Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыс" даярлық сыныбына арналған қайталау сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Тақырыбы: «Қыс»

Мақсаты: 

Білімділік: Қысқы  табиғат  өзгерістерімен таныстыра отырып,  бақылпа , Қас мезгілінің   ерекшелігін, әсемдігін түсіндіру. Қыс тақырыбы бойынша, окушылардың білімдерін кеңейту.


Түзете-дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беруге үйрету.Логикалық ойлауын, ұсақ моторикасын, есте сақтау қабілеттерін және қиялын дамыту.


Тәрбиелік: Табиғатты  аялауға , қамқорлық  жасай  білуге және бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, боямақтар және аудиожазба.

Сабақтың әдіс-тәсілі: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру,

Сабақтың барысы:

  • Аяз қысып,
    Өрнек сызып,
    Терезені торлайды.
    Қарға омбығып,
    Бет домбығып,
    Сырғанап балалар ойнайды. /Қыс/

  • Балалар сендер қандай жыл мезгілін білесіңдер?

  • Мына суретке қарап неше жыл мезгілі бар екенін санап көрейікші.

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

  • Қыс мезгілінде сендерге қандай құбылыстарымен ұнайды?

  • Балалар қыста айнала неге оранады?

  • Біз қандай киімдер киеміз?

  • 1 баланың сыртқы киімін алып келіп, баларға әр киімге жеке тоқталып, таныстыру.

Ойын: «Хоккей»

Шарты: Көлемі үлкен төртбұрышты ыдысқа алдын-ала мұз қатырылады.Ыдыстың екі шетіне арнайы хоккей қақпасы орнатылады.Ортаға көлемі кіші шашки тасы қойылады.Ойынға 2 бала қатысады.Хоккей таяғының орнына баолмұздақ таяғын қолданамыз.

   Балалар жаңа жыл мерекесі сендерге ұнайды ма?Бізге аяз ата бір шана жасырып кетіпті. Сендер сол шана қай жерде жасырынғанын, ішінде қандай сыйлқ бар екенін маған табуға көмектесесіңдер ме.Аяз ата бізге бірнеше қорап қалдырыпты.Әр қораптың ішінле бір тапсырма бар екен.

1 қорап- «Қай мезгіл?» ойыны

Шарты: Балаларға 4 жыл мезгілі кесте бойынша әр қайсында 8 ұяшықтан ұсынылады. Сонымен қатар әр жыл мезгіліне арналған 8 қима суреттер ұсынылады.Балалар қима суреттерді өз ұяшықтарына салады.

Сергіту сәті

  • Қыс мезгілінде біз нелермен ойнаймыз?

  • Қанекей жерге еңкейіп қолымызға қарды алайықшы.

  • Ал енді ойнымызды бастауға әзірленеміз?

  • Ойнымызды бастаймыз.

  • Балалар барлығымыз бірге аққала жасаймыз ба?

  • Олай болса алғашқы бөлігін, үлкен домалақты әзірлейміз

  • Екінші бөлігін, үлкенірек домалақты әзірлейміз

  • Соңғы бөлігін, басын домалақтаймыз

  • Жарайсыңдар енді аққаламызға не жетіспей тұр?

  • Мұрынын, көзін, түймелерін, бас киімін әзірлейміз.

  • Балалар нұсқаулықты балалар көз алдыларына елестете отырып, орындайды


2- қобдиша: «Дауысын тап»

Шарты: Әртүрлі табиғат құбылыстарының дыбыстарды балалар назарына ұсынамыз.Балалар түрлі дыбыстарды ести отырып, қыс мезгіліне тән дыбыстарды табуы қажет.

Жарайсыңдар балалар біз Аяз ата қалдырған қобдишаны ашып ойын шарттарын дұрыс орындадыңдар. Енді біз Аяз ата қалдырған сыйлықтың қай жерде тұрғанын таптық.

Аяз ата сендерге боямақ пен қарандаш қалдырыпты.Ал Аяз ата бұл тапсырманы сендерге үйде орындауға беріпті.

Бекіту сұрақтары:

  • Неше жыл мезгілі бар?

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

  • Қыс мезгіліне тән қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12