Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қыс қызығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу. Тақырыбы: «Қыс қызығы» Мақсаты:Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін үйрету.Жұмсақ мақта таяқшаларымен жұмыс жасауға дағдыландыру. Эстетикалық талғамға,ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты:Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін үйрету.Жұмсақ мақта таяқшаларымен жұмыс жасауға дағдыландыру. Эстетикалық талғамға,ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу,сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекілік:Плакаттар,демонстрациялық материалдар.
Құрал-жабдықтар: Гуашь, картоп, мақталы таяқша, жұмсақ мата(губка), сулық, картон,
Сөздік-жұмыс: Қар-снег-snow, қыс-зима-winter, табиғат-природа-nature

1 ҰОҚ барысы

Шаттық шеңбер

Шаттанамын, күлемін.

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде,

Досым көбін білемін.

- Сәлеметсіңдерме балалар?

- Балалар, қазір бізде қандай жыл мезгілі?

(Қыс мезгілі)

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

(Қар жауады,суық болады,жылы киінеміз,жаңа жыл болады,ақ қала жасаймыз)

Ғажайып сәт:

Қыс мезгілі туралы ақындар өлең-жырларын жасса,сазгерлер музыка жазады,ал,суретшілер сурет жазған.Олай болса,біз бүгін сурет көрмесіне барамыз.

2.Негізгі кезең

Балалар қараңдаршы айналамызда суреттер өте көп.

Мұндағы суреттердің барлығы әр түрлі заттармен салынған . Яғни бұл әдістерді біз дәстүрден тыс сурет салу деп атаймыз.

  • балалар бірінші суретте не бейнеленген ?

(Адам бейнесі)

- адам бейнесін бір сөзбен біз «Портрет» деп атайды екенбіз. Бұл суретті қарапайым қарандаштың көмегімен салған.

- ал енді екінші суретке назар аударыңдар , не көріп тұрмыз?

(Жемістер мен көкөністер)

- ал бұл суретте жемістерді екіге бөліп гуашь бояуының көмегімен бастыру тәсілі арқылы салған.

- үшінші суретімізде не бейнеленген?

(Қыс мезгілінің көрінісі бейнеленген)

  • бұл суретте сендер үнемі қолданатын ермексаздың көмегімен салынған.

Балалар сендер де осындай ерекше әдістер арқылы сурет салғыларың келе ме?

(Ия)

  • бәрекелді, балалар. Мен сендерді үш топқа бөлдім. Әр топқа әр түрлі тапсырмалар беремін.


  1. «Аққала» тобы : (Қыс мезгілінің көрінісін мақта таяқшаларының көмегімен салады)

Жұмыс барысы:Қағаз ортасындағы ағаш бұтақтарына мақта таяқшаларын ақ гуашьқа батыра отыра қардың суретін саламыз.

  1. «Ақшақар» тобы : (Суыққа төзімді Пингвин құсын картоптың көмегімен салады.)

Жұмыс барысы: Бір үлкен және кіші картоптың бөліндісін аламыз.ортасынан бөлінген үлкен картопты қара түсті бояуға, кіші картоп бөліндісін ақ бояуға батырамыз. Бірінші қағаз ортасына қара түсті бояулы картопты бастырамыз.Екінші кіші ақ бояулы картопты оның үстінен бастырамыз.Пингвиннің көзін,аяқ-қолдарын қылқаламның көмегімен саламыз.


  1. «Шырша» тобы :

Жұмыс барысы: Алдың ала қиылған аю бейнесін екінші қағаздың үстіне жұмсақ гупканың көмегімен бастырамыз.

Тапсырмаларды орындауға 7 мин беріледі.


- жарайсыңдар, балалар өз жұмыстарыңды аяқтасаңдар біздің сурет көрмесіне келіп ілсеңдер болады.

- ендеше балалар шаршаған болармыз бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Бір,екі,үш,

Бойымызға жинап күш,

Шынығамыз жастай біз.

Қимылды ойын:

Тірек-сызба сурет бойынша

Мынау кімдер? (Суретте көрсетілген қимылды орындайды)

Балалардың көңіл күйі қандай? (Эмоцияларын көрсетеді)

Қандай керемет сендердің суреттерің өте әдемі болды. Бүгінгі көрмеге қосқан үлестерің үшін мен сендерге сыйлық табыстаймын.

3 Рефлекция:

  • бүгінгі оқу қызметі ұнадыма?

  • бүгін біз қайда бардық?

  • қандай сурет салдық?

Балалар, біз сендермен бірге дәстүрден тыс сурет салудың түрлі тәсілдерін меңгердік.

Кері байланыс.

Егер ұнаса 2 рет қол соғамыз.

Ұнамаса аяқты тоқылдатамыз.

Күтілетін нәтижелер Жасайды: Дәстүрден тыс сурет салу тәсілдерін біледі.

Түсінеді: Бояуды толық тегіс жағуды түсінеді.

Қолданады: Кез – келген тұрмыстық затты қолданып,сурет салады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.07.2021
782
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12