"Қыс мезгілі" Түзете-дамыту сабақ жоспары 3 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қыс мезгілі" Түзете-дамыту сабақ жоспары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қыс мезгілі". Дефектологтың сабақ жоспары, 3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: __________

Сыныбы: 3-сынып

Пәні: Ана тілі

Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: «Қыс мезгілінің ерекшеліктері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Табиғат көрінісін сипаттап, қыс қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Түзету-дамытушылық: есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорын молайту. Қыс тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, меңгерту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: мұғалімді мұқият тыңдауға, ұқыптылыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Дұрыс, орынды сөйлей білуге тәрбиелей отырып, көркемдеп сөйлей білуге үйрет, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: презентация, түрлі-түсті қарындаштар, тапсырма жазылған қағаздар, ассоциация, сөзжұмбақ суреттері, қыс туралы бейнебаян, сөздік, сөздерді ажыратуға арналған тапсырмалар.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру, ойын.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Амансың ба,алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Амансың ба, қонақтар!

Сабақты біз бастайық,

Білім құлпын ашайық!



ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім: Оқушылар, біз бүгін жаңа тақырып өтеміз. Жаңа сабақтың тақырыбы «Қыс мезгілінің ерешеліктері. Сөз» деп аталады.

- Балалар, әлемдегі барлық дүние түрлі нәрселерден құралады. Мысалы, жаңбыр су тамшыларынан, орман ағаштардан тұрады. Сол сияқты біздің сөйлеу тіліміз сөйлемдерден тұрады.

- Ал сөйлемдер неден құралады?

- Сөздер неден құралады?

- Дыбыстар ше?

- Енді барлығымыз тақтаға назар аударайық! (қыс мезгілінің белгілері, ерекшеліктері туралы видео көрсетіліп, сұрақтар арқылы талқыланады).

- Оқушылар, бүгін бізге қонаққа «Аққала» келіпті. Ол өзімен бірге қызықты тапсырмалар ала келген екен. Орындаймыз ба, балалар?

- Оқушы: Ия.

- Аққала бізге сөздер де алып келген екен. Ең алдымен қыс мезгіліне байланысты сөздермен сөздік жұмысын жасаймыз! (екі тілде сөздермен танысып, қайталайды).

  • Қар – снег

  • Аяз – мороз

  • Шана – сани

  • Мұз – лед

  • Шырша елка

  • Коньки коньки

  • Өрнек – узор

  • Ысқыру – свистеть

  • Ұлу – выть ( ветер воет)

ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

«Аққала» сөзжұмбағы (сөзжұмбақ тақтаға ілінеді, сұрақтарын мұғалім оқиды)

  1. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны. (аққала)

  1. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады. (қар)

  1. Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс)

  1. Қыста қалың ұйқыға кететін аң? (аю)

  2. Бір ін,

Бір іннің ішінде бес ін. (қолғап)

  1. Қыста үйге кірмейді

Жазда жүрмейді. (шана)

2-тапсырма.

«Қыс» сөзіне ассоциация

Мұғалім: Балалар, мен тақтаға тапсырманы ілемін. «Қыс» сөзіне байланысты сөздерді жазу керек. Кезек-кезек шығып жазамыз. Тапсырма түсінікті болса, іске сәт! (тапсырма тақтаға сол кезде ғана ілінеді).

Болжамды жауаптары: қар, сырғанақ, аққала, салқын ауа райы, адамдар жылы киінеді, боран соғады, жаңа жыл мерекесі, шана, шаңғы тебеді, жануарлар ұйықтайды.


ІV.Сергіту сәті.

Саусақ жаттығуы

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз

Бесті беске қосамыз.

Кел, санайық, ал мұны

Нешеу болды барлығы?



3-тапсырма.

«Бояусыз қыс» ойыны

Мұғалім: Оқушылар,мен сіздердің әрқайсыңызға сурет таратамын, сіздердің міндеттеріңіз асықпай, ұқыпты бояу (балаларға боялмаған суреттер таратылады).

4-тапсырма.

«Тауып көр» ойыны. Жұмбақтарды шешу. Жауаптарын суреттер арқылы тексеру. Балалар кезекпен оқиды.

1. Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ жүреді.

Аузы жоқ ұлиды. (Боран)

2. Зулап түстім төменге

Шықпас менсіз төбеге. (Шана)

3. Құлағы жоқ, көзі жоқ,

Жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз

Мәнерлеп ою ояды. (Аяз)

4. Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың. (Қыс)

5. Табанға тақтым, зырлап тептім.  (Коньки)

6. Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды. (Қыс)

- Балалар, келген қонағымыз өте қуанышты, бізбен өткен сабағы қызықты болып, өз рахметін айтып жатыр. Қане, біз де рахмет айтып, қоштасайық!

Оқушы:Рахмет Аққала! Сау бол!

V. Кері байланыс

Сұрақ-жауап әдісі арқылы.

Мұғалім: Сөздер неден құралады?

Оқушы: Әріптен.

Мұғалім: Сөйлемдер ше?

Оқушы: Сөзден.

Мұғалім: Біз бүгін қай мезгілмен таныстық?

Оқушы: Қыс мезгілімен.

Мұғалім: Қыста қандай құбылыстар болады?

Оқушы: Қар жауады, боран соғады, т.б.

Мұғалім: Қыста ойналатын қандай ойындармен таныстық?

Оқушы: Шанамен, шаңғымен сырғанау, коньки..

Мұғалім: Қыста қандай жануарлар ұйқыға кетеді?

Оқушы: Аю, кірпі, тиін.

Мұғалім: Қыста қандай мерекелер болады?

Оқушы: Жаңа жыл, Президент күні, Тәуелсіздік күні.

Мұғалім: Жарайсыздар, балалар!

VІ. Қорытынды

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2024
133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі