400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыш құмыра

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұнда біз қыш құмырадан шеберлік сағатын беріп жатырм оқушыларды қалай құмыра жасауға қызығушылығын ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

 

Шеберлік сынып  

Тақырыбы

Қыш құмыра жасау әдістері

Мақсаты

Қыш құмыраны безендіру әдістерін үйрету.

Күтілетін нәтиже

*Қыш құмыра түрлерімен танысады.

*Құмыраны безендіру ретін түсінеді.

* Теориялық білімін іс- тәжірибеде қолданады.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

 Бізге керкегі саз балшықтар,резак, балшық модельдеу құралдары,және бояу.

Сабақтың барысы

Уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

5-мин

Бой сергіту.

Дене жаттығуын орындайды.

Тұсаукесер:

 

10-мин

Қызығушылығын ояту      

   Құмыра жайлы ертегі
 Бір қарт адам екі ұшына құмыра ілінген жуан таяқты мойнына асып, бұлақтан үйіне су тасиды екен. Бұл құмыралардың бірінің жанында жарықшақ бар екен. Үйге жеткенше судың жартысы тамшылаумен азайып қалады екен. Ал екінші құмыра бүтін кемшіліксіз болыпты.
Қария үйіне жеткенде бір жарым құмыра су қалады екен. Бүтін құмыра өз міндетін таза орындаған үшін қатты тәкаппарланытын көрінеді, ал жарық құмыра болса қатты ұялып өкінеді екен. Екі жыл өткен соң бір күн тесік құмыра, қарияға былай депті:
- Қатты ыңғайсызданып жүрмін. Бүйірімдегі жарықшақтың кесірінен тасыған судың жартысы үйге жеткенше босқа төгіліп жатыр. Сонда қария күлімсіреп құмыраға былай депті:
- Сен ештеңені байқамадың ба? Сен жақтағы жолдың тұсы гүлдерге толы. Ал екінші құмыраның тұсында ешқандай гүл жоқ. Мен о бастан сенің бүйіріңдегі жарықты біліп, сол тарапқа гүлдің тұқымын еккен болатынмын және күнде мен су тасығанда сен ол гүлдерді суарып өтесің. Екі жыл болды сол әдемі гүлдерді жинап үйімді сәндеп жүрмін. Егер де сенің сол тесігің болмағанда, үйімді осыншама көркейтіп, гүлдендіре алмас едім  депті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Өз пікірін білдіреді

 

Негізгі бөлім

 

     

25-мин

 

 

 

Жаңа ақпарат  

Құмыра– қыштан, шыныдан саз балшықтан жасалған ыдыс. Қыш Құмыраларлар Қазақстан жерінде неолит дәуірінен бастап белгілі. Бертін келе шыны Құмыралар пайда болған.Әсіресе, археологиялық қазба кезінде табылған көне мұралар ішінен қалыпқа құйып, күйдіріп жасалған әшекейлі қыш

 

Құмыралар көптеп кездеседі. Ескерткіштердің хронологиялық мерзімін, археологиялық мәдениеттерді анықтауда олардың маңызы өте зор. Ортағасырлық Ақтөбе қалашығында қыш ыдыстар жасайтын үлкен пештер болған. Отырар қаласының орнын қазғанда сынбай сақталған әдемі Құмыра күйдіру пешінің ішінен табылған. Құмыраның көлемі әр түрлі, кейбір үлкен 50 — 60 кг ұн сиятын болған. Күйдіру кезінде құмыраның пішінін бұзбай қатыру үшін пеш ішінде бірқалыпты жоғары температурада сақталған.

 

Құмыра көбіне бүйірлі, ернеулі, ұзын мойынды, кейбірі тұтқалы болып келеді Құмыралар су тасуға,тамақ сақтауға арналды. Ас құйятын құмыралар иі қандырылған балшықтан жасалды.

 

VI-XIII ғасырдың құмыралары ұзын ,жіңішке мойынды,түбі жайпақ, бүйірі шығынқы келеді. Сұйық құйылатын шүмекше жапсырылып, сырты күрең-қызыл шыңылтыр бояумен жылтырата боялған. Құмыраның тағы да түрінің бітімі жұмыртқа не алмұрт тәрізді, қысқа мойынды, ернеуінде үш бұрышты шүмекшесі бар, сырты сарғылт, жасыл түспен боялған.Ал шаруашылыққа ұсталатын қыш кеспектердің аузы кең,астық және т.б. тағамдар сақтауға қолайлы келеді.

   Қазіргі кезде кеңселерді немесе сауда орталықтарын әдемі гүлге арналған құмыралармен безендіру, қыштан жасалған картиналар ілу мен фотосуреттерді қолдан жасалған рамкаларға орналастыру бүгінде үлкен сұранысқа ие.
    

  

 

Жаңа ақпаратпен танысады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

5-мин

 

Керібайланыс  «сэндвич» әдісі.

І.Не ұнады?                                                                                                        2.Не нәрсені жақсарту керек.?                                                              3.Маған ұнады ,бірақ келесі жолы....

Оқушылар сабақтан өң бойына алған білімдерін ойларын  жинақтап қортындылайды.

 

 





Оқушылардың жасаған жұмыстары.

Жұмыстың I-ші,II-ші кезеңдері

Picture 11 Picture 9 Picture 1 Picture 12 Picture 7 Picture 6

Жұмыстың III-ші кезеңі

Ержанова Армангуль Еламановна 87058529894

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 сәуір
28
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі