Қыс кереметі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс кереметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек топ: «Ботақан»

Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы:

«Қыс кереметі» (Сөйлеуді дамыту)

Мақсаты:

Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

Тіл байлықтарын молайту.

Қысқы табиғат құбылыстарын бақылауға үйрету.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын материал:Қар ,су,мұз,түрлі-түсті карандаштар,желім,қысқы табиғат көріністерінің суреттері.

Балалар «Ерке сылқым»күйімен топқа кіреді.

Шаттық шеңбер:

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

Тәрбиеші:Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?(төрт,қыс,көктем,күз,жаз)

Тәрбиеші:Балалар,сендер балабақшаға келе жатқанда ауа-райы қандай болды?(суық,аяз)

Сендер қалай киініп келдіңдер?(жылы,шапка,шарф,қолғап,жылы куртка)

Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?(қар атысып,шаңғы,шана тебеміз,аққала жасаймыз)

Тосын сәт:Хат тасушы(амандасады)

Хат тасушы:Балалар бұл «Ботақан»тобы ма екен?

Мен сендерге хат алып келдім.

Тәрбиеші:Рахмет.Бұл хат кімнен болды екен?Ашып .оқып көрейік .



Сәлеметсіңдер ме,достар!Мен Қыс ханшайымы боламынМен өте суық қарлы жерде өмір сүремін,бірақ түлкі мені алдап орманға алып келді.

Мен бұл жерде ұзақ тұра алмаймын.Сендердің маған көмектерің керек.Ол үшін түлкі сендерге тапсырма жібереді,сендер соны орындауларың керек.(Көмектесеміз бе?)

Ғажайып сәт:

Балалар қараңдаршы бізге кім келді?(Аққала)

Түлкі тапсырманы Аққаладан беріп жіберіпті.

1-ші тапсырма:Қардың қасиетін анықта.

Қар дегеніміз не?

Қар жауын-шашын түрі,бұлттан жауады.

Кіп-кішкентай мұз кристалдардан тұрады.

Аязды күндері қиыршық,жылы күндері жапалақтап жауады.

Енді қардың қасиетін анықтау үшін тәжірибе жасаймыз,ол үшін біз зертханаға барамыз.

Бізде столдың үстіндестаканда су,қар,мұз тұр.

Қар аппақ,суық,жеңіл,иісі жоқ осы қарды суға салсақ еріп кетеді,ол суды ішуге болмайды(суық,лас)

Суды тоңазытқышқа салса мұзға айналады.Мұз қатты,суық,суға салса еріп кетеді.Тек суық жерде қалпын сақтап тұрады.

Біз 1-ші тапсырманы орындадық.

Сергіту сәті:Боран даусы

Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар атысып ойнасақ

Су болады қолғаптар.

2-ші тапсырма Аққаланың бейнесін құрастыру немесе балпанақ(пингвин)суретін бояу.

Ол үшін біз « Өнер»орталығына баруымыз керек.

(Жасанды интелект технологиясын пайдаланып суреттерге

жан бітіру)

3-ші тапсырма «Қысқы серуен» суреттерге қарап әңгіме құрастыру. Ол үшін біз «Көркем әдебиет» орталығына баруымыз керек

Суретке қарап қыс туралы әңгіме құрастырамыз.

Балалар біз үш тапсырманы да орындап шықтық.Біз Қар ханшайымына көмектестік.Ендеше балалар біз аққаламен қоштасайық.

Бүгінгі іс-әрекетімізді қорытындылайық.

Қорытынды:Сұрақ-жауап.

Марапаттау.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі