Материалдар / Қыпшақ хандығы ҚМЖ 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыпшақ хандығы ҚМЖ 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыпшақ хандығы презентация: https://youtu.be/0xV0SyXQZaY?si=y9Ecu69xlfXyxM9T
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
162
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қыпшақ хандығы

Бөлім:

X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Қыпшақ хандығы
Зерттеу сұрағы: Не себепті Еуразия даласы "Дешті Қыпшақ" деп аталды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.3.2.4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау

6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану

Сабақтың мақсаты

  • Қыпшақтардың этникалық, қоғамдық-саяси даму ерекшеліктерін, қоныстанған аумағын талдау;

  • Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, көрші елдермен қарым-қатынасын талдау, қыпшақтардың қазақ халқының ата-тегі екендігін дәлелдеу.

Бағалау критерийі

Білу және түсіну: Бейнематериалдың негізінде:

  • Батыс және Шығыс Дешті Қыпшақ аумағын, оның орталығын және Дешті-Қыпшақпен шекаралас мемлекеттерді белгілейді;

  • Қыпшақтардың этникалық құрылымы мен қоғамдық құрылысы деп аталатын мозайканы құрастырыады;

  • Қыпшақтардың шаруашылығы мен тұрмысын анықтайды.

Қолдану: Мәтіннің негізінде:

  • Қыпшақтар қарым-қатынас орнатқан елдерді анықтайды және сипаттайды.

Талдау: Оғыздар мен қыпшақтардың аумағын салыстырып, ұқсастығын анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Қыпшақ хандығы туралы бейнематериалды тыңдап, тапсырмаларды орындайды (тыңдалым дағдысы).

Мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым және жазылым дағдысы).

Оғыздар мен қыпшақтардың аумағын салыстырады. (айтылым дағдысы).

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • Елбөрілі, половецтер, кундар, командар, яланкуг, орда

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Қыпшақ хандығының этникалық құрылымы.... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қыпшақ хандығының әкімшілік құрылымы.... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қыпшақтардың шаруашылығы мен кәсібі... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Дешті Қыпшақтың Киев Русі/Хорезм/ Византия мемлекеттерімен қандай-қарым қатынасы... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытындысында... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Біздің тобымыздың ойынша...

Қыпшақтардың басты жетістіктері ...

Бірқатар факторлар ... ... ... .. ... қазақ халқының қалыптасуын баяулатты.

Құндылықтарды дарыту

Қыпшақтардың елін, жерін қорғауы, әскери өнерін білуі арқылы патриотизм, өз елі үшін мақтаныш, құрмет құндылықтарын бойына дарыту

Пәнаралық байланыстар

Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру

АКТ қолдану

дағдылары

Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады

Бастапқы білім


Орта ғасырлық Қимақ мемлекетінің географиялық орналасуы, саяси тарихы, шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин




3 мин








1 мин


  • Ұйымдастыру сәті (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тиянақтылығын қадағалау).

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

  • Оқушыларды 3 топқа бөлу.


Ой шақыру. Оқушыларға жаңа ұғымдар көрсетіледі, және жаңа ұғымдар туралы не білетіндерін сыныпта талқылайды.

  • Қыпшақтар

  • Половецтер

  • Кундар, командар

  • Орда

  • Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

(М) Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады.






Презентация

1-слайд







2-слайд

Сабақтың ортасы


5 мин





















5 мин




















5 мин










10 мин
























«Білу және түсіну» дағдысына негізделген тапсырма

(Т) Тапсырма 1. Топтық жұмыс.



1-топ. Картамен жұмыс. Батыс және Шығыс Дешті Қыпшақ аумағын, оның орталығын және Дешті-Қыпшақпен шекаралас мемлекеттерді белгілеңіз.

Дескрипторлары:

    • Дешті Қыпшақ аумағы, оған көршілес мемлекеттерді анықтайды (Қарақытай мемлекеті, Хорезмшах мемлекеті, Византия империясы, Киев Русі, Венгрия);

    • Батыс және Шығыс Дешті аумағын анықтайды (Қара теңізден Еділге дейін, Еділден Алтайға дейін);

    • Сол және оң қанат орталықтарын белгілейді (Сол қанат-Сығанақ, оң қанат -Орда)


2-топ. Мозайка құрастырыңыз. Қыпшақтардың этникалық құрылымы мен қоғамдық құрылысы деп аталатын мозайканы құрастырыңыз.

Этникалық құрамы


Батыс қыпшақ

Қыпшақ хандығының сол қанаты




11 тайпа

Елбөрі руынан шыққан хандар басқарды


Қоғамдық құрылысы



Бектер


Ру-тайпа көсемдері

Дескрипторлары:

  • Қыпшақтардың этникалық құрылымы деп аталатын мозайканы дұрыс құрастырады;

  • қоғамдық құрылысы деп аталатын мозайканы дұрыс құрастырады.


3-топ. Қыпшақтардың шаруашылығы мен тұрмысын анықтаңыз (негізгі шаруашылықтарын анықтау)

Дескрипторлары:

Қыпшақтардың шаруашылығы мен тұрмысын талдайды (кем дегенде 2 ерекшелігін табады)


Бағалау. оқушылар бір-бірін бағалайды.


«Қолдану» дағдысына негізделген тапсырма

(Т) Тапсырма 2. Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға мәтін таратылады және мәтінге байланысты кесте толтыру тапсырылады.

Қыпшақтар Еуразияда

Қыпшақтар Грузияда

Қыпшақтардың грузин тарихындағы орны ерекше. Давид Агмашенебели патша шайқас кезінде қыпшақтардың көмегіне, әсіресе ақылы мен парасатына сүйенді. Олар шетінен ержүрек, әсіресе рухы күшті еді.

Қыпшақтар Египетте

Тұтқынға түскен қыпшақтарды венециялық көпестер Мысырға (Египет) апарып сатты. Уақыт өте келе Мысырдағы қыпшақтар көбейіп, Мысыр сұлтаны олардан ерекше жасақ құрды. Ол жауынгерлер «мəмлүктер» деген атпен белгілі болды.

Қыпшақтар Венгрияда

Венгриядағы қыпшақтар XIX ғасырға дейін өздерін «қыпшақтармыз» деп келген. Ол кезде олардың саны 200 мыңдай адам болатын. Венгр армиясының əйгілі атты əскері, негізінен, қыпшақтардан құралғаны белгілі.

Қыпшақтар Русьте

Қазан мен Қырымда қыпшақтар барлық уақытта билеуші тап болып, олардан үнемі қарашылар (уəзірлер) сайланып отырды.

Қыпшақтар Өзбекстанда

Қыпшақтар Қоқан хандығында билеуші тапты құрады. Шаһар жұртын үрейде ұстаған əйгілі əмірші Мұсылманқұл мен оның ұлы Əбдірахман, сондай-ақ Ташкентті қорғаған (ген. Черняев шабуылынан) Əлімқұл молда қыпшақтар еді.

Кестені толтырыңыз

Қыпшақтар қарым-қатынас орнатқан елдер

қарым-қатынас түрлері

Киев Русі


Хорезмшах мемлекеті


Венгрия


Еуропа елдері


Египет


Дескрипторлары:

  • Қыпшақтардың Киев Русімен қарым - қатынасын сипаттайды;

  • Қыпшақтардың Хорезмшах мемлекетімен қарым - қатынасын сипаттайды;

  • Қыпшақтардың Венгриямен қарым - қатынасын сипаттайды;

  • Қыпшақтардың Еуропа елдерімен қарым - қатынасын сипаттайды;

  • Қыпшақтардың Египетпен қарым - қатынасын сипаттайды.


Бағалау. Мұғалімнің бағалауы

Презентация



















































Қосымша 1

Сабақтың соңы

5 мин





















4 мин








Қорытындылау. Оғыздар мен қыпшақтардың аумағын салыстырып, ұқсастығын табыңыз.

Жауабы:

Оғыздар даласы

Ұқсастығы

Қыпшақтар даласы

Араб географтары Х ғасырда Алтай мен Еділ арасындағы кең байтақ өлкені «Мафазат əлгузия», яғни «Оғыздар даласы» деп атады.

Алтай мен Еділ арасындағы кең байтақ өлке – қазіргі менің отаным Қазақстан жері.

Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағасына дейінгі аумақ ХІ ғасырдан бастап араб деректерінде «Дешті Қыпшақ» немесе «Қыпшақтар даласы» деп атала бастады.


Рефлексия.

Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игерілгенін көрсетеді. Мысалы, «Менің бүгін білгенім» деген тұсқа оқушылар тапсырмаларды толық, түгел түсіндім десе; «Менің бүгін үйренгенім» деген тұсқа оқушылар тапсырмаларды орындауда сөйлем құрап, өз пікірімді ортаға салып және нақты дәйектермен дәлелдеп үйрендім деуі мүмкін; ал «Менің байқағаным» деген тұсқа оқушылар тапсырмаларды орындауда Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын ерекше болғандығын байқадым деп жауап берсе, «Мен келесі мәселелер бойынша көбірек білгім келеді» деген Дешті Қыпшақтың Киев Русі/Хорезм/ Византия мемлекеттерімен қарым-қатынасы туралы көбірек білгім келеді деп жауап беруі мүмкін.

Үлгі:

-Менің бүгін білгенім...

-Менің бүгін үйренгенім...

-Менің байқағаным...

-Мен келесі мәселелер бойынша көбірек білгім келеді...

Презентация































Үйге тапсырма

«Қыпшақтар неліктен моңғолдарға қарсы төтеп бере алмады?» тақырыбына өз ойын жазу.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!