Қыран құс - қазақтың киелі құсы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыран құс - қазақтың киелі құсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, сынып жетекшілерге бір көмегі болар деген мақсатта жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс шараның тақырыбы: Қыран құс –қазақтың киелі құсы

Мақсаты:

Қыран құстың қадір –қасиетін біліп, оны қастерлеуге бағыттау.Қазақстанның көк туындағы қыран құстың мәңгілік қалықтауына боашақ жастардың үлкен үлесі бар екендігін ұғындыра отырып, отансүйгіштікке, шынайылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Қыран құс туралы мағлұматтарын жетілдіреді.Қыран құстың қадір – қасиетін жете түсінеді. Көк тудағы қыран құсты бағалай алады.Отансүйгіштік, еңбекқорлық қасиеттері артады.

Көрнекілігі:интербелсенді тақта, слайд, түрлі – түсті қағаздар, А-4,А-3 қағаздары, Қазақстан Республикасының көк туы, Рухани жаңғыру логотиві

Жүрісі:

І.МИға шабуыл

Рухани жаңғыру логативін тақтаға шығарып, оқушылардың ойын тыңдау

Видеодан «Қазақтың құсбегілік өнері» тақырыбында үзінді тамашалу)

ІІ. Топқа бөліну

«Қыран», «Бүркіт», «Қаршыға»

ІІІ.Не білеміз?(ой бөлісу)

1.Қазақстанның көк туында неге қыран құс бейнеленген?

2.Қазақ халқы бүркітті қалай пір тұтқан?

3.Бүркітпен емдеу дегенді естіп пе деңіз, ол туралы не білесіз?

4.Бүркіт жасын қалай топтайтынын білесіз бе?

5.Жыртыш құстарға қандай құстар жатады?

6.Құстардың тағы қандай түрі бар?(бейбітшілік құсы, махаббат құсы т.б)

7.Қыранға байланысты қандай нақыл сөздер, мақал – мәлелдер білесіздер?

ІV.Біле жүрейік!

Тұғын – құсты қондырып қоятын орын, жабдық. ол көшпелі тұрмысқа лайықты ағаштан жасалады.

Ырғақ – түзден түске асау құстың аптығын басып, біршама ырыққа көндіруге арналған орнықсыз, ырғақты тұгыр.

Биолай – бүркітшінің оң қолына киетін қолғабы. Ол буркітті қолға қондырғанда , алып жүргенде бүркіттұяғы қолды зақымдамауы үшін жасалған .

Томаға – бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып тұратын бас кйім.

Сопыаяқ – ағаштан жасалған бүркітке жем беретін ыдыс.

Балдақ — құсты ат үстінде алып жүруге арналған, құс салмағынан қолдың талмауы үшін оң қолдың білегін сүйеп отыратын, ашасында жұмсақ тіреніші бар тіреу.




Бүркіт жасын есептеу

  • 1 жасында – балапан

  • 2 жасында – қан түбіт

  • 3 жасында – тірнек

  • 4 жасында – тас түлек

  • 5 жасында – мұз балақ

  • 6 жасында – көк түбіт

  • 7 жасында – қана

  • 8 жасында – Жана

  • 9 жасында – май түбіт

  • 10 жасында – барқын

  • 11 жасында – баршын

12 жасында – шөгел. 

V. Көр.Ой бөліс!

«Жомарт адам – қыран құс, сараң адам – жапалақ» тақырыбындағы видео роликті тамашалау.Сол бойынша ойларын ортаға салу(5 минут)

VІ.Үйге тапсырма

ҮШ топ оқушылары өздері дайындап келген көріністерін ортаға салады

ІХ.Қорытындылау

Попс әдісі

Менің ойымша.....

Себебі.....

Мысалы.....

Қорыта айтқанды.......

Мұғалімнің қорытынды сөзі


Қыран туралы өлең жолдарымен, патриоттық әндермен сабақты аятау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2018
1651
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі