәңгілік елдің жетістігі» тақырыбында ересек,
ортаңғы, кіші топтарда ҰІӘ өткізілді. ҰІӘ тренинг, эстафеталық
жарыс түрінде өтті. Ересек «Гүлдер» және «Бәйшешек» топтарында
«Тәуелсіз елдің ұланымыз!» тақырыбында эстафеталық жарыс өтті.
Тәрбиешілері Л.Турешова мен Г.Битореева. Мақсаты: балаларды
тәуелсіздік туралы ұғындырып, Отанымызды сүюге, еліміздің
рәміздерін қастерлеуге баулу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін
ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза,
адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Спорттық сайыста қатарда жүру, жүгіру,аяқ ұшымен, өкшемен
жүру,жыланша ирелеңдеп жүру. Эстафеталық жарыс 5 кезеңнен тұрды.
Екі топқа бөлініп күштерін сынасты. Балалар сайысқа белсене
қатысты. Ойын соңында достық жеңді. Сонымен қоса «Біртұтас тәрбие
бағдарламасы» аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында
бақша жанынан «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» және «Әкелер
мектебі» құрылды. Жоспар түзіліп жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025
жылдың 30 қаңтар күні №7-н/қ бұйрығы бойынша
тәрбиеленушілер әкелерімен бірге қатысып «Екі жұлдыз» байқауы болып
өтті. Байқау ұлттық құндылықтарды
дәріптеу, насихаттау, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты
нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Әкелер барлық критерийлер
бойынша өздерінің өнерлерін дайындаған. Байқау 4 кезеңнен өтті.
Бірінші кезең «Таныстыру», екінші кезең «Өз өнері», үшінші кезең
«Сұрақ-жауап», төртінші кезең «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында
қолөнер. «Екі жұлдыз» байқауының жеңімпаздарын бақша меңгерушісі
Ж.Усманова жүлделі марапаттармен марапаттады. Жүлделі «VIP Бас
жүлдені» - «Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі Әділхан Абулхамит
иеленді.
«Бас жүлде»- «Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі
Айытбай Айлин
І
орын-«Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі Оралбай
Мансур
І
орын-«Гүлдер» тобының тәрбиеленуішісі Абдулло
Ерсұлтан
І
орын-«Бәйшешек» тобының тәрбиеленушісі Бахтибай
Рамазан
Жетісай ауданының білім бөлімінің 2024-2025 оқу
жылының «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құрылған «Әжелер
мектебі» және «Аналар мектептерінің» жоспарына сай Ересек
«Бәйшешек» тобында «Қыз еркем кестесімен көркем» тақырыбында
қолөнер сайысы болып өтті. Тәрбиешісі Битореева Гулжазира
Жылкайдаровна.
Мақсаты: Қолөнерді терең меңгере отырып,
қабілетін ұштау және қолөнерді түсініп, жоғары бағалауға,
дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиелеу.
Сайыс 9 бөлімнен болды. Тптарын таныстыру, өнер,
еңбек, шебер туралы мақал-мәтелдер, Жұмбақтар, көрме, көрініс, сән
көрсетілімі, ән-би өнері, ұлттық киім дизайны, Қиялдан шыққан
туынды. Қыздар аналарымен бірге сайысқа белсене қатысты. Барлық
қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жетісай ауданының білім бөлімінің 2024-2025 оқу
жылының «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құрылған «Әкелер
мектебі» жоспарына сай Ересек «Гүлдер» тобында «Бір әкенің
тәрбиесін жүз мектепте бере алмайды» тақырыбында пікір алмасу болып
өтті. Тәрбиешісі Турешова Лаззат Умбетовна.
Өсiп келе жатқан жас ұрпақ
бойында әкеге деген шексiз махаббат қана емес, құрмет, сыйластық
болғаны өте маңызды. Қарапайым тілмен айтсақ, бала әкесiнiң орынды
сөйлейтінін, жат әдеттер жасамайтынын, таза жүретінін, суда жүзе
алатынын, отын жара бiлетінін, сабырлық сақтау қабiлетiн үлгі етуі
керек. Сонымен қатар әкенің киiм киюi, түр-сипаты, жүрiс-тұрысы –
балаға бағдаршам.
