Қыс мезгілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыс мезгілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілі
Материалдың қысқаша нұсқасы











Ж ұмбақтар


Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.

(Аяз)


Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.

(Қар)


Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады?
(Қыс)


Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді.

(Аяз ата)

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)






Терезені өрнектеп,

Әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)


Қыс түсіп, қар жауса, кілең

Дала кезіп тыншымайды.

Көрінбейтін саусағымен

Бетті аямай шымшылайды. (Аяз)


Бет-аузыңнан сүйеді,

Ерні суық тиеді.

(Аяз)


Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.

(Қырау)


Тікен,тікен тік пістe.

Қысы жазы бip түсте (Шырша)


Табан тайған,
Қатып қалған,
Жылтыр айнам.    (Мұзайдын).


Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолын тоңады.

(Қар)



Қ ыс мезгілі



Желтоқсан, ай бұл қыс бастаған.

Қаңтар, айнала ақ қар.

Ақпан, суықтан сақтан.

Қыс келді. Желтоқсан - қыстың алғашқы айы. Далада қар жауады. Ағаштардың бұталарын қырау басады Күн суытып, боран соғады... Қоңыр бұлт астынан күн әлсіз сығалайды. Сондықтан да қысты «тұнжыр қыс деп атайды». Күн қысқа, түн ұзақ, бұл айда күн көзі сирек көрінеді. Желтоқсанда түнде қатты аяз болады, өзендер мен көлдерде қалың мұз қатады. Қыс мезгілінде Жаңа жыл мерекесі болады. Жаң жыл мерекесінде шырша құрып, безендіреді. Аяз ата мен Ақшақарға балалар тақпақ жаттап, өлең айтады. Би билеп, шыршаны айналып, ән салып қызықтайды. Балалар коньки теуіп, шанамен сырғанайды. Аққала жасап, қар атысып ойнайды.

Қаңтар-Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық,үскірік аяз болады.

Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады.








Қ ыс туралы тақпақтар


Қар жауады жапалақтап, 
Дала аппақ қарашы.
Шаңғыменен ойнаймыз біз,
Қыс келбеті тамаша!

Ауыл сырты-биік жар-
Бізді күтіп тұр қарап. 
Төбесіне шығып-ап, 
Жөнелеміз сырғанап. 

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.
Бау-бақшаны, тауды да,
Бояған ақ түспенен.


Ақ шанамыз зырлайды
Ақ қар оны шыңдайды
Біреу шаңғы тебеді
Құйындатып келеді.















Мұз қатып көлдерге,
Қар қонып белдерге
Сырғанақ тебейік
Аппақ қыс келгенде

Суреттерді әр үйге
Әйнектердің бәріне
Өзі салып береді.
Көзі қалай көреді

Аппақ қар айнала
Көңілді балалар.
Сырғанақ ойнаймыз
Зулайды шаналар
.


Ақ түсті бояуы,

Дауылы,бораны

Айналаны орайды,

Ақ түс болып даланы.


Ұшан-теңіз қалың қар,

Жерді жауып болады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.


Қыс келді алақай,

Ақ күміс қар жауады.

Ағаштар,бұталар,

Ақ қарға оранды.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
736
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі