400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қырық өтірік

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет пәнінен Қырық өтірік тақырыбы
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі

Мақсаттары:

1.Білімділік. Ертегідегі Тазша бала бейнесін талдай отырып, кейіпкерге талдау үлгілерін үйрену

2.Дамытушылық.Салыстыру, көркем бейнелі тіркестерді тапқызу арқылы ізденгішдікке, Тазша бейнесін сомдату арқылы әртістікке, өз ойларын жүйелі жеткізуге баулу

3.Тәрбиелік. Кейіпкер бойындағы байқампаздыққа, тапқырлыққа, батылдыққа, шешендікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Түрлендеірілген сабақ


Көрнекі құралдар: Тазшаның суреті, сахнаның безендірілуі, кубизм әдісінің

тапсырмалары жазылған кесте


Сабақтың барысы

Үй тапсырмасын сұрау. 1. Ертегіні бөлімдерге бөліп ат қою.

2. Сахналық көрініс (Хан бұйрығы, тазшаның әңгімесі)

І. Қызығушылықты ояту.

Мұғалім: Оқушылар, бізге ертегілер әлеміндегі тазша баладан хат келіпті. Хатында

«Сәлеметсіңдер ме, менің қымбатты достарым! «Қырық өтірік» ертегісін оқып, менің тапқырлағыма, шешендігіме тәнті болған шығарсыңдар. Тұрмыстық, шаруашылық заттар мен жан-жануар, жәндіктер, яғни табиғат әлемін қисыннан қиыстырып, әңгіме, өлең құрастырдым. Бұл менің көп білетіндігім, білімділігім. Сондықтан алға қойған мақсатыңа жету үшін білімді болу қажет. Менің басқа да қырларым өте көп, сіздерді ертегілер әлеміне терең еніп, үлгі алуға шақырамын» депті. Ендеше Тазша бейнесін жан-жақты талдайық.

ІІ. Мағынаны тану. Кубизм әдісі

І. Мінездеу. ( Тазша балаға мінездеме жасау)

ІІ. Салыстыру (Тазша бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру)

ІІІ. Зерделеу (Тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріп

жазу)

ІV. Бейнелеу (Ертегіден ұнаған тұсының суретін салу )


Мінездеу

Мінезі

Қай оқиға тұсында

Батыл, өжет

Ханның алдына келуі

Тапқыр


Әңгіме, өлең шығаруы

Шапшаң

Шешен

Білімді, ақылды


Салыстыру. Венн диаграммасы

-Тазша бала (ерекшелігі)

Ұқсастығы

Аяз би (ерекшелігі)

-Тазша өзі 40 өтірік әңгіме, өлең шығарды

Екеуі де хан бұйрығын орындады

-Ханның сұрақтарына тапқырлықпен жауап берді.

-Хан алдына өзі келді

Екеуі де тапқыр

-Ханның алдына уәзірлері әкелді

-қиялшыл

Екеуі де ақылды

-сыншы


шешен



батыл



Зерделеу. Үмітсіз шайтан, «Ер еңбегіне бір тойсын», біте қайнаған замандас

ІІІ. Толғаныс. Автор орындығы

Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Тазша бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Тазша бала болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Тазша болғысы келеді.

(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )


Үйге тапсырма беру: Өтірік өлең құрастырып келу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1146
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі