400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қынды оюмен әрлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Қынды оюмен әрлеу, сәндеу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жасаған қынды әрлеуді, сәндеуді үйрету. Былғарыдан жасалатын бұйымдарды еске түсіру. Оқушыларды дайын бұйыммен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, алған білімін іс жүзінде пайдалануға ықпал ету. Теріден бұйымдар жасау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, іскерлікке, сақтыққа, еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: ұжымдық, сарамандық, шығармашылық Пәнаралық байланыс: биология, химия, сызу, математика. Сабақтың құрал – жабдығы: тері материалдар,қын эскиздері, қайшы, сызу құралдары, желімдер «момент» т. б. сызбалар Сабақтың көркемдігі: мақал – мәтел жазылған көркемдіктер, теріден жасалған бұйымдар, плакаттар, қайшы, сызу құралдары, суреттер. Сабақтың өту мерзімі:
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қынды оюмен әрлеу, сәндеу

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға жасаған қынды әрлеуді, сәндеуді үйрету. Былғарыдан жасалатын бұйымдарды еске түсіру. Оқушыларды дайын бұйыммен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, алған білімін іс жүзінде пайдалануға ықпал ету. Теріден бұйымдар жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, іскерлікке, сақтыққа, еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ұжымдық, сарамандық, шығармашылық
Пәнаралық байланыс: биология, химия, сызу, математика.
Сабақтың құрал – жабдығы: тері материалдар,қын эскиздері, қайшы, сызу құралдары, желімдер «момент» т. б. сызбалар
Сабақтың көркемдігі: мақал – мәтел жазылған көркемдіктер, теріден жасалған бұйымдар, плакаттар, қайшы, сызу құралдары, суреттер.
Сабақтың өту мерзімі:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

• Оқушылармен сәлемдесу;

• Оқушыларды түгендеу;

• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;

• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Қын дегеніміз не?

2. Қынның түрлерін атаңдар

3. Қынды қай жерлерде қолданады?

4. Былғары өңдеу

5. Былғары түрлерін атап көрсетіңдер

III. Жаңа сабақ.

  1. Қынды оюмен әрлеу, сәндеу

Пышақ қыны – иленген теріден жасалатын, ежелден келе жатқан бұйым. Одан әр түрлі пішінде пышақтың, қанжардың, бәкінің, кілттер жиынтығының, тіпті кез – келген кілттер жиынтығының қабын тігіп жасауға болады. Ол үшін қынның пішінінің нақты үлгі бойынша пішіп, екі дана етіп әзірлейді. Дайындалған екі бөліктің тігілетін шетін белгілеп алғаннан кейін, екі түрлі әдіспен тігеді. Біріншісі – қайыстан тігілетін арнаулы қынның тігісін ішіне жіберіп аударады. Екіншісі – тігісін сол қалпында сыртында қалдырады. Бұл шалу арқылы тігіледі. Ал көлемді бұйымдардың, мысалы, қоржынды, дорбаны, торсықты т. б. сыртынан салып тігіп, өрнек салады. Мысалы, қоржынды қара қоңыр теріден тігіп, үстіне өрнектеп кесілген ашық сары теріні тіксе, өте сәнді көрінеді. Мұндай бұйымдарды жасау үшін былғары өңдеудің технологиясын білу керек.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Пышақ қыны не үшін қажет?

  1. Пышақпен жұмыс жасағандағы ТҚЕ айтып бер

  2. Қынды оюмен әрлеу, сәндеу үшін қандай оюлар қажет?

  3. Қынның жасалу тарихына қысқаша тоқтал

Қорытынды: Міне балалар, теріден неше түрлі бұйымдар жасауға болады екен. Теріні алу, фабрикада химиялық жолмен алуды өткен сабақтардан білесіңдер. Ол теріден қазір біз алқа мен ұялы телефонға қап жасауды да үйрендік. Қажет болған жағдайда теріден өздерің ақбарлық нәрселерді қолдан жасауға дағдыланыңдар.
Оқушыларды бағалау: 
Оқушыларды бағалау парақшасы бойынша екі топ бір – бірлерін бағалау.
• Бағалау парақшасын таратып беру
• Бір - бірін бағалау
• Журналға қою.
Үйге тапсырма беру: дайын бұйымды көрмеге дайындау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі