Қыс қызығы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дағдыларды дамыту түрі: коммуникативтік, танымдық және зияткерлік, әлеуметтік-эмоцианалды, шығармашылық. Ұйымдастырылған іс-әрекет: Математика, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, сурет салу, құрастыру. Міндеттері: Шығарма мазмұнын қайталап айтуға, сюжет желісінің реттілігін сақтай білуге үйрету. -Сан есімдерді ретімен атауға дағдыландыру. -Ұжымдық әңгімеге қатысуға дағдыландыру. -Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету. -Заттарды бояуда сызбалармен бояуға үйрету. -Жұмысты ұқыпты, тиянақты жасауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дағдыларды дамыту түрі: коммуникативтік, танымдық және зияткерлік, әлеуметтік-эмоцианалды, шығармашылық.

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Математика, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, сурет салу, құрастыру.

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Міндеттері: Шығарма мазмұнын қайталап айтуға, сюжет желісінің реттілігін сақтай білуге үйрету.

-Сан есімдерді ретімен атауға дағдыландыру.

-Ұжымдық әңгімеге қатысуға дағдыландыру.

-Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету.

-Заттарды бояуда сызбалармен бояуға үйрету.

-Жұмысты ұқыпты, тиянақты жасауға үйрету

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, триз технологиясы, ойын технологиясы.

Көрнекі-құралдар: Қардың суреттері, магнит қаламдар, су құятын ыдыстар.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы.

Қонақтармен амандасу.

-Балалар, бүгін ерекше ашық ойын іс-әрекеті болады.

Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер жұмбақтың шешуін табуға дайынсыңдарма?

Жұмбақ

Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсын (қыс.)


- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Балалардың жауабы.

-Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

- Балалардың жауабы.

-Ендеше қарды қолымызбен ұстап көриік.

-Қарды алақанымызға салғанда ерідіме? Әлде қалпын сақтап қалдыма?

- Балалардың жауабы.

Балалар, қарды алақанымызға салғанда қар ериді. Себебі алақанмыз жылы.

-Түсі қандай?

- Балалардың жауабы.

-Қолымызға қарды ұстағанда салқынба?

- Балалардың жауабы.

Жарайсыңдар балалар. Енді біз зерттеу жұмысын жасаймыз.


Зерттеу жұмысы.

  • Балалар, менің қолымда екі ыдыс бар. Біріншісі көк сызықпен, екіншісі қызыл сызықпен белгіленген. Көк сызығы бар ыдысқа суық суды құямыз, ал қызыл сызығы бар ыдысқа ыстық суды құямыз да мұздатқышқа жарты сағатқа салып қоямыз. Қайсысы тез қатады екен ыстық су ма, суық су ма? Соны бақылап, зерттейміз.


  • Ыдыстағы су қатам дегенше біз «Қыс мезгілі қандай болады?» әңгімесін тыңдайық.

  • Балалар сендерге ертегі ұнадыма?

  • Балалардың жауабы.

  • Ертегі кейіпкерлерінің атын атайық

  • Балалардың жауабы.

  • Жарайсыңдар, балалар!

Ойын: «Қар құрастыру»

Шарты: Магнит таяқшаларының көмегімен бөлінген қарларды құрастыру.

  • Балалар ,біздің келесі жұмысымыз көк түсті қаламның көмегімен қардың бейнесін бояп шығарайық.

Ойын: «Таны да, ата»

Шарты: Балалар суреттерге қарап, термометрдің жан-жағына суық, ыстықты білдіретін заттарды ажыратып, атап қойып шығады.

Ойын: «Санамақ»

Шарты: Құтыдағы аққаланы санап шығу

Сергіту сәті

«Сағат тілін бұрау»

Ойын: «Кім тапқыр?»

Шарты: Құтының ішіндегі бейнені қолшамның көмегімен қандай бейне бар екенін табу керек.

Қорытынды.

-Бүгінгі ашық іс-әрекетінде қандай ертегіні тыңдадық?

  • Балалардың жауабы.

-Қандай ойындар ойнадық?

  • Балалардың жауабы.

-Балалар, бүгінгі ашық ойын іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.

Қонаққа келген апайлармен «Сау болыңыздар!» - деп қоштасайық







13 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы







Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

«Жұлдыз» аралас тобы



Тәрбиеші: Пірназарова Ш





Picture 1









2023-2024 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
81
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі