qwerty

Тақырып бойынша 11 материал табылды

qwerty

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Сондықтан дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады. 1.Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар: -дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі; -оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы; -дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығушылық таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі; -дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы; -дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Сондықтан дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады.

1.Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:

-дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

-оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

-дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығушылық таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

-дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

-дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;

2.Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

-өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

-қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

-жеке тұлға теориясы, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

-дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

-қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

-дарынды оқушыны оқытуы, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

-дарынды балалардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;

3.Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

-дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

-дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;

-оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруы;

-дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

-оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциялды әдісін қолдана білуі;

-оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;

-дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

-дарынды оқушының ғылыми – ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік етуі;

-дарынды оқушыны олимпиадалар -мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы;

-дарынды оқушының ата-анасына әртүрлі педагогикалық-психологиялық кеңестер беруі. (методика карта одаренности (23-28 бет) Жексенбаева У.Б метод пособие)

Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.сабақты түрлендіріп өткізу;

3.сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету;

6.ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану;

Сонымен, оқушылардың жоғары үлгерімге жетуі үшін жасалған жұмыстардан төмендегі нәтиже қорытындыланады.

Мұғалім:

-оқушының пәнге көзқарасының өзгеруіне көмектеседі;

-оқушы мен мұғалімнің байланысы, сенімі артады.

Ата-ана:

-баланың ішкі дүниесіне үңілуге көңіл аударады;

-психологиялық көңіл-күйіне көңіл бөледі;

-қалай көмектесу жолдарын іздейді.

Оқушы:

-жауапкершілігі артады;

-өзін-өзі бағалайды;

-кімнен көмек керек екенін біледі;

-не қажет екенін біледі.

Міне, осылайша жүргізілген жұмыс өз нәтижесін береді.

Бірнеше жылдар арасында балаларға тек қана білім беріп қана қоймай, үздік білім берудің жолдарын қарастырып келеміз. Осы ретте мектебімізде балалардың дарындылығын ғылыми жұмысқа арттырудан бұрын, олардың сабақ үлгерімінің жоғары болуын басты назарда ұстаудамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2022
299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі